400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жел 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ №45

Күні: 20.02.2017ж

Сынып: 6

Тақырыбы: Жел

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жел және оның түрлері, желдің жылдамдығы мен бағыты жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді, топпен, жеке

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, жел туралы видео

Номенклатура: Евразия, Тынық мұхиты

Жаңа сөздер: Жел, бриз, муссон

Сабақтың кезеңдері:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Амандасу: 1 күлкі-бірімізге қарап күлеміз

2.Қол қысу-біріміздің қолымызды қысамз.3 Төс қағысу-төсімізбен қағысамыз

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

География пәнінен §26,29,30 бойынша арналған тапсырма

№

Сұрақтары

Иә

Жоқ

1

Жер шарын жан-жағынан біртұтас ауа қабығы –атмосфера қоршап жатыр.

+


2

Ауаның құрамы азот, оттегі


+

3

Газдардың ең маңыздысы –көмірқышқыл газы

+


4

Атмосфера қабаттары: тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты

+


5

Стратосферада ауа өте құрғақ

+


6

Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым дейді

+


7

Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал термометр


+

8

Ауа қысымының өлшем бірлігі мб

+


9

Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температуралардың айырмасын температура дейді


+

10

Ауаның температурасын термометрмен өлшейді

+



Оқушылар тапсырманы жазбаша орындайды. Сағат тілімен бірін-бірі бағалап, ең көп балл жинаған оқушыны анықтап, топтың көс басшысы етіп тағайындайды. Сайланған оқушы сабақ бойы белсене қатысқан оқушыларды қадағалап, сабақ соңында бағалайды.

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі


Оқушыларға дәптерлерін алып, беттеріне жақындатып желпулерін сұраймын.
Сұрақ: біз нені қозғап жатырмыз?
Жауап: ауаны
Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жылыған ауа жоғары көтеріліп, оның орнына салқын ауа төмен түседі. Ауа бір жерден екінші жерге ауысып, салқын немесе жылу алып барады. Ал жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз.

Ауа үнемі қозғалыста болып, бір жерден екінші жерге ауысып отырады.

Жел туралы видео ролик көрсетіледі


Оқушылар сурет бойынша айтуы керек. Мәтінмен танысу үш топқа бөліп беру, І-топ Жел қалай пайда болады? Желдің жылдамдығы мен бағытын анықтау

ІІ-топ.Желдің түрлері

ІІІ-топ Жел өрнегі және желдің маңызы

4.Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

Әрбір топқа мәтінде берілген бөлімдер бойынша талдау. Топтар бірін біріне сұрақтар қояды.

Сергіту сәті.
Жел улейді: у – у (қолдарын ауыздарына қойып жасайды)
Құйын келіп билейді: зу – зу (денелерін қимылдатады)
Қатты - қатты жел соқты: гу – гу (ерінмен)
Жапырақтар қол соқты: ду – ду (қолмен шапалақтаймыз)

Бөлінген бөлім бойынша постерлерін қорғау

5.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

-Жел дегеніміз не? (сұрақты ұстап ал әдісі дорба арқылы)

-Бриз қандай жел?

-Желдің пайда болуына не әсер етеді?

-Желдің бағыты дегеніміз не?

-Желдің жылдамдығын яғни күшін қандай құралмен өлшейді?

-Желді өлшеуіш өлшем бірлік қандай?

-Желдің пайдасы мен зияны қандай ?.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді

6.Сабақты қорытындылау кезеңі

Мұғалім сабақты қысқаша қорытып шығады. Мәтінде кездескен номенклатураларды атау. Рефлексия жаңа тақырып бойынша кім қаншалықты түсінді ілінген суреттерге стикерлер ілу

7.Бағалау кезеңі

Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады.

Бағаланады

8.Үйге тапсырма беру кезеңі

§34 оқу. Бір айлық жел өрнегін сызу. Желбағардың мүсінің жасап келу ғаламтор желісін пайдалана отырып.

Күнделіктеріне жазу




Мағжан Жумабаев «Жел»


Жел - тым тентек бір бала,
Жан сүйгені - cap дала,
Дамыл алмай жүгіред.
Ерні өтірік қыбырлап,
Сыр айтқан боп сыбырлап,
Кейде аң боп өкіред.
Желге еш нәрсе тең емес,
Тау да жолын бөгемес,
Сақ-сақ күліп секіред.
Жүйрік желім тым сотқар,
Біреу бетін жапса егер,
Әдейі бетке түкіред.
Мазасы жоқ жел ерке.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі