Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Жел энергетикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектебінде жұмыс істейтін мұғалімдер үшін қажет. жаңартылған білім мазмұны бойынша құрылған сабақ жоспары. Жұмыстың барлық түрі қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Жел энергетикасы

Күні: 12.11.18 Сыныбы: 6 «Б»

Мұғалімі: Урпебаева Г.О.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.5.1-тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау.

6.2.5.1- коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы диалогке қатысушылардың ойын толықтырады.

Көптеген оқушы есімдіктің түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар тірек сөздердің көмегімен тыңдалған мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Бағалау критерийлері

Желден алынатын энергия туралы білетінін айтады, сипаттайды, шағын мәтін құрап жазады. Тақырып бойынша сұхбат құрады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: жап-жарық, ылғи, жан, жылыт, жұмса.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер; желдің маңызы, желді аймақ, зор энергия.

Бастапқы білім

Электр энергиясын үнемдеудің пайдасы,оны тиімді қолданудың жолдары туралы біледі. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар ою арқылы біліп алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ынтықмақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылар парталас достарымен қазақша амандасады.

-Сәлем, достым! (амандасады).

-Қалың қалай? (иықтарынан қағады)

-Қалай демалдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым (қолдарын жүректеріне қояды)

-Қош келдің! (Қолдарын жаяды)

-Күніміз сәтті болсын! (құшақтайды)

Қызығушылығын ояту. «Кубизм» әдісін пайдаланып, оқушыларға тақырыпқа қатысты сұрақтар мен суреттер береді.Берілген сөздердің мағынасын анықтайды.

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады,аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

2-тапсырма. Кестедегі сөздерді тауып, мәтін құрайды.

3-тапсырма. Дереккөздерге сүйеніп, Қазақстандағы желді аймақтарды анықтайды, дәптерлеріне жазады.

4-тапсырма. Суреттің сабақ тақырыбына қатысын болжап айтады.

Тілдік бағдар. Мұғалім оқушыларға белгісіздік есімдігін меңгертеді.

Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді.

Белгісіздік есімдігі
Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. (А). Адамның кейбір кездері Көңілде алан басылса (А). Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде қолданылған. 
 
Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады. Мәтінмен жұмыс. 5-тапсырма. Көп нүктенің орнына белгісіздік есімдігін қойып, мәтінді көшіріп жазады.

6-тапсырма. Құрамында белгісіздік есімдіктері бар 2 мақал-мәтіл, 1 жұмбақ тауып айтыңдар.

егер  біреу  жолға  шықса

аман  барып, сау қайтасын.

шын  тілектес  дос  болса,

сол  тілеуді  күнде  айтасын.

Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?» (Керегін алу)

1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)

2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)

3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен,сен)

4.Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)


Сабақтың ортасы

6-тапсырма. Мәтінді оқып, конспект жазады.»Венн» диаграммасын толтырады.

Сергіту сәті. «Мен дайынмын»


Сабақтың соңы

10-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Бағалау. «Бағдаршам» тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Әр оқушыға бағдаршамның түстеріне сәйкес дөңгелектер таратылады. Оқушылардың осы дөңгелектерді көтеруі арқылы мұғалім өткен сабақты бағалай алады.

Қызыл – мен тығырықа тірелдім, ештеңе түсінбедім.

Сары – мен түсінемін, бірақ барлығын емес.

Жасыл – мен жақсы түсіндім, басқаға да түсіндіре аламын.


Кері байланыс. БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма. 8-тапсырма- жазбаша






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12