400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жел, желдің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. өзін-өзі тану піні мен география пәнінің интеграцияланған сабақ.Жел, желдің түрлері, пайдасы мен зияны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған география сабағының жоспары


Мектеп: «Жданов орта мектебі» ММ

Мерзімі 22.02.2017ж

Мұғалім: Ермұханова Т.А.

Сынып 6

Оқушылар саны 10

Тақырып: «Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары»

Сабақ түрі: Аралас сабағы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұқыптылық, әділеттілік

Сабақмақсаты: Оқушылардың жел, желдің түрлері туралы білімдерін кеңейту, дұрыс әрекет жасай білуге үйрету.


Міндеттері:

  • Білімділік: Жел,ауа массасы деген ұғымды қалыптастыру,желдің пайда болу себебін анықтау, желдердің,ауа массалардің түрлері жөнінде мәлімет беру.

  • Дамушылық: оқушылардың өз бетінше іздене білу қабілетін дамытып, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдық қарым-қатынас, әділеттілік, ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар: Слайдтар, әндер жинағы, түрлі –түсті қағаздардан жасалған суреттер, стикерлер, постер, жарты шарлар картасы, желбағар суреті

Күтілетін нәтиже:

Жел, оның түрлері, пайдасы туралы түсіну. Мәтінді толық талдай білу, өз пікірлерін еркін жеткізу, өз ойларын дәлелдей алу, тату болып, бірігіп істеген жұмыстың нәтижелі болатынын ұғыну.

Қолданылған модульдер: Топпен, жұппен, жеке жұмыс, кластер құру. Сабақта Cыни тұрғыдан ойлау, диалог арқылы оқыту, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру 2-мин

Оқушылармен  амандасу,  сабаққа психологиялық дайындық жасау.

5Т ЕРЕЖЕСІ

  1. ТӘРТІП

  2. ТАЛАП

  3. ТЫНЫШТЫҚ

  4. ТАЗАЛЫҚ

  5. ТАТУЛЫҚ

Сыртқы интеграция Тыңыштық сәті

1) Тыныштық сәті. «Су түбіне саяхат» (Жағымды жағдай туғызу.)

- Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Біз сіздермен теңіз түбіңе саяхатқа барамыз. Ақырындап орындарыңан тұрып, кабинеттен шығып,дәлізбен жүріп өтіп, далаға шығамыз. Қараңыздар алдарыңызда теңіз. Елестетіңіз, сіз теңіз жағалауымен келе жатырсыз. Жалаңаяқ жүріп, құмның жылуын сезіп келе жатырсыз. Теңізге қараңыздар, сіздер бір қара нүкте көріп тұрсыздар. Ол жақындаған кезде сіз ол қара нүктенің дельфин екенін көрдіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа апаруға келді. Дельфин ең адал жануар. Сіз ақырындап дельфиннің үстіне отырып, қатты ұстап алыңыз. Сізді дельфин ақырындап теңіздің түбіне жүзіп алып келе жатыр. Жан жағыңызға қараңыз, әр түрлі балықтар. Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып – қызыл балдырлар, сол жақтарыңызға қараңыздар сары, көк түсті балықтар. Сізді дельфин ақырындап осы балықтардың арасымен жүзіп алып келе жатыр. Қараңызшы алдыңызда сегізаяқ. Өзі сондай үлкен. Теңіз түбі қандай ғажап десеңізші. Теңіздің түбіндегі тыныштықты сезіндіңіз бе? Осы тыныштықта бір сәт отыра тұрыңыз. Енді артқа қайтуға дайындалыңыз. Дельфин сізді теңіздің бетіне алып келе жатыр. Теңіз бетіне шыққанда беттеріңізге самал желдің үрлеп тұрғанын сезіндіңіздер. Дельфин сізді теңіз жағалауына алып келді. Сіз ақырындап дельфиннен түсіп, оған өз ризашылықтарыңызды білдіріңіздер. Оны сипаңыздар. Жылы құммен ақырындап артқа жүріңіздер. Мектептің есігінен кіріп, өз кабинетімізге ораламыз. Өз орындарына отырыңыздар.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет

Миға шабуыл 1-мин

Жерде неше географиялық қабық бар? Біз үлкен жер қабығын оқып жатырмыз. Ол қандай жер қабығы? Дұрыс атмосфера, яғни ауа қабығы.

Топқа бөліну 2мин

Сыныпты 3 топқа бөліп отырғызу

Берілген сөздерді құрастыру арқылы топқа бөліну.

Атмосфера- ауа-райы, жауын-шашын, бұлт және тұман, атмосфералық қысым.

Гидросфера- мұхит,теңіз, өзен және көлдер, жерасты сулары, мұздықтар.

Литосфера- жер қыртысы, мантия, сыртқы, ішкі ядро.


1-топ: «Атмосфера»
2-топ: «Гидросфера»

3-топ: «Литосфера»


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 7-мин

Түрлі тапсырмалар

1 топ – кроссворд «Барометр»

1.     Судың сұйық күйден газ күйге өтуі.

2.     Жер шарын қоршап жатұан ауа қабығы.

3.     Ауа қысымын немен өлшейді?

4.     Тропосфера үстіндегі ауа қабаты.

5.     Ылғалдылық қандай құралмен өлшенеді?

6.     Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын не дейді?

7.     Ауа райын болжайтын станция.

8.     Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел.


2 топ – сәйкесін тап

Муссон                                             Желдің бағытын анықтайтын құрал

Желбағар                                          Атмосфераның екінші қабаты

Термометр                                        Стратосферадағы маңызды қабат

Озон қабаты                                      Жауын шашын түрі

Тропосфера                                       Жел

Гигрометр                                         Ауадағы газ

Оттегі                                                 Бұлт пайда болатын қабат

Стратосфера                                      Зиянды түтін

Шық                                                   Температураны өлшейтін құрал

Смог                                                   Ылғалдылықты өлшейтін құрал



3 топ – сиқырлы сандық «иә», «жоқ»

Мазмұны

Иә

Жоқ

Ауа кез келген жерде болады



Атмосфера басқа ғаламшарларда кездеседі



Жанартаулар оттегі бөледі



Жер бетінде бар тіршілік тропосфера қабатында



Тропосферада бұлт жауын шашын болмайды



Ауа құрамында азот, оттегі, тағы басқа газдар бар



Атмосфера метеориттердің жерге түсуінен қорғамайды




Топтар жұмыс жасағанша топбасшылар флипчартпен сәйкестіктіктерді табады.


ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

000000000000000000000000


Сергіту сәті. «Жел соқты»


Жаңа сабақ 3-мин

Жұмбақ шешу арқылы тақырыпты шығару, Жел дыбысын тыңдату,

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)

Жел

Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз.

Желдің пайда болуының негізгі себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы.

Жел көкжиектің қай жағынан соқса, солбағыттың атымен аталады, солтүстік желі, шығыс желі т.с.с. Желдің түрлері бар, адамға жағатын, ұнайтыны болады. Адамға зияны тиетін қатты, суық желдер де бар.

Ішкі интеграция - Рухани –адамгершілік тәрбие- Адамдардың да мінездері әр түрлі болып келеді. Мінезі сыпайы, биязы, ақкөңіл мінезді адамдар болады. Ондай адамдармен тіл табысу, дос болу жақсылыққа апарады. Кейбір адамдар ашуланшақ, шыдамсыз, дөрекі сөйлейтін адамдар болады. Ондай мінезді адамдармен сөйлесу, араласу қиындау болады. Ондай мінезді адамдар көпшілікке ұнай қоймайды. Сондықтан самал желдей есіп, ақылды, сыпайы болған дұрыс. Өмірде шыдамды, байсалды болуымыз керек.

Топтық жұмыс 7-мин

Постер қорғау

Атмосфера тобы  - Жел қалай пайда болады?

Гидросфера тобы – Желдің жылдамдығы мен бағытын анықтау

Литосфера тобы – Бриз және муссон желдері.


Әр топ өздеріне тиесілі берілген тапсырма бойынша өз ойларын, пікірлерін айтып  еңбектерін қорғайды.


1.Жел дегеніміз не? Ол қалай пайда болады?

2.Желдің жылдамдығы мен бағытын қалай аңықтайды?

3.Жергілікті желдер,олардың қысқаша сипаттамасы

4.Ауа массалары, оның типтері


Бағалау 2-мин

Бағалауды  келесі параметрлер бойынша топбасшылар  жүзеге асырады. (15 слайд)

Оқушының   аты- жөні

Өткен сабақ

Жаңа сабақ

Қорытынды баға





Сыртқы интеграция - Қосылып ән айту

«Ертегілер»


Үйге тапсырма

34 сабақты оқу, «Желдің пайдасы» эссе жазып келу.


Рефлексия 1-мин

Әр топқа топ басшылар – синквейн әдісі «Ауа», «Жер», «Су»

Ауа

Мөлдір, түссіз

Өзгереді, ластанады, көрінбейді,

Таза ауа денсаулыққа пайдалы

Атмосфера

Атмофера

Ескерту






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2071
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі