400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желбіре жеіс жалауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Желбіре жеңіс жалауы

Жүргізуші :

Қамықпаған қиындындықтан үрейден

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ –бақытты ұрпақ атанып

Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігерменен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуанышпен мерекенің бұлағы.

Құрметті ұстаздар мен балалар!Баршамызға белгілі 9мамыр 5жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап ,әділетті елімізге еңіс әкелген күн.Биыл міне ,сол жеңіске де 70 жыл толыпты.Бірақ, бізге-тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабамыздың ерлігін мәңгі ұмыттырмақ емес!Ерлер есімі –ел есінде мәңгілік сақталады.Қазір біздің балабақшамыздың балаларының Жеңіс күніне арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар.

Қ.Р ән ұраны орындалады .

Жүргізуші:

Қырық бірінші жылдың маусымы

Күндердің қауырт қиыны

Тарықты елдің базары

Соқты да соғыс құйыны

Орманда көкпен таласқан

Өксіді өмір, көк аспан

Қан жоса боп қара жер

Қақырап түті қара аспан

Көрініс «Жаралы солдаттар» (соғыс туралы музыка ойнап тұрады)

Тақпақтар «Балауса »тобы

1.Бұрт түнеріп аспанннан

Талмай көзден жас тамған

Түтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған

2. Бұлт торлады аспанды

Қара жер қанға ластанды

Зеңбірек атып жан жақтан

Осылай соғыс басталды

3.Отанға жаулар қаптады

Опасыз жаулар таптады

Қасиетті жер үшін

Қастерлеп батыр ел үшін

Әлия ,Мәншүк,Төлеген

Жаулардың көзін жойды олар

4.Сүйінші, халқым, сүйінші

Беліңді бекем буыншы

Жеңдік жауды күйрете

Жасасын той мереке

Көрініс .

Балдақты адам шығады.Қарсы алдынан немересін жеректеген әже шығады.


Немересі :-Әже,атайдың аяғы неге жоқ?




Әжесі :-Сен құрметте оны қарағым

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын

Еріккеннен ұстап жүрген жоқ

Қолтығындағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде

Ол жауға қарсы шапты

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты

Денесін оққа тәлкілеседе

Ер намысын қорғап қалды

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолында аяғын

Түсіндің бе, қарағым?

Жүргізуші:

Талай құс содан бері қайта оралды

Талай бақ әлемде қайта орнады

Соғыста өлгендер тек оралмайды

Тек ұрпақ оларды мәңгі еске алады.

-Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?

-Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегелдинов,Рахымжан Қошқарбаев.т.б

-Дұрыс айтасындар балалар,есімдері аңызға айналған ағаларымызды, аталарымызды,апаларымызды тарих бетінде «Батыр»деп жазып кетті.Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде ,ешқашан ұмытпақ емес.Олар еліміздің бақыты үшін ,ерлікпен қаза тапқан.Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алайық.

Жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай күні

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

(1 минут үнсіздік).

Жүргізуші:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем шуақ 9-мамыркүні

Айтшы кәне біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқпа көктемге сай келуі-дей келе «Балдырған» тобының «Өмір қандай тамаша» әніне кезек берейік.

Теңіздей тербетіле көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде -«Балауса тобының»биін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

Ортақ бізге бір Отан

Ортақ жердің байлығы

Еңбек ортақ жыр ортақ

Ортақ бізге барлығы-келесі кезекте «Балбөбек тобының»тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Жүргізуші :

Қазақстан елі қашаннанда жыр елі

Тарихында тұлғалар көп киелі

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді

Бір-бірімен тату тәтті тұрады

Бәрініңде Қазақстан тұрағы.-«Балауса »тобының әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші :

Жасасын жеңіс

Еңбегі барлық солдаттың

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар

Жалғап мың

Қаншама адам ерліктер

Жасап майданда

Қазақтың атын халықтың атын самғаттың-дей келе «Балдырған »тобының Катюша биіне кезек берейік.

Жүргізуші :

Қазақстан –менің елім

Қазақстан-менің жерім

Саған арнап айтылады

Әнім менің!-келесі кезекте «Балбөбек» тобының әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші :

Әйнегі күн ,шатыры аспан

Кең дала, төсі толқыған ән

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан Республикам менің«Балдырған» тобының тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Жүргізуші :

Бибітшілік құсы ақ көгершін

Биік ұшып самғасын

Тілегімді елге жайсын

Қанаттары талмасын-кезекті «Балдырған тобының» «Ақ көгершін»биіне береміз.

Жүргізуші :

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігерленген жақсылықтың құралы

Күрескердің арманымен ұраны

Қуанышпен мерекенің бұлағы-«Балауса » тобы «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші :

Елге қауіп төнбесін

Егестен адам өлмесін

Есен аман болайық

Енді соғыс болмасын

Өртенбесін туған ел

Шайқалмасын асқар бел-бүгінгі жеңіс күніне арналған ертенгілігіміз аяқталды ,хош сау болыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі