жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Желбире желтоксаннын жалауы
Желбіре Желтоқсанның жалауы!
Би: Асатаяқ
ОР: Аққогершін тобы қыздары.
Дана: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дінмұхаммед: Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,
Ақбоз аттың алдынан жанды үмітте.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке.
Аяжан: Елордам қазағымның төрі емес пе?
Әлемнің бар елімен тең емес пе.
Өзгеге өзімізді танытатын.
Елтаңбам Елбасының мөрі емес пе?
Тәрбиеші: Шайқалмасын
ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.
Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым!
Еліміз егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 26
жыл Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Біз Тәуелсіз
мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты жандармыз.
Тәубе.
Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол баршамызға бейбіт өмірде еркіндікті аңсаған ақниет, ақтілеу мен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі. Бүгінде Егемен ел болдық.Ежелгі қазақ жерінде Тәуелсіз жас Қазақстан көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.
Бірге: Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Мерекелік жылы лебізін тыңдау үшін Балабақша меңгерушісіне сөз береміз.
Тәрбиеші: Қуан халқым!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін Шарықтайық, шаттанайық,тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге
тойлайық!
Ән: Көк тудың желбірегені
Орындайтын: Жұмабай Дінмұхаммед
Әдеби монтаж.
Әміржан: Тәуелсіздік-бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік –шаттығы ғой жерімнің.
Қолға қонған бақ құсындай аялаған.
Басы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.
Айжан: Тәуелсіздік мерекесі
Мерей тойын тойлады.
Бүкіл халық жиналып,
Жылы лебіз жолдайды.
Бағжан: Биіктей бер , Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұрама.
Халық сіздей тұлғасын.
Аймереке: Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап бостандық сұрамағын,
Абылайдың жолымен алға басқан
Құтты болсын, Нұрлы жол Нұр ағаның.
Нұрхан: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті Халық деген данам бар.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Үлкен еңбекпен , құрбандықпен келді. 1986 жылы Алматы қаласында Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.
Ендеше Желтоқсан оқиғасынан көрініс көрейік.
Аймереке: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы: Распа, құлынымның өзін көрмесемде, хатын оқып мауқымды басайын.
Амансыздарма Анам, туған –туыс елім Менің нақақтан нақақ абақтыда отырғаныма сіздер сенесіздер деп ойлаймын.Жасақшыны ұрды дегенге сене көрмеңіздер. Иә, мен сiздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшiлiкпен бiрге. Алаңда жатақхана жанында Ұсқыны суық жасақшылардың қазақ жастарын ұрып-соғып , қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, қорлап жатқандарын көріп шыдамадым. Ереуліге қарулы деп менде қосылдым. Алаңға барғанымыз азаттықты аңсап іздеп барғанымыз.
Қазақтың бостандық алар күні алыс емес. Сеніңіздер.
/Жылып анасы/ Ұлым менің аман болсаң сенде бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтемін.
Қайраттың басынан өткен оқиға.
Үкім. Қазақ КСРО жоғары сотының сот мәжіліс залындағы ашық отырысында 1987 жылы 25 мамыры мен 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексі Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековты кінәлі деп таныды.
Екі сақшы ортаға Қайраттты алып шығады.
Қайрат сөзі.
Жіберіңдер мені, жіберіңдер.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!
Қош, аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!
Тәрбиеші; Тәуелсіздік
Еркіндігім,
Қасиетім,
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң.
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұлғауландық басқа елдің,
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің.
Уа, Еркіндік
Қош келдің.
Еліміздің Тәуелсіздігін аңсаған жастар еріккенен шыққан жоқ. Олар азаттықты аңсады. Еркіндікті аңсады. Жастар қозғалысы кеңестік жүйені әлсіретіп, қазақ халқын Тәуелсіздікке жақындатқан оқиға деп білеміз. Қайрат, Сабира, Ербол , Ләззәт сынды аға-апаларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды., біз олардың алдында бас иеміз.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын бір минут еске алайық.
Хор: Желтоқсан желі
Тақпақтар:
Ор. Ақкөгершін тобы
М.Нурасыл: Бірде шырқап , бірде төмен құлаған.
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады.
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
Айару: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен –кіші ағайындар бәріміз.
Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан.
Сіз біздердің бірімізде әніміз.
Жұбаныш: Ынтымағым биікке өрле,
Жаса жайна қазағым.
Жебіреп ұшқан байрағым.
Тәуелсіздік алған ел
Ата-бабам төккен тер.
Айлуна:Тәуелсіздік бақыты қой елімнің,
Тәуелсіздік –шаттығы ғой жерімнің
Қолға қонған бақ құсындай аялаған,
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімінің.
Али: Тәуелсіздік мерекесі
Мерей тойын тойлады.
Бүкіл халық жиналып,
Жылы лебіз жолдайды.
Жанель: Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,
Тоқтар менен Талғаттар шығарма еді,
Абай әнін ғарыштан қазақ айтып.
Әлем шырқап , қосылып тұрар ма еді.
Тәрбиеші: Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңылақ шахид кеткен.
Солардың құдіретті ой арманы,
Таңы боп Тәуелсіздік бізге жеткен.
Заманауи би :
Орындайтын: Бір топ бүлдіршіндер.
26 жыл Тәуелсіз Қазақстан осындай жаста. Әрине бұл аса көп емес бірақ соған қарамастан досымыз сүйсініп, дұшпанымыз күйінетін жарқын істерді тындара білдік.
Тақпақтар:
Айерке: Жеткен арман –жаса Тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Бекжан: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан, ел көтерер жер даңқын.
Президентім, Елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым ер халқым.
Б.Айша: Тәуелсіздік мерекесі
Мерей тойын тойлады.
Бүкіл халық жиналып,
Жылы лебіз жолдайды.
С.Аңсар: Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,
Ақбоз аттың алдынан жанды үмітте.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке.
Айман: Ынтымағым биікке өрле,
Жаса жайна қазағым.
Жебіреп ұшқан байрағым.
Тәуелсіздік алған ел
Ата-бабам төккен тер.
Нурсултан: Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным.
Ән: Отан
Ор: Әміржан.
Жансерік: Тәуелсіздік мерекесі
Мерей тойын тойлады.
Бүкіл халық жиналып,
Жылы лебіз жолдайды.
Хадиша: Шаттық нұры шашылыпзеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
М. Нурислам Аспан түстес туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз ел біледі.
Гимн де, Елтаңба да өзімдікі
Қара аспанды қай саяқ төндіреді.
Шынберген: Тәуелсіздік бақыты қой елімнің,
Тәуелсіздік –шаттығы ғой жерімнің
Қолға қонған бақ құсындай аялаған,
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімінің.
О. Нурасыл: : Ынтымағым биікке өрле,
Жаса жайна қазағым.
Жебіреп ұшқан байрағым.
Тәуелсіздік алған ел
Ата-бабам төккен тер.
Раян: Майданға шыққан батырлар,
Қаза тапқан ағалар.
Бәріне біз қарызбыз,
Мәңгілік еске аламыз
Ақниет: Туды ұстап тура жолға түсіріп
Жас отанның өмірінде түсініп.
Елім жерім деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасадың ау кісілік.
Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,
алыбым!
Үлгі бізге аталардың
ерлігі
Ұлағаты өнегесі
еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап
жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің
ертеңі
Тәуелсіз еліміздің әр таңы тек шаттық пен қуанышқа толы болсын. Балаларымыздың Тәуелсіз мемлекетімізге деген жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Балалар міне сендер Қазақстан жер шарына өздеріңнің жылы лебіздеріңді білдірдіңдер. Қазақстанымыз көркейіп гүлдене берсін.
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе - тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері -
дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
Ән: Қазақ елі
Ор: Дана мен Айлуна
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік,
ағайын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген