жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Желбіре, Жеңіс жалауы"
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Балалар адымдап жалаушамен «Защитники Отечества» әнімен кіріп би билейді.
Тәрбиеші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Иә, содан бері 72 бейбіт жыл артта қалды. Сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін балаларға сөз берейік
Жангир:
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс,
жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн
парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс
келген тоғызыншы мамырды.
Домбырада
саусақтары жаралы,
Жеңіс,
жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда
аңсағанда жас шағым,
Жеңіс
деген сөзден ләззат алады.
Дина: Мирное утро,
Солнечный свет
Нашей Победе
Даниел: Олл ветеранс уиш
Зэ дизиз мэй эвоид
Ю а стронг натс, джастнау
Энд уиз зэ викторидэй, грэндпадиа
Тәрбиеші:
Ардагерлерімізге рахмет, әлемде
бейбітшілік орнасын, согыс болмасын.
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы
Отан соғысына қатысқан батырларымыз
кімдер еді?
-Ә. Молдағұлова. М. Мәметова.
Б.Момышұлы т.б
- Дұрыс айтасыңдар,
балалар есімдері аңызға айналған
ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды,
тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың
ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес.
Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен
қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап,
әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа
түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр
уақытта естен шықпайды. Бүгін сол
жауынгерлер рухына бас иіп, 1
сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 минут үнсіздік). Есте
сақтаңыздар: ғасыр өтсін, жыл өтсін,
есте сақтаңыздар: енді ешқашан қайтып
келмпейтін жандарды.
Қ.Аружан:
Жер
мен көктің арасын,
Шарпығанда
қалың өрт.
Әлия
орыс қаласын,
Азат
етіп, болды мерт!
Ол
жеңісті көрген жоқ,
Келді
кейін азат күн.
Бірақ
мәңгі өлген жоқ,
Батыр
қызы қазақтың!
Айша:
Жаумен жалғыз алысты,
Түбінде
Мәншүк соғыстың
Бермеді
қолдан намысты,
Жүректі
қызы қазақтың.
Мәншүк
апай батыр қыз
Ардақтаймыз
атын біз.
Ұқсап
Мәншүк апайға,
Өсіп
келе жатырмыз.
Алан:
Қайтпаған дауылдан
Кек алған
жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы
Бауыржан.
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі
ауырған
Елінің намысын
Қорғаған
Бауыржа
Көрініс :
1 -бала танкмен : барлық жауымызды тез жеңу үшін мен танкіші болғым келеді. Мен машина айдауды үйренем, атуды да үйренем. Ал әзірге мына танкімен жүрем.
2 -бала: қолына ұшақ ұстап ортаға шығып келе жатады. Ал мен ұшақта ұшып батыр боламын. Қараңыздар ұшақта жау жүрек ұшқыш отыр, аспаннан өз елімді қорғаймын. Сен ештеңе түсінбейсін сол себептен ұшақта ұшпайсын.
Ортаға 2 қыз шығады.
1- бала: мында қыздар неге келе жатыр, соғыс алаңы қыздардың орны емес.
2 -бала: ей, соғыс алаңынан кетіңдер, сендер бізге ешқандай көмек көрсете алмайсыңдар.
1- қыз екі балаға жақындап. Қалай көмектесе алмаймыз мен мысалға медбикемін. Қарап тұрсам сен жаралы екенсің. Қане сенің жарақатыңды таңып берейін. Міне болды, енді сізге 10 күн госпитальда тынығу керек.
2-бала: бұл демалатын уақыт емес, мен ұшақпен соғысқа аттануым керек.
1- бала 2 қызға: мен түсінбей тұрмын, сен неге соғысқа қабылдаушыны алып келдің.
2- қыз: мен саған бір құпияны ашайын,мен хабаршымын. Маған штабтан келген құпия сөздерді ашып, саған карта сызып беремін. Сен бұл картаның көмегімен жарылғыш құралдардан аман қаласың. Штаптан жаңа тағы бір бұйрық келді. Сен бөлмеден өтіп бұрышқа барып тұр. Сол жерде турып жауларымызға танктен оқ жаудыруың керек.
1 бала: жоқ мен бұндай ойындарды ойнамаймын, бұндай бұйрықтарды орындамаймын.
2 -қыз: бұл жерде ешандай тәртіп жоқ, бұдан кейін бұлар өздерін қалай жігітпіз деп айта алады.
1 -қыз: дегенмен де біз жігеттерсіз өз жерімізді қорғай алмаймыз.
2- қыз: біз босқа оларды қорқытқан сияқтымыз, олар бізден қашып кеттіғо.
1- қыз: қане артынан барып оларды биге шақырайық.
Би: «Орыс биі КАТЮША»
Музыка әуенімен сарбаз келеді: Сәлеметсізберме балалар! Келе жатқан Жеңіс күні құтты болсын. Мағам ардагерлер басшылығы «Бақ-бақ» штабына тапсырма жеткізуді бұйырды. Мына хатта сендерге берілген тапсырмалар бар. Осы хатты сендерге тапсыруға рұқсат етіңіздер. (хатты беріп шығып кетеді)
Тәрбиеші: Қазір біз балаларымыздың өз отанын қорғайтын нағыз азамат болып өсіп келе жатқанына көз жеткіземіз. Ауыр соғыста сарбаздарымзға жеңу үшін, батылдық, ержүректілік қажет болды. Ал қазір біз сенердің тапқырлықтарыңды, жылдамдықтарыңды, есте сақтау қабілеттеріңізді тексереміз. Ардагерлеріміз беріп жіберген тапсырманы тыңдаңыздар.
Біздің әскер үлкен ол суда да құрлықта да жүреді, олар шекараны қорғайды, аты қалай? (балдар аттарын атайды)
Атракцион ойыны «Мұқият бол»
Балаларға 4 жалауша көрсетіледі: көк, қызыл, жасыл, сары.
Тәрбиеші: балалар мұқият болыңыдар егер мен көк жалауша көтерсем сендер жүзесіңдер, сары жалауша көтерсем ұшасыңдар, жасыл көтерсем секіресіңдер, қызыл көтерсем ура деп айқайлайсыңдар.
Тәрбиеші: 2 тапсырмада ардагерлеріміз соғыс туралы мақал -мәтел білесіңдерме соны сұрап жатыр.
Отанда
–опасызға орын жоқ
Ерлік –бірлікте
емес жүректе
Ерлік –тәрбиеден
туады
Үлкенді ізетте
Кішіні күзетте
көр
Тәрбиеші:
Қуантамыз
ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт
таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың
ұрпақтары – деп келесі кезекті әнге
берейік.
Ән: «Жеңіс күні»
Жүргізуші:
Фронтта
снарядтар жарылып, оқтар зулайды. Соғыс
даласында қалған жаралыларға жедел
көмек көрсетіліп, дәрігерлік пунктерге
жеткізу қажет. Сол көмекті медбикелер
орындайды.
Ойын:
«Ең жылдам медбике»
Екі
қыз - медбике. Оларға қарсы орындықта
жараланған жауынгерлер /ер балалар/
отырады.Белгі бойынша медбикелер
жаралыға дейін жүрелей жүгіріп, қолын
тез байлап, оны дәрігерлік пунктерге
/белгіленген орын/ апаруы керек.
Тәрбиеші:
Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен
нені болса көрем бірге
Қалайша
қабырғама батпас менің
Басына қатер
болды төнген күнге – дей отырып келесі
өлең жырларына берейік.
Альбина:
Арылтып жаудан жерімді
Табанға
жаншып өлімді.
Жеңіспен
желпіп өмірді
Оралды
ерлер көңілді.
Десеңдер
бұл қай күні
9
–шы Май күні
У.
Аружан:
Батыр бопты бабамыз,
Біздер,
әлі баламыз,
Күзетте
тұр тұрағы
Әскердегі
ағамыз.
Одан үлгі аламыз
Бізде сондай боламыз.
Дильназ: Зэ мэйхолидэй
Викторидэй
Макс зэ уоулкаунтри
Уэяауагрэндфазэ
Далида: Ю вэтиранснаугрэндпарэнтс
Ин зэ батлуоз ё финестауа
Конгратюлэйшнс он зэ Дэй оф зэ Холи Виктори
Тәрбиеші:
Балалар жер шары балаларының тілегі
не?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс
болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар
бір –бірімен тату, дос болсын!
- Дұрыс
айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы
балалардың тілегі осындай екен. Ендеше,
балалардың тілегіне би ұсынамыз.
Би: «Шарлармен»
Тәрбиеші:
72 жыл көктем таңы атқалы,
72 жыл шуақты
күн таратты әні
Есімде содан бері
қаншама рет
Ашылды Жеңіс күннің
парақтары.
Талай құс содан бері қайта
оралды
Талай бақ әлеміне қайта
оранды.
Соғыста өлгендер тек
оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады
әнді.
Олай
болса бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға
көп - көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген