Жеңіс күні
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
Қыз болса да намыс бермей қорғады.
1941 - 1945 ші жылдары
Адамдар өз елдерін қорғады.
Ал қазір бейбіт өмір басталды.
Ел қорғау адамзат үшін басты парыз
Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.
Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз
Сондықтанда бейбіт бола аламыз.
Майдангерлер
Махмұтбай
Әміреұлы
Қан майданның
жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен
зілі бар, наласы бар.
Арамызда
жүретін алшаң басып,
Ардагерлер
азайып барасыңдар.
Қастерлейді
халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде
сан жарық, сапарларың.
Қайран ерлер,
қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау
сиреп бұл күнде қатарларың.
Ерлік сүйген
еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде
жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген
салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ
өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған
жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді
аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық
дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе
сендердің қарап білер.
Дарқан мінез,
дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді,
жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда
жүретін алшаң басып,
Майдангерлер
азайып барасыңдар.
Ел үшін жанын қиған
батырлардың, өзегін өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі
жарыла шаттанған пенделердің тірегі болған қасиетті Отанымыз –
Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында
қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық
та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр
тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы
ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 70 жыл толды. Ұлы Жеңістің
ұмытылмайтыны сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла қоймайды.
«Ұлы Отан
соғысы»
ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде
Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды.
Сталин өз сөзінде «Ұлы» және
«Отан» деген сөздерді бөлек-бөлек,
бір-бірімен байланыстырмай
қолданды.
Желбіре, Жеңіс
жалауы!
1-жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты аталар,
апалар, ұстаздар
қонақтар! Жеңістің 72 жылдық
мерейтойына Желбіре, Жеңіс
жалауы! атты мерекелік концертіне қош
келдіңіздер
2-жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс
күні.
Жақсы үміттің шырағы жанды
міне!
Аспан бетін қаптаған қара
тұман
Серпіліп зұлымдықтың сөнді
түні!
3-жүргізуші:
Жаңғыртып әнмен аспан
кеңістігін,
Халқымыз қуанышта тегіс
бүгін,
Жауды жаншып, Отанды азат
еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс
күнін.
ҚР Әнұраны
орындалады
1-жүргізуші:
Ел үшін жанын қиған
батырлардың, өзегін өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі
жарыла шаттанған пенделердің тірегі болған қасиетті Отанымыз –
Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында
қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық
та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр
тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы
ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 72 жыл толды. Ұлы Жеңістің
ұмытылмайтыны сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла
қоймайды.
2-жүргізуші:
Иә, содан бері 72 бейбіт жыл
артта қалды. 1945 жылы 8- мамырда Берлинде фашистік Германия
жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал, 9- мамыр күні 1000 зеңбіректен
бұрын- соңды болмаған 30 дүркін салют атылды.
Міне, Жеңіс күні осылай келген
еді.
3-жүргізуші:
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Ән:
_______________________________________________________
1-жүргізуші:
Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен
де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа
ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын
қақты.
2-жүргізуші:
72 жыл бейбіт көктем таң
атқалы,
72 жыл шуақты күн таратты
әнін.
Елімде сонан бері 72
рет
Ашылды Жеңіс күннің
парақтары.
Талай құс содан бері қайта
оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.
Өлең жолдарын
оқиды:__________________________________________
________________________________________________________________
Ән_____________________________________________________________
1-жүргізуші:
Желбірейді бейбітшілік
жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың
қалауы.
Әлия мен Мәншүк апайларының
ерлігін мақтан тұтатын, мектебіміздің атын шығарып жүрген бишілер
тобын ортаға шақырамыз.
Би:
«Сарбаздар»
Ән: Жақсыбаева Айда
«Бәйге»
2-жүргізуші:
Бұл мереке – жанқияр ерліктің,
еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі
тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің
өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің
жемісі.
3-жүргізуші:
Уақыт алмасады, ұрпақтар
өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік,
жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Сол
себепте
7 мамыр - Отан қорғаушылар
күні болып биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның
тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің
мерекесіне айналды.
Ән: ___________________________________________________
__________________________________________________________
Би:
1-жүргізуші:
Барша халық жеңіс күнін
тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
2-
жүргізуші:
Осымен
Желбіре, Жеңіс жалауы! атты
концертіміз өз мәресіне жетті көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп
рахмет! Еліміздің іргесі берік, еңсесі
биік болсын!