400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желбіре жеңіс жалауы! Балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Желбіре жеңіс жалауы!

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, балаларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.


Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-ТМД елдері үшін үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті балабақша ұжымы кішкентай бүлдіршіндер! 9-мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына 74 жыл болса да, соғыс өрті шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Еліміз тыныш, бейбітшілік болсын деп «Жұлдыз» ортаңғы тобының дайындаған шағын «Желбіре жеңіс жалауы!» мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар.


Гимн: «Менің Қазақстаным»


1.Алтын күн аспаны, Менің елім, менің елім, 2.Ұрпаққа жол ашқан,

Алтын дән даласы, Гүлің болып егілемін, Кең байтақ жерім бар.

Ерліктің дастаны, Жырың болып төгілемін, елім! Бірлігі жарасқан,

Еліме қарашы! Туған жерім менің-Қазақстаным! Тәуелсіз елім бар.

Ежелден ер деген, Қарсы алған уақытты,

Даңқымыз шықты ғой. Мәңгілік досындай,

Намысын бермеген, Біздің ел бақытты,

Қазағым мықты ғой. Біздің ел осындай!


Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

Жеңіс күні туралы бүлдіршіндердің тақпақтарына береміз.


Азамат: Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

-Қуанышты мереке-

Жеңіс күні қай күн?-деп.


Әбілқайыр: Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

-Дұрыс,-десті,-сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де-

Жеңіс күні, шырағым!


Гаухар: Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.


Аяжан: Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»


1.Күн әдемі, көк әлемі, Әрқашан күн сөнбесін, 2.Айрылмас дос, айнымас дос,

Бұл суреті жас баланың. Аспаннан бұл төнбесін. Бейбіт өмір керек елге.

Ақ қағазға салған өзі, Қасымда болсын анам, Сұм соғысты, қан төгісті,

Жазылған бар сөзі. Болайын мен де аман. Болдырмаймыз сәби үшін.


Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова,

Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Хиуаз Доспанова т.б. жерлестеріміз аз емес.Ал, Рақымжан Қошқарбаев атамыз Рейхстагқа ту тіккен еді. «Ешкімде де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.


Жүргізуші: Ендеше, осы аға, апаларымыз туралы тақпақтарымызға кезек береміз.


Ақмарқын: Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды.


Н.Нұрхан: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.


Аягөз: Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк апа ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.


Дана: Біз еліктеп өсетін,

Батырларың кім десе?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.


Би: «Смуглянка»


Жүргізуші: Отан туралы тақпақтарға кезек береміз.


Жаннұр: Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман, тау даласымыз.


Айша: Отан-сенің, ата-анаң,

Отан досың бауырың.

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан, ауылың.


Рамазан: Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.


Жүргізуші: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпағының амандығын ойлайды.


Ән: «Ақкөгершін»


1.Ақкөгершін, көгершін, Ел тілегін алып ұш, 2.Сенен көзін алмайды,

Қолқанат құс сен едің. Адамзаттың бағына. Ақ ниетті бар адам.

Бар, кезіп қайт ел үшін, Қара бұлтты жарып ұш, Ақ қанатың талмайды,

Кең дүниенің көлемін. Мұхиттың арғы жағына. Әділеттен жаралған.

Әділеттің құсы деп. Тыныш бейбіт өмірдің,

Көз алмастан жолыңнан. Белгісі боп қанат қақ.

Бақыт болып қоншы деп, Әлемге ортақ көңілдің,

Ұшырамын қолымнан. Қайт шыңына қонақтап.


Жүргізуші: Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!


«Жұлдыз» ортаңғы тобы дайындаған «Желбіре жеңіс жалауы» ертеңгілігінің соңын Ибрахимнің орындауында «Мен қазақпын» әнімен аяқтаймыз.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі