400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЖЕЛБІРЕЙДІ ЖЕҢІС ТУЫ !

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек тәрбие сағат өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің

жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Әбілханова Сая Жұмагелдіқызы

Тәрбие сағат

Тақырыбы:ЖЕЛБІРЕЙДІ ЖЕҢІС ТУЫ !


Мақсаты: 

Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру. Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу. 


Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше боламыз

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсізбе деп амандасып аламыз

Тәрбиеші : 
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе силап қырдың гүлінен .

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып.

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерменен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Құрметті ұстаздар мен балалар!Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 72 жылдық мерей тойымен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн! Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды. 
Биыл міне, сол жеңіске де
72 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Қазір, біздің балалардың Жеңіс күніне арнап жаттаған тақпақтарына кезек берейік. 
С. Ибраһим: Отаным анамдай көремін
Озасың бәрінен білемін 
Желбіреп әрқашан көк туым 
Гүлденіп көркейіп өсемін 



Санжар: Арыстан батыр атымыз

Қыран құс құмай затымыз

Жауынгер жалын жасақтың

Арқалы азаматымыз

Шынар: Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз
 
Өйткені оны мекен еткен
 
Біздің ата-бабамыз!
 

Есет: Қызмет етіп отанға

Бола білсең нағыз ер

Мақтан тұтар ерлерді

Туған елің туған жер  
Нұрислам :
Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
 
Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға 
Жүргузіші: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. 

Жұлдызай: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі 
Әлия аты көңілде

Әпкеміз деп жүреді 

Малика: Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз

Ұқсап мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз
Жүргізуші :
Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер- азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні-түні еңбек даласында аянбай еңбек етті. 
Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, ауылымызда аналар жетерлік.

Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді. 

Видеоролик көрсету

Ернұр: Жаралғандай жалыннан, 
Жайсаң батыр Бауыржан
 
Естігенде есімін,
 
Жау есінен жаңылған.
 

Исмайл : Жеңіс келді ән болып! 
Келді ауылға сән болып
 
Жеңіс келді алақай
 
Тоя жейтін нан болып

Балауса : Нұр шашады алтын күн
Отанымда мереке

Қона берсін еліме

Бақыт шаттық береке

Мағжан: Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан ана отан үлкен

Қазақстан туған ел

Алтынбек: Асу бермес шын құздармыз

Жауларға қаһар ызғармыз

Қатер кеп төнсе халқыма

Қалқаны болар біз бармыз

Жүргізуші : 
Алаулап гүл тұрады 
Туған жер құлпырады
 
Бейбітшілік болса!
 
Түрленіп бақша, бағы 
Тірлік те жақсарады
 
Бейбітшілік болса!
 
Үйлер де құламайды
 
Ешкімде жыламайды
 
Бейбітшілік болса! Балалар болады аман Аналар болады аман Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған.
 

Хор : «Әрқашан күн сөнбесін!» 

К. Ибраһим: Отаным кең далам орманды

Болаттан соғылған қорғанды

Бақыттың шаттықтың мекені

Қолдаймын қорғаймын ордамды

Ясин: Атам отан қорғаған

Онда қорқақ болмаған

Алтын жұлдыз кеудеде

Нағыз батыр ол маған

Альфинур: Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені отан баласындай

Бізді өсірер аялап

Нұрасыл: Бейбітшілік болса

Туған жер құлпырады

Үйлерде құламайды

Ешкімде жыламайды

Асия: Жас ұрпақ тілегі

Бейбіт күн асқары

Ашық боп тұрсын де

Әлемнің аспаны


Би: Катюша

Жүргізуші : Балалар ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін деп аспанға бейбітшілік құстарын ұшырайық! Балалар қолдарындағы қағаз құстармен бұлғап тұрады. 
Жүргізуші: Балалар, біз аға-апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру- сіздердің және біздердің парызымыз! 
Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
 
Гүлдері ата-ананың солмасыншы
 
Жеңерміз қиындықты қайыспастан
 
Тек қана елге амандық орнасыншы

Бейбіт болып әрбір күніміз

Береке тола берсін жылымыз

Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп

Көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп құрметті ұстаздар және балалар осымен мерекелік тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі