400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Желбіре,Жеңіс жалауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Залдың іші мереке өтетін бөлме тағзым алаңы секілді безендіріледі. Балалар қолдарында гүл ұстап, жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады. Жүргізуші:Бүгін - Жеңіс күні. Бүгін тағзым алаңына жиналған баршаңызды, бүкіл Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Дәл осынау жадыраңқы, жай күні,-дей келе «Әдемі »ортаңғы тобының «Желбіре,Жеңіс жалауы!атты ертеңгілігімзге қош келдіңіздер!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Залдың іші мереке өтетін бөлме тағзым алаңы секілді безендіріледі. Балалар қолдарында гүл ұстап, жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады.

Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Жүргізуші:Бүгін - Жеңіс күні. Бүгін тағзым алаңына жиналған баршаңызды, бүкіл Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Дәл осынау жадыраңқы, жай күні,-дей келе «Әдемі

»ортаңғы тобының «Желбіре,Жеңіс жалауы!атты ертеңгілігімзге қош келдіңіздер!

Болса - дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны!

Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық..... (1 минут үнсіздік)

Жургізуші:Төрде майдангерлер құрметіне ескерткіш қойылған, мәңгілік от жанып тұр. Ортаға қартаң әже немересін жетектеп келеді де, мәңгілік отқа гүл шоқтарын қояды.

Немересі: Әже, біз қайда келдік?

Әже: Құлыным, бұл біздің бүгінгі бейіт өміріміз үшін Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған майдангерлерге тағзым алаңы.

Немересі: Мына отты кім жаққан? Ол қалай өшпейді?

Әже: Бұл отты Жеңістің арқасында жетілген жас ұрпақ жаққан. Елі үшін мерт болған ерлер ұрпағының есінде тұрғанда бұл от өшпек емес,бұл - мәңгілік алау. Батыр ата - әжелеріңнің есімдерін сендер де естеріңде сақтаңдар, ерліктерін үлгі тұтыңдар. Сендер есте сақтасаңдар,батырлар мәңгі жасайды, мәңгі жас қалыптарында саналарыңда өмір сүреді. Иә... дүние - ай, соғыс жанға салған жара әлі күнге дейін

күні кешегідей сыздайды, бірақ Жеңіске де 74 жыл толыпты - ау....

(Әңгімесінің аяғын өз - өзіне айтқандай болған әже біртіндеп шеттей немересін жетектей жылжиды)

Жүргізуші: Қош келдіңіз Әже!Төрлетіңіз,балаларымыздың сіздерге арналған ән мен билерін тамшалаңыз.



Бақытқа байтақ елді бөлегендер

Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Төлегендер

Солардың қасиетті ерлігімен

Құлпырып, шешек атып көгерген жер

Ән: «Солдат болам мен ертең!»

Жүргізуші: Қарлығаш тобының балаларының тақпағына кезек берейік

Әкежан:Жамылды жер тұманды

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмадау жау бірақ

Рамазан:Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып

Жау алдында тұрды олар

Жирма сегіз мың болып

Санжар:Тастар көкке атылды

Орман шулап тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ

Аяла:Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәіңгілік.







Кәусар:Барлық елдің бөбегі

Бір-біріне туысқан

Бәрімізге төгеді

Өз шуағын күміс таң.

Амина:Достық бізге тым ыстық

Бірлік-байлық ырыс құт.

Алихан:Жарқырасын күніміз

Жаса-жаса тыныштық.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар! Аталар сапқа шықпасын

Аналар қабақ шытпасын

Бақытқа жетіп бар адам

Сәбилер тыныш ұйқтасын!

(келесі кезекте би ұлдардың орындауында)

Би: «На полубе»

Жүргізуші: Сене бер енді ардагер

Көр - дағы ұрпақ туғанын

Келешек елдің жеңісін

Кімдердің қорғап тұрғанын!

Көрніс:Жеңіс күні(Музыкалық сүйемелдеумен)

Жүргізуші: Қарлығаш тобының балаларының тақпағына кезек берейік.

Айдария:Анамыздай тілеуі ақ

Отан бізде біреу-ақ

Ол біздің Қазақстан!







С.Айша:Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп

Қуанышты мереке

Жеңіс күні Қай күн?- деп.

Айбибі:Атамнан да сұрадым,

Апамнанда сұрадым.

Ағамнанда сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

-Дұрыс,-деді сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де-

Жеңіс күні шырағым!

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!Мың бұралған қыздардың орындауында би.

Би:Катюша

Жүргізуші: Енді ешқашан соғыс болмасын. Бөбектеріміз жыламасын. Көк туымыз көгімізде желбірей берсін!

Ән «Ел қорғауға әзірміз!»

Жүргізуші: Әркез болсын тыныштық

Тыныштық бізге тым ыстық

Көркейе берсін еліміз

Көбейе берсін ырыс - құт!



Бүгінгі «Желбіре,Жеңіс жалауы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңыздар. Тәуелсіз елімізде тек тыныштық болсын.Баршаңызға ризашылығымды білдіргім келеді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.07.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12