400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желідегі қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Желі қолданушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтауды біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

2-бөлім. Денсаулық және қауіпсіздік

Күні: 15.11.2018 ж

Сынып:8

Мектеп: №281 негізгі мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Қалабаев Мейрамбек

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Желідегі қауіпсіздік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1. Желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия)

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Желі қолданушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтауды біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Желі қолданушыларының қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз етуді біледі

Кейбір оқушылар:

Желі қолданушыларының қауіпсіздік ережелерін қолдануды біледі

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  • Желі қолданушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтауды біледі;

  • Желіде қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін қолданады

  • Желі қолданушыларының қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз етуді біледі;

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Компьютерлік вирус-компьютерный вирус-comuter virus;

Әлеуметтік желі-социальная сеть-social network;

Желідегі қауіпсіздік-сетевая безопасность-network security;

Кибербуллинг-cyberbulling;

Фишинг-phishing;

Интеллектуалды жекеменшік-интеллектуальная; собсвенность-intellectual property;

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

  • Фишинг деген..........?

  • Кибербуллинг дегеніміз...........?

  • Кез келген желі қолданушысы ... жекеменшік құқығын сақтау қажет

  • Поштаның құпия сөзі ... болған жөн

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Желіде қалай қауіпсіз жұмыс жасауға болады?

  • Компьютерлік вирустардан қорғану жолдары қандай?

Құндылықтарға баулу

  • Жеке жұмыс жасау кезінде өзгелердің пікіріне құрметпен қарауы;

  • Өмір бойы білім алу және тілдің біртұтастығы;

  • Оқушылар топпен жұмыс жасауда достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету, қарым-қатынас жасауы қалыптасады

Пәнаралық байланыс

Биология, ағылшын тілі, орыс тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Желі ұғымын және оны пайдалану жолдарын біледі



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

2 мин






Үй тапсырмасын сұрау

5 мин



















Топқа бөлу

2 мин
















Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал

ОShape1 қушылар бір-біріне лайк басып, бір сөйлеммен комментарий айтады. (оқушылар қолдарында жүрекше болады, соны бір-біріне береді)



Үй тапсырмасын тексеру

«Сәлемдеме» әдісі арқылы өткен сабақты сұрау (конверт ішінде сұрақтар жасырылады). Оқушылар конверт ішінен шыққан сұраққа жауап береді

  1. Компьютердің адам ағзасына тигізетін кері әсері қандай?

  2. Интернет желісінің адам психикасына әсері туралы айтып бер

  3. Неліктен компьютерде жұмыс аяқталысымен оны өшіру қажет?

  4. Не себепті компьютерде ұзақ уақыт отыратын адам остеохондоз ауруына шалдығады?


Қол шапалақтау

Тамаша!- үш рет шапалақтау

К еремет!-екі рет шапалақтайды

Жарайсың!-бір рет шапалақтайды


Оқушыларды топқа бөлу

Суреттер арқылы оқушылар топтастырылады (оқушыларға қима қағаздар таратылады)

1-тoп: «Әлеумeттік жeлілер» тoбы

2-тoп: «Антивируc» тoбы


«Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпты ашу

-Сіздерге берілген суреттен не байқадыңыздар?

-Оны не үшін қолданамыз? Кімде қандай пікір бар?

-Тағы қосатындарыңыз барма?

-Не себепті интернет желісін қолданушылар саны артып кетті?










Конверт






































Сабақтың ортасы

Топтыұқ жұмыс

7 мин



































2 мин














5мин
















12мин








Жаңа сабақ

«Ойлан-жұптас- бөліс» әдісі арқылы топта талқылайды, қорғайды.

Мәтінмен жұмыс

1-топ тапсырмасы: Желі қолданушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдары

Компьютерлік вирустардан қорғану әдістері:

-Өз компьютерлеріңде администратор емес, қолданушы режімінде жұмыс жасаңдар;

-Компьютерге тек лицензиясы бар программа орнатыңдар;

-Компьютерлеріңе антивирустық программаны міндетті түрде орнатыңдар;

-қоғамдық Wifi желісі арқылы құпия сөздерді, логиндерді ешкімге, ешқайда жібермеңдер

Фишинг-желіні қолданушылардың құпия сөздерін ұрлайтын жаңа қауіп-қатер түрі





.














2-топ тапсырмасы: Әлеуметтік желідегі және электронды поштамен қауіпсіз жұмыс жасау ережелері

Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері:

-Достар тізімін сұрыптаңдар.

-Өздерің туралы ақпаратты жариялауда шектеу қойыңдар

-танымайтын адаммен әдеппен сөйлесіңдер

-Электрондық поштаның құпия сөзі күрделі болған жөн

Күдікті адамдардан келген хаттарды ашпай, өшіріп тастаңдар;

Кибербуллинг-желі қолданушысына зәбір көрсету, агрессия, қорқыту мазмұнындағы хабарламалар жіберу





.













ЕShape4 Shape3 Shape2 кі жұлдыз бір ұсыныс


Терминдермен жұмыс

Оқушыларға терминдердің үш тілде айтылуын дауыстап айтқызамын.

Компьютерлік вирус-компьютерный вирус-comuter virus;

Әлеуметтік желі-социальная сеть-social network;

Желідегі қауіпсіздік-сетевая безопасность-network security;

Кибербуллинг-cyberbulling;

Фишинг-phishing;

Интеллектуалды жекеменшік-интеллектуальная; собсвенность-intellectual property;


Жұптық жұмыс

«Көршіңмен әңгімелес» әдісі

Оқушылар екі-екіден жұптасып, мәліметтерді тауып бір-біріне түсіндіреді.

Интернет іздеу сайттарын пайдаланып мына терминдерге түсініктеме беріңдер.

  • Кибербуллинг

  • Фишинг

  • Троллинг

  • Спам

Смайлик арқылы бағалау


Барлығы түсінікті

Жартылай түсіндім

Т үсінген жоқпын

Жеке тапсырма.


«Сиқырлы конверт» әдісі арқылы жеке тапсырма орындайды. Қызыл, сары, жасыл түсті конвертте тапсырмалар болады. Бірінші сары түсті конверттегі тапсырманы орындайды, оны болған оқушы жасыл түсті тапсырманы орындап,жасыл түстегі тапсырманы орындауға көшеді.

Shape7 Shape6 Shape5



А деңгейі

Бос орындарды толтыр:

  1. Кез келген желі қолданушысы ... жекеменшік құқығын сақтау қажет

  2. Біреуге зияны тиетін немесе ... ақпаратты жүктемеңдер.

  3. Браузерде «...» функциясын өшіріп тастаңдар

  4. Поштаның құпия сөзі ... болған жөн

  5. Достар тізімін сұрыптаңдар. Тізімде ... немесе ... адамдар болмаған жөн

  6. ...- радиосигналдар көмегімен желіге сымсыз қосылу технолгоиясы

В деңгейі

Төменде берілген әрекеттерді қауіпті және қауіпсіз деп топқа бөліңдер:

  1. Әлеуметтік желілерде өздеріңді сыпайы ұстау;

  2. Өз профильдеріңде шынайы аты-жөндеріңді, мекенжайларыңды, телефон нөмірлеріңді қою

  3. Күдікті хабарламаларды ашу, оларды жіберу;

  4. Желіде біреуді ренжіту;

  5. Өздерің жайлы ақпаратты жасыру;

  6. Антивирустық программаны жаңартып отыру;

  7. Агрессорға дөрекі сөз қайтару;

  8. Кез келген ұтыс ойындарына қатысу;


Қауіпті

Қауіпсіз









С деңгейі

Желіні қауіпсіз қолдану ережелерін басшылыққа ала отырып әлеуметтік желідегі өз профилдеріңді жасаңдар.


Дескриптор:

  • Желі қолданушы ережелерін біледі

  • Желіде қауіпсіз жұмыс жасай алады

  • Әлеуметтік желідегі өз профилдерін желіні қауіпсіз қолдану ережесіне сай жасай алады


Бағдаршам арқылы бағалау

Жасыл-Толық түсіндім

Сары- Жауабыма сенімді емеспін

Қызыл-Сұрақтарым бар
















Интербелсенді тақта














Интербелсенді тақта


































Сабақтың соңы

Қорытынды

2мин










































3мин

Жеке жұмыс

Тест жұмысы

Сабақты қорытындылау үшін ACTIVOTE бағдарламасы арқылы тест жұмысы алынады. (дайын жауабы арқылы)

  1. Фишинг – бұл...?

  1. Желілік алаяқтық

  2. Қарым-қатынас

  3. Спам

  4. Троллинг

2.виртуалдық қарым-қатынас тәсілі-бұл...

  1. Фишинг

  2. Кибербуллинг

  3. Троллинг

  4. Спам

3.Керексіз жарнамалық ақпаратты тарату... деп аталады

  1. Фишинг

  2. Кибербуллинг

  3. Троллинг

  4. Спам

  1. Электрондық коммуникация құралдарының көмегімен қорлау немесе қоқан-лоқы

  1. Фишинг

  2. Кибербуллинг

  3. Троллинг

  4. Спам

  1. Интернет желісіне өзің туралы ақпарат жазу қажет пе?

  1. Тек жалған ақпарат жазу керек

  2. Қажет емес

  3. Тек виртуалды достарыңа беру керек

  4. Қажет

  1. Сендер қаржы салынған хаттың тақырыбы және ірі ұтыс туралы белгісіз адамдардан электронды хат алдыңыздар. Жеке мәліметтеріңізді жіберуіңізді өтініпті. Сенің әрекетің

  1. Хатты ашасыңдар

  2. Мәліметтер жібересің

  3. Хатты жоясың

  4. Хатты достарыңа таратасың



Рефлексия «ШОЛИЕР табақшалары»

(білемін, түсінемін, қолданамын). Оқушылар бүгінгі сабақта не білді, не түсінді және оны алдағы уақытта қалай қолдана алтындығын

стикерлерге жазып табақшаларға салады.

Shape8 Shape9

ТҮСІНЕМІНН

БІЛЕМІН




Shape10

ҚОЛДАНАМЫН



Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу.

Оқулықтың 35 бетіндегі сәйкестендіру кестесін орындап келіңдер



Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдану көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін.

  • Жалпы тапсырмалар мазмұнын оқушылардың білім деңгейлеріне қарай жоспарлаймын

  • Оқулықтан және қосымша нұсқаулықтардан алынған дереккөздерді ықшамдап ұсынамын

  • Тапсырмаларды жылдам қарқынмен орындайтын оқушыларға қосымша тапсырма жоспарлаймын.

  • Диалогқа тарту немесе қолдау көрсету мақсатында оқушыларды ойланту үшін жетелеуші, түсіндірме сұрақтар қоямын

Барлық оқушыларға нұсқау бере отырып, өздерінің не түсінгеніне тапсырмаларды орындау барысында көз жеткізуге тырысамын

Бағалаудың түрлерін қолдану арқылы әрбір тапсырмадан соң оқушы жұмыстары бағаланып отырады

Әрбір тапсырмадан кейін бағалау жүргізіледі

  • Қол шапалақтау

  • Екі жұлдыз, бір ұсыныс

  • Смайлик арқылы бағалау

  • Бағдаршам арқылы бағалау

  • Сабақта оқушылар бір – бірінің жұмыстарына баға беріледі. Мұғалім бақылау жүргізеді, тапсырмалардың орындалу деңгейіне қарай оқушылармен кері байланыс орнатылады.



АКТ қолданған кезде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.

Белсенді оқыту әдістерін қолдану барысында бірін- бірі топта тыңдау, сыйластық таныту, бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу құндылықтарын назарда ұстаймын



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі