Материалдар / Желілік компоненттер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Желілік компоненттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Желілік компоненттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2024
37
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары №21


Сабақ тақырыбы

Желілік компоненттер


Модуль /пән атауы

Информатика


Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы


Күні



Курс, топ

1 курс


Сабақтың түрі

аралас


Міндеттер

1) жалпыға ортақ игіліктегі файлдарды (мәтіндік құжаттарды, күнтізбелерді, презентацияларды, электрондық кестелерді) пайдаланады, оларды қашықтан және бірлесіп өңдейді


Мақсаты

2)Бұлтты технологияларды қолдану.


Күтілетін нәтижелер

Бұлтты технологияның қызметтерін пайдалана алады. Ортақ пайдалану функциясының қызметтерін біледі.


Қажетті ресурстар және АКТ

11 сынып, Д.Н.Исабаева., Атамұра, 2020, интернет ресурс


Сабақтың барысы



Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы



  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік




Сәлемдесу. Түгендеу.

Өткен сабаққа шолу

Жұптық жұмыс

«Мені түсін» әдісі

Тақтаға бір оқушы шақырылады. Басқа оқушы оған тақтада жазылған сөзді түсіндіруі керек. Бұл кезде тақтадағы оқушы тақтада не жазылғанын көрмейді.


Сабақтың тақырыбын хабарлау, оқу нәтижесі және бағалау критерийлерімен таныстыру


(10 минут)

Білімді жаңарту

Сабақ барысында мультимедиялық подиумда өзімнің аккаумтым арқылы Google құжатты, Google кестені, Google формада қалай тест құруды және Google күнтізбені құру керектігін көрсетіп, түсіндіремін.

Және қосымша видеоролик көрсетемін




https://clck.ru/34mTwA






  1. Теориялық және практикалық



2.1. Алдын ала білім


20 мин


Жұптық жұмыс

1- тапсырма: (Компьютерлік ақпараттық сауаттылық )

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Қыздар асхана ашуға шешім қабылдады. Олар жұмысқа барлық керек-жарақтардың тізімін жасау керек, бірақ қыздардың қолы бос емес еді. Қыздар Аружаннан тізім жасауды өтінді. Ол ойланбастан қыздарға көмектесуге келісті. Аружан денсаулығына байланысты олардың қасында бола алмады. Аружан тізімді жасап, қыздарға жіберді. Бірақ қыздар кестеге түзетулер енгізе алмады.


  1. Неліктен қыздар түзетулер енгізе алмады. Аружан қандай қателік жіберді?


Асханаға қажетті жабдықтар кестесін құр және толтыр. Жабдықтардың соммасын E=G*D формуласы арқылы есепте.




Бекіту.

Бақылау жұмысы


(60 минут)

Топтық жұмыс

2-тапсырма:

«Квартет» әдісі

  • Берілген «Асхана дизайны» папкасының ішіндегі суреттерді қолданып, презентация жасаңдар

  1. Қосымша 1


Жеке жұмыс

3-тапсырма:

Google Calendar –жұмыс күнін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Кездесулерді ыңғайлы жоспарлауға, тиімді уақытты таңдау үшін достардың кестесімен оңай салыстыруға, сондай –ақ басқа пайдаланушылардың бос уақытын білуге немесе жоспарланған кездесулер туралы ақпаратты көре алатындай күнтізбеге қолжеткізе аламыз

  1. Берілген сілтеме арқылы «Туылған күн» күнтізбесіне өтіп, өз туған күндеріңді белгілеңдер https://clck.ru/34mJfK


  1. Г.И.Сал­ға­раева Л.А.Рса­ли­на А.Б.Есен­күл, Арман ПВ, 2020


Жеке тапсырма


Google формада информатика немесе тамақтандыру кәсіпорыны өндірісін ұйымдастыру пәніне 10 сұрақтан тұратын тест құрастыр.

Қосымша 2







«Бағдаршам» әдісі

Оқушылар өз білімдері бойынша түс таңдауы керек

Shape3 Shape2 Shape1

Бәрі түсінікті

Сұрақтарым бар

Тақырып түсініксіз


  1. Тақырып түсініксіз

  2. Сұрақтарым бар

  3. Бәрі түсінікті
























Бағалау парғы



Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • Бұлтты технологияларды қолдана алады.

  • Жалпыға ортақ игіліктегі файлдарды (мәтіндік құжаттарды, күнтізбелерді, презентацияларды, электрондық кестелерді) пайдаланады, оларды қашықтан және бірлесіп өңдей алады.

  • Бұлтты технологияның қызметтерін пайдалана алады. Ортақ пайдалану функциясының қызметтерін біледі.

Баға

«Жақсы»

70-89


  • Жалпыға ортақ игіліктегі файлдарды (мәтіндік құжаттарды, күнтізбелерді, презентацияларды, электрондық кестелерді) пайдаланады, оларды қашықтан және бірлесіп өңдей алады.

  • Бұлтты технологияларды қолдана алады.




Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • Бұлтты технологияның қызметтерін пайдалана алады. Ортақ пайдалану функциясының қызметтерін біледі.



Оқытушы___________________А. Шыңғысова
























Қосымша 1






Н.06.2-14 Басылым 3

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!