Тақырыбы. «Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие
жаршысы»
Мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі,
оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның
отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде
қалыптасуына, отбасының рөлінің маңыздылығы, оның париоттық
көзқарасы.
Міндеттері:
-үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін
қалыптастыру;
-өз отбасының тарихын
білу;
-сұранысты дамыту;
-балаларды моральдық тұрғыдан
дамыту;
-патриоттық және азаматтық тәрбиені
дамыту.
Сынып сағатының
түрі: тілдесу сағаты
Керекті
құралдар: интербелсенді тақта, «Отбасылық мерекелер»
тақырыбындағы бейнежазба, балалардың өздерінің отбасылық суреттері,
мақал-мәтелдер, үлестірмелі қағаздар (әр бала өзінің отбасындағы
портретін бейнелейді)
Тәрбие сағатының
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3
минут)
- Сәлемдесу, тәрбие сағатының мақсаты
түсіндіріледі.
- Сынып сағатына қатысушы әжелер мен аталарды
таныстыру.
ІІ. Мұғалімнің
сөзі:
- Барлық өнеге - отбасынан басталады. «Ұяда не
көрсе, ұшқанда соны ілер» деп , ата-бабаларымыз тегін айтпаса
керекті. Үйдегі тәрбие-баланың болашағына үлкен әсер етеді. Әр бала
–өз отбасының тарихын, ата-тегін біліп өсуге тиіс. Ата-ана өз
баласына адами қасиеттерді үйретіп отырады. «Әке-асқар тау, ана-
бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» дейді. Бүгінгі сынып сағатымызда
ата-ананың отбасындағы беретін тәрбиесінің қазіргі таңда өзекті
мәселе екені және әр баланың өз отбасындағы жеке тұлға болып
дамуына нені қажет ететіні туралы ой бөлісеміз. Қонаққа келген
ата-әжелеріміз отбасындағы тәрбие туралы әңгімелерін
айтады.
Тәрбие сағаты мынадай түрлерге
бөлінеді:
1) «Менің бақытты
отбасым» (әр бла ата-аналарымен бірігіп дайындаған
бейнежазбаларын көрсетіп, баяндайды)
2) «Отбасындағы менің
рөлім» тақырыбында балалар үлестірме қағаздарға өз
отбасының суреттерін салады.
3) «Отбасы -шағын
мемлекет» әр бала өз мемлекетінде сақталатын
құндылықтар жайлы ойларын шағын сөздермен жазып,
түсіндіреді.
4) «Жүректен-жүрекке» ( ата, әжелер өз ойларын
айтады)
5) «Жалғасын тап...» (мақал-мәтелдердің жалғасын
айту)
1-бөлім: «Менің бақытты
отбасым» (бейнежазбаларды қарау)
Мұғалімнің сөзі:
- «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім
алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани
азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты
мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың
саналы азамат болып қалыптасуында ата – ана мен мұғалімнің рөлі
зор. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып,
баланың әсершілдігін дамыту». Бала ата-анадан және өз ұстазынан
адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерді, қуаныш табуға
баулитын жақсы істерді үйренуге тиіс.
Ендеше, қазір отбасындағы болатын бақытты
күндерден жасалған бейнежазбаларды
тамашалаймыз.
2-бөлім: «Отбасындағы менің
рөлім»
3-бөлім: «Отбасы -шағын
мемлекет»
Мұғалімнің сөзі.
- «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық
шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С.
Макаренко айтқан екен. Баласын ата-ана отбасында жақсы тәрбиелеуге
, жаман іс-әрекеттен аулақ болуға үйретеді. Отьасы – шағын
мемлекет. Әр мемлекеттің өз президенті, министрлері болады.
Мемлекеттің барлық мүшелері отбасындағы құндылықтарды бірдей
сақтауға міндетті.
5-бөлім: «Жалғасын
тап...»
1.Атаңның баласы болма,....................... (
халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда
соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу
мазар)
4. Ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген
тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі –
бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі
жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк
артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар
көл)
Қорытынды: «Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең
тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген грек философы -
Эпикет. Бала - әр ата-ананың болашағы. Бала-ата-ананың
өмірінің жалғасы. Ендеше, өз өміріміздің болашағы болып саналатын
ұрпағымызды жақсы біліммен сусындатып, зайырлы еліміздің бақытты
балаларын мықты етіп тәрбиелей берейік. Еліміздің болашағы-жастар
деп, елбасымыз айтқандай, жарқын елдің- жас ұрпағына жақсы
тәлім-тәрбие берейік! Сау болыңыздар.