жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Желкенді кеме.
|
19-ұОқ. ЖЕЛКЕнді КЕмЕ (оригами техникасын пайдалана отырып көлемді аппликация жасау) |
мектеп/мұ: |
||||
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
||||
|
сынып/топ: |
қатысқандардың саны: |
қатыспағандардың саны: |
|||
|
ұОқ-нің оқыту мақсаттары |
0.1.1.3. Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру. 0.2.2.3. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию. 0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар). 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық тәрбиеленушілер: -оригами техникасын меңгеруге қатыса алады; -ойыншықтың тұтас бейнесін құрай алады; -қайшыны дұрыс ұстап, еркін пайдалана алады; -жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсай алады; -заттарды бүкіл парақ бетіне орналастыра алады. |
||||
|
Көптеген тәрбиеленушілер: -симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін суреті салынған немесе қиялдағы пішін бойынша сұлбаларды қиюға бейімделген; -бейнелерді қағаз бетіне жапсыруды алдымен ірі бөліктерінен бастап, кейін ұсақ, ерекше бөліктерімен толықтыра алады. |
|||||
|
Кейбір тәрбиеленушілер: -өзіне таныс әдісті өз бетінше үйлестіре алады. |
|||||
|
тілдік мақсаттар |
дағдыларды дамыту: -сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау; -жұмыс тәсілдері мен кезектілігі жөнінде айтып беру; -түпкі ойын түсіндіру; -жапсыру жөнінде ойларын ұсыну; -өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру; -қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау. Көптілділік: кеме – корабль – ship. |
||||
|
негізгі терминдер мен сөз тіркестері: -оригами техникасы, қағазды бүктеу, симметриялы пішіндер қию, кемелер. |
|||||
|
талқылауға арналған сұрақтар: Оригами дегеніміз не? Қағазды қалай дұрыс бүктеу керек? Оригами техникасына қайшы керек пе? Оригами үшін қандай қағазды қолдануға болады? |
|||||
|
Алдыңғы білім |
Оригами техникасында қарапайым пішіндерді жасай білу. Қайшымен қарапайым жұмыстарды орындау. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
і. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут |
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату. теңіз Тыным таппай толқындары жарысқан, Кейде тыныш, кейде дүлей айбынды. Кемелер мен шағалалар табысқан, Телегей су – алып теңіз айдыны. «Мынау надан адам екен» дегізбей, Білім алғын тереңдігі теңіздей. Е. Өтетілеуұлы |
Музыкалық сүйемелдеу. |
|||
|
II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою. 2–5 минут |
(ұ) Педагог тәрбиеленушілердің сабақта не істейтіндерін білген/ білмегенін сұрайды? Мақсат қою. Педагог балаларға жабдықтың – жұмыс парағының дайындығын тексеруді ұсынады: ластанбайтын төсем, қайшы, желім жаққыш, шүберек, түрлі-түсті қағаз, қоқыс салғыш. |
Кемелердің суреттері. |
|||
-
III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарап, онда не бейнеленгенін сұрайды. Кемені сипаттайды.
Қуаныш пен Айсұлу балаларды «оригами» түсінігімен таныстырады: оригами – бұл қайшы мен желімсіз, қағаздан жануарлардың, өсімдіктердің, құстардың, адамдардың пішіндерін бүктеп құрастыру.
Педагог балаларға жұмысты оригами техникасында рет- ретімен орындап, өзінің кемесін теңіз айдынына жіберуді, яғни кемені қағазға жапсыруды ұсынады. Бұл ретте жұмысты керек бөлшектермен толықтыруға болады.
(ұ) саусақтарға арналған
«Капитан» жаттығуы
Саусақтардың ұшын алға қарай бағыттап, алақандарды бірбіріне тақап, араларын сәл ашыңқыраймыз. Қайықтың толқындарда теңселгенін, одан кейін қолдардың тербелген қимылдарымен толқындарды көрсетеміз. Одан кейін аспанда ұшып жүрген шағаланы көрсетеміз. Ол үшін алақандарымыздың сыртқы жағын бірбіріне тақап, саусақтарды бұлғаймыз.
Алақандарымызды бірбіріне тақап, балықтың суда жүзіп жүргенін көрсетеміз.
Көк толқынды теңізде Мен ержүрек капитан, Аппақ бұлтты көк аспан Ақ шағала самғаған, Құстың даусы саңқылдап Көк теңізді паналап Балықтарды үркітіп Айналып келіп теңізді Саяхатшы-қаһарман Үйге келді дін аман!
(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.
Педагог тікелей үйрету әдісін қолданады. Жұмыстың реті барлық орындау кезеңдері көрсетілген сызбалар түрінде тақтада көрсетіледі.
Педагог балаларға қағазды ұқыпты бүктеп, бүгілген жерін алақанмен тегістеу керектігін еске салады.
Кеме жасау үшін бір парақ қағаз керек (А4 немесе кәдімгі альбом қағазы).
Парақты алып, оны ұзына бойы екіге бүктейді. Сосын тағы бір рет бүктеп, қайтадан жазады – бұл бүгу сызығын белгілеу үшін жасалады. Жоғарғы бұрыштарын бірінші кезеңде белгілеген сызыққа қарай бүгеді. Сосын төменгі шетін жоғары қарай жартылай бүгеді (оң не теріс жағынан).
Осыдан кейін төменгі бұрыштарын жоғарыға қарай 90 градусқа бүгеді. Сосын төменгі шетін екі жақтан соңына дейін бүгеді.
Ортасынан алып, бұйымды екі жағынан тартады. Шаршының төменгі шетін жоғарыға қарай бүгеді.
Енді қайтадан ортасынан алып, бұйымды екі жағынан тартады. Төменгі жағын бүгеді.
Енді бұрыштардың ұштарынан ұстап, бұйымды тартады. Кеме шықты.
Толқындарды қосыңыз. Әліппе-альбомда қию сызбасы берілген. Көгілдір түсті әзірлемелерден симметриялы емес пішінде бұлттар қиып алуға болады.
Альбомда композиция құрастырып, әзірлемелерді жапсырыңыз.
(ұ) қауіпсіз жұмыс ережелері.
Сабақ шеңберінде қайшымен және желіммен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салып отыру.
Әліппе-альбом.
Музыкалық сүйемелдеу.
Ақ қағаз парақтары (А4 пішімді).
Түрлі-түсті қағаз, жай қарындаштар, қайшы,
ПВА желімі (не желімді қарындаш), желім жаққыштар, сүрткіштер, клеенка.
IV. ұОқ
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.
Балалар бір-біріне қолдау
қорытындылау.
Педагог сабақты қорытындылайды. Жұмысты сәтті орындағандар
көрсетеді.
Рефлексия.
қол шапалақтасын. Сосын жұмыста қиналғандар қол
26–30 минут
шапалақтасын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген