400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жел,негізгі түрлері және себептері, ауа массалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жел,ауа массасы деген ұғымды қалыптастыру,желдің пайда болу себебін анықтау, желдердің,ауа массалардің түрлері жөнінде мәлімет беру. оқушылардың өз бетінше іздене білу қабілетін дамытып, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушыларды ұжымдық қарым-қатынас, ынтымақтастық, бірлікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

География 6 « А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жел,негізгі түрлері және себептері, ауа массалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жел,ауа массасы деген ұғымды қалыптастыру,желдің пайда болу себебін анықтау, желдердің,ауа массалардің түрлері жөнінде мәлімет беру. 
Дамушылық: оқушылардың өз бетінше іздене білу қабілетін дамытып, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдық қарым-қатынас, ынтымақтастық, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың нәтижесі:
Білу: желдің,ауа массалардың түрлерін атайды
Түсіну: желдің пайда болу себебін түсіндіреді
Қолдану: бар білімдерін кластер құрастыруда пайдаланады
Талдау: ауа массаларын салыстырады,ажыратады
Бағалау: желдің пайда болу себебін анықтайды. Желдің маңызы,зияны туралы өз пікірін білдіреді
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топпен, жұппен, жеке жұмыс, кластер құру. Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі: Cыни тұрғыдан ойлау, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, слайдтар,электрондық оқулық, атлас.


Сабақтың барысы: 
I Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық тренинг

II.Үй жұмысын тексеру: Шаттық шеңбері.Топтық жұмыс. сұрақ –жауап \әр оқушы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды\.

III. Жаңа сабақ:

Ой қозғау--жел туралы жұмбақ:
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел) 
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)

Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірге қою.(2мин)
Түсіну: желдің пайда болу себебін түсіндіреді

Электрондық оқулық бойынша жел дегеніміз не екенін тыңдайды

1. Тапсырма. Кластер(постер) құрастыру:
1топ-
Жел дегеніміз не? Ол қалай пайда болады?
Жергілікті желдер,
бриз ,муссондық желдер олардың қысқаша сипаттамасы
2топ-Ауа массалары, оның типтері, олардың қысқаша сипаттамасы

Тапсырма:әр топ желдің маңызы, зияны туралы өз ойларын ортаға салу,


2.тапсырма:Топтық жұмыс:
Иа,жоқ:
1.
Желбағар - желдің бағытын анықтайтын құрал иа, жоқ
2.Судың горизонталь бағытында қозғалуын-жел дейміз
иа, жоқ
3.Бриз бағытын жыл ішінде ауыстырады иа
жоқ
4.Арктикалық ауа массалары ыстық болып келеді иа жоқ
5.Муссон құрлық пен теңіздің арасында соғады иа жоқ


IV. Жаңа сабақты қорытындылау: 3-тапсырма:
Географиялық диктант(жеке жұмыс): 
1.Бриз сөзі......................................................деген мағына береді
2.Ауаның горизинталь бағытта қозғалуын не ....... .........................деп аталады?
3........................................бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін желдер.
4.Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел........................................
5.Желдің жылдамдығы мен бағытын .................................... ............ құралмен өлшейді
6.Ауа массалары негізгі неше.............................топқа бөлінеді?
7.Ауа массалардың түрлері........................................................................
8.Желдің пайда болу себебі..............................................
9.Желбағар жер бетінен қандай биіктікте болу керек................................?
10.Желдің жылдамдығын немен есептейді..................................?













Дұрыс жауабы беріліп, өз-өзін бағалау парағы бойынша өз жұмысын бағалайды:
Географиялық диктант(жеке жұмыс): 
1.Бриз сөзі.............
Жеңіл жел.......деген мағына береді
2.Ауаның горизинталь бағытта қозғалуын не
.....Жел.. ... деп аталады?
3
.....Бриз.......бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін желдер.
4.Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел...
Муссон.....................................
5.Желдің жылдамдығы мен бағытын ....
Желбағар................. құралмен өлшейді
6.Ауа массалары негізгі неше.......
4....... топқа бөлінеді?
7.Ауа массалардың түрлері....
Экваторлық,тропиктік,қоныржай,арктикалық
8.Желдің пайда болу себебі..
ауа қысымының жер бетіңде әркелкі таралуы.........................................
9.Желбағар жер бетінен қандай биіктікте болу керек....10-12метр............................?
10.Желдің жылдамдығын немен есептейді...М/СЕК...............................?

1-2дұрыс жауап- «1»
3-4 дұрыс жауап- «2»
5-6 дұрыс жауап- «3»
7-8 дұрыс жауап- «4»
9-10 дұрыс жауап- «5»

V. Жаңа сабақты бекіту. Кері байланыс: 
Бүгінгі сабақтан нені біле алдыңыз?
Бүгінгі сабақта не қызықтырды?
Бүгінгі сабақта не қиын болды?
Қандай ұсынысыңыз бар?


VI. Үйге тапсырма : §34,35 Желдің күшін пайдалану жобасын жасаңдар 

VII. Бағалау : Оқушылар сабаққа қатысуына қарай бағаланады. Бағалау парағы

Ілмектер







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
1136
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі