Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы
«Ш. Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі
2 сынып оқушыларына арналған іс-шара
Бастауыш сынып мұғалімі: Дуйсенбиева Кулсин Асылқызы
Тақырыбы: «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету; оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі: Қазақ елі рәміздері, нақыл сөздер, слайдтар
Сабақтың барысы:
Сабақты Қазақстан Республикасының Гимнімен бастау.
Кіріспе сөз.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Сіздерді Тәуелсіздіктің жылдық мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік - қасиетің, құнарың,
Тәуелсіздік - жарқыраған шынарың
Тәуелсіздік - бар бақыттың бастауы
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның.
1-жүргізуші:
1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы, бақыттың басы еді. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, оларға тағзым ету парызымыз.
2-жүргізуші:
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас өркені халқымның.
1-оқушы:
Желтоқсанда үзілген жас буындар
Елін, жерін қорғады, ұмытпаңдар
Ұмытылмас мәңгілік батырларды
Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.
2-оқушы:
Батыр аға-апалар ұран еткен
Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен
Қазақстан тәуелсіз ел болғанда
Қайрат, Ләззат, Сәбира қанын төккен.
3-оқушы:
Қазақстан
Қазақстан елім бар мақтанарым
Қазақстан жерім бар шаттанарым
Көк аспанда желбіреп көк байрағым
Туып өскен жерімді мақтағаным.
4-оқушы:
Туған жер деп лүпілдеген жүректерді
Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен
Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем
Әр ұлттың өкілдері пана еткен.
5-оқушы:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн!
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн!
6-оқушы:
Жасай берсін Ұлы күн,
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп атаның
7-оқушы:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
8- оқушы:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
1-жүргізуші:
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты, жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.
2-жүргізуші:
Азат рухты мен шын сүйем,
Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием,
Жақсы күнге жете алмай шаһит болған,
Желтоқсан құрбанына басымды ием.
Хор. «Жас ұландар» әні
«Жас ұлан» әні
1. Біз ұланы қазақ елінің,
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Жа ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абыройын,
Асқақтатып әлемге,
Нық ұстайық, байрағын.
2. Көп білуге ұмтыламыз,
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс,
Жетелейді бізді алға.
1-жүргізуші.
Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.
2-жүргізуші:
-Иә, Қазақстан-Тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді.

Оқушыларға бейнебаян көрсету
https://youtu.be/Q1dmPb2mv0w?si=VjO51mb97PsSLGSE
Асылбек Еңсеповтың күйі «Будашкин» (бишілер тобы)
Сайлаубек Айзере «Қазақстан байрағы»
«Тәуелсіздік монументі» Сартай Алинұр орындайды.
Би. «Алға, Қазақстан» Ұлдар биі
Хор «Қазақстан»
әні, сөзі:Руслан Мамытовтікі
1. Кең көсілген жерім бар.
Айдын шалқар көлім бар.
Адамдары ақ-пейіл,
Қазақ деген елім бар.
«Қазақ» асыл тегім бар,
Батырым мен бегім бар.
Біз-Тәуелсіз, ұлы елміз,
Болашақтан сенім бар.
Қайырмасы :
Қазақстан! Қазақстан!
Тәуелсіз ел бақытты!
Қазақстан! Қазақстан!
Тәуелсіз жер бақытты!
2. Ән-ұран боп әніміз,
Оңнан атты таңымыз.
Қазақ болып туылған
Сая тапты жанымыз
Алдан шығып бағымыз
Жеке болды тағымыз
Елтаңба мен көк туды
Қастерлейік бәріміз.
1-жүргізуші
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Жүргізушілер: Ал құрметті қонақтар, осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сіздерге тағы да мейрамдарыңыз құтты болсын! Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз