400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Желтоқсан- тәуелсіздік бастауы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарын құруға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Желтоқсан- тәуелсіздік бастауы»

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Барысы:Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер!№2 Ш Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушылары дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні.
2 - жүргізуші:
 - Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын! 
1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
2 - жүргізуші:

Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.

1 - жүргізуші:

Би: Көңіл толкыны ортада 7сынып оқушыларының мың бұралган қыздар тобы

2 - жүргізуші:

Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім! 
1 - жүргізуші:
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. 

2 - жүргізуші:

Ортада 7 сынып оқушысы Жарылқапұлы Дәнекр «Адай» күйімен

1 - жүргізуші:

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай азап.

2 - жүргізуші:

7 сынып оқушысы Шәріпхан Қуаныштың орындауында «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші:
 - Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2-жүргізуші:

- 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.

1 - жүргізуші:

 Көрініс «Тәуелсіздік алаңы»

1 - жүргізуші:
Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді Отан – қыранымыз.
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,
Рақым ет» - дер Абай айтқан ұранымыз.
2 - жүргізуші:
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!
Қасиет кие дарыған, ұланың да жасасын!
Қанатынан қайрылып, қыл арқаннан майрылып,
Қонақ тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.

1 - жүргізуші:

Күй Ережеп Күнсұлу «
2-жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

1 - жүргізуші:

7 в сынып жетекшісі Амиркулова Улбосыннын орындауында ән «Желтоксан желі ызғарлы»
1 - жүргізуші:
Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарың.
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның.
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның!

2 - жүргізуші:
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы» атты әдеби музыкалық ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!





№2 Ш Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы:

«Желтоқсан- тәуелсіздік бастауы»



7 «Б» сыныбы



Сынып жетекші: А Танкубаева









№2 Ш Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мәлімет

Күні: Қатысқаны:



16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күніне орай 7 сынып оқушыларымен «Желтоқсан- тәуелсіздік бастауы»

атты сынып сағаты өткізілді. Оған барлық сыныптағы оқушылар қатысты.



Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету арқылы

отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде еліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер


Іс-шара ҚР әнұранымен басталды. 1986жылы болған Желтоқан оқиғасына шолу жасап. Іс – шараға келген қонақтардан ғибратты әнгімелер тындады, оқушылар өнерлерін көрсетті, Қыздар «Көніл толқыны» биін билеп, «Адай» күйін домбырамен шертіп, «Мен қазақпын» әнін шырқап, Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлең жолдарын жатқа мәнерлеп оқыды. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Айттым сәлем Қаламқас» әуенін қобызбен сүйемелдеп, «Желтоқсан желі ызғарлы» әнімен тамамдалды. Оқушылар ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе біліп, белсенділік танытты.



Сынып жетекшісі: Танкубаева А





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі