жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Желтоқсан алауы - тәуелсіздік бастауы
Желтоқсан алауы — тәуелсіздік бастауы
Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсандағы қанды оқиғаның болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, сахнада өзін ұстау мәдениетін үйрету, логикалық қабілетін байыту.
Тәрбиелік: Отан-Ананы құрметтеуге, ұлтжанды болуға, тәуелсіздік үшін күрескен батырларды әрдайым есте сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: Сахналық және ресми бейімдері.
Көрнекіліктер: Қабырға газеттер, ұран сөздер, бүкгемелер, желтоқсан қаһармандарының суреттері.
Барысы:
Қазақстанның әнұраны орындалады. Осы сәтте Қазақстан туын әскери тәртіппен екі оқушы сахнага алып шығады.
Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған "Желтоқсан алауы - тәуелсіздік бастауы" деген тәрбие сағатына қош келіпсіздер демекпін.
Желтоқсан оқиғасы әркімнің жадында, тарихи ғасыр жылнамасында мәңгілік жазылып қалды.
Өйткені ол дүниені дүр сілкіндірді. Еркіндікпен тендікті талап еткен ел ұлдарының, жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді. Өйткені бұл империялық үстемдікке қарсы бетте-бет келіп, наразылық көрсетудің айқын көрінісі еді.
Кеңестік идеология оларды аяусыз қырып, ұрып-соғып, азап шектірді. Жазықсыз жәбірледі. Ләззат, Сәбира, Қайрат, Ербол сияқты бірнеше қызғалдақтар қыршынынан қиылып та кетті.
Бірақ тарихи шындық уақыттың өз түлектерінің зор тұлғасын танытты.
Қазақ жастарының үстемдікке қарсы бас көтеруі мен қозғалысының дүмпуі алып держава КСРО-ның ыдырауына әкеп соқты. Біздің жоғалтқанымыз, ең асылымыз — тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікгі іздеп, соқпақпен де, сүрлеумен де жүрдік. Кейде жолға түскендей боддық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осыдан 17 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды.
Тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді. Жол керек, жол серігі керек, жол бастайтын көсем керек. Халқымыз үшін аса зор тарихи ұлы оқиға 1991 жылы желтоқсаннның 16-да Қазақстанда республиканың мемлекеттік тәуелсіздік жөнінде Конституциялық заңның қабылдануы еді. Заңда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің негізгі принциптері белгіленді. Олар заңның кіріспе бөлімі мен жеті тарауыңца жан-жақты анықталған.
Көрініс: "Картадан басталған әңгіме"
1-оқушы Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Бүл жолда қазақ халқы алапат шығындарға үшырады, сан мындаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, зиялы қауымын жоғалтты. Бірақ түптің түбінде аңсаған арманға қол жетті. Қазақстанның жаһандық қоғамдастыққа төте еніп, оның белсенді бір мүшесіне айналуы қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды. Халқымыз ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды.
2-оқушы: Қазақстанда соңғы 17 жыл ішінде көптеген ауқымды, әрі ұтымды істер атқарылды. Мемлекет нышандары өзгерді. Өз теңгеміз дүниеге келді. Тарихымызды жаңғыртып, үміт қылған оқиғаларды, зиялы есімдерді қалпына келтірдік. Конституциямыз қабылданды. Мемлекеттік оқу орындары ашылды.
Қазақстанды, оның президентін бүкіл әлем танитын болды. Қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, мораль қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта мүмкіндігін берді. Кеңес заманында шетел асқан қандастарымыздың атажұрттарына оралуына жол ашылды. Мемлекетіміз басқа мемлекеттермен терезесі тең іргелі болды.
3-оқушы: Қыстырмады оны ешкім құлағына,
Қарамады көз жастың бұлауына.
Темір жасақ тепкішін империя
Қантөгістің жол берді лаңына.
Шаштан сүйрер жазықсыз бұрымдарды,
Бет ауыздар бейнесіз жырымдалды.
Көшелерге шығуға орын болмай,
Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды.
Ұмыта алмас қазағым тылсыздарды,
Тәуелсіздік табынар бүршік жарды.
Желтоқсанның ызғары-ай дірдекгеткен,
Еске алам мен кешегі қыршындарды.
4-оқушы: Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі,
Ақша қар бұл қыстың нағыз сәні еді.
Туған жерге қонып жатыр үміттер,
Сол үміттер жырға мені бөледі.
Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі,
Ақ ұлпалар бетті аймалап өбеді.
Қойнауына еніп кеткен тарихтың,
Оқиғалар ойға еріксіз келеді.
5-оқушы: Жастық жырын желтоқсанда самғаттым,
Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың.
Егеменді ел боп алдың бүгінде,
Рухына бас иемін Қайраттың.
Қан төгілді қара жерге қаншама,
Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа.
Егеменді ел боп алдың бүгіңде,
Қуанышым менің мәңгі тарқама!
6-окушы: Желтоқсаңды өте алмаймыз айналып,
Тәуелсіздік алдың соны қорғайсың.
Желтоқсанда түңғыш рет тарихты,
Жеке ел боп президентті сайладың.
Ел егемендік алды. Туған ел тәуелсіздікке қол жеткізді.
Содан бері 17 жыл уақыт өтті. Қазақтың қайсар жастарының бұл өшпес ерлігі әлемге паш етілді. Тарихи бағасын алды.
7-оқушы: Жастық деген от дейміз, жалын дейміз,
Жастық дейміз, бөгетсіз арын дейміз.
Қастерлейміз төбеге ту көтеріп,
Шабыт дейміз, тұңғиық дарын дейміз.
Жастыққа тән ақкөңіл аңғалдығың,
Күнге шығып жүреді айға шығып,
Кеудесіне сыймаған арман мұңын.
8-оқушы: Белгісі ғой әркімге бұрындағы,
Қозғау түсті ұлыңа түғырдағы.
Ақиқатты ар үшін намыстылар,
Жаңа аланда жар салды, шырылдады.
Ақын болып ғасырларға енгенбіз,
Батыр болып талай сынды жеңгенбіз,
Ұсынарға паш ететін әр ұлттың,
Танылды ғой дүниеге теңгеміз. Хор: "Желтоқсан желі"
Жүргізуші: Қазақ жастары ереулі қазақ халқының ерлік, жауынгерлік рухының жоғалмағанын көрсетті. Сол желтоқсанның ұшқыны отқа айналып, алып империя — Кеңестер Одағы құрдымға кетіп, 1991 жылы 16 желтоқсандағы Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға тың қадам басты.
Ән: "Менің Қазақстаным "
9-оқушы: Қазақ елінің рәміздеріне - оның Туы, Елтаңбасы, асқақты да, әулетті Әнүраны жатады. Мың өліп, мың тірілген қазақ елінің тұңғыш рет өз түтінін өзі түтетуге қолы жеткен шақта мемлекеттік рәміздерінің дүниеге келуі тарихи ұлы оқиғалардың бірі болып табылады. Қабылданған аспан көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыздың, ән әуеніміз Әнұранымыздың халық көңілінен шығып, егемен еліміздің атынан сөйлейтін ресми белгілерге айналуда. Олардың басты қасиеті — туған халқымыздьщ өнер тілінен терең сыр шертіп, ізгі пейілімізді кемел жеткізе алуына, көңіл-күйіндегі арайлы асқақ сезімге бөлеп ыстық көрінеді.
10-оқушы: Ол алыс пен жақынды қосады. Бүгінгі мен болашақты жалғайды. Жолаушының мұраты жету. Біз қазақ ғасырлар бойы ел болу қам-қарекетінің үстінде тікелей саяси және экономикалық байланыстар нығайып келеді.
Қорытыңды
Куратор: Иә, осынау тәуелсіздіктің бастауы, арқауы болған желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтың жүрегінде мәңгілкке орын алып, қазақ жұртының өшпес тарихына айналып қалары сөзсіз. Біздің мақтанышымыз елі үшін, жері үшін жанын пида еткен асыл азаматгарымыз, желтоқсан құрбандары. Олар да ел жадыңда мәңгі сақталмақ. Ұрпағы ұлы елдің ешқашан шаңырағы шайқалмақ емес. Тәуелсіздік таңы арайлай атып, егемендігіміз еңселі бола берсін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген