400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желтоқсан алауы -Тәуелсіздік алауы

Материал туралы қысқаша түсінік
№26 орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Мангытбаева Бибит Темирхановна Тәуелсіздік мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Желтоқсан алауы– Тәуелсіздік бастауы.


Мақсаты: Жерімізді , рәміздерімізді, отанымызды қорғауға патриоттық сезімдерін ояту. Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. «Ел ермен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген елімізді қорғап ер азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл қыздар болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері.


Ұйымдастыру сәті: Сәлеметсіздер ме ұстаздар, қонақтар , оқушылар .

І-жүргізуші:Күміс күлкі әнге толы осы той,

Қуанышқа кенеледі тұла бой.

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Тәуелсіздік күні бүгін–ұлы той.

ІІ- жүргізуші:Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан алауы– Тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мерекедеп білеміз.Тәуелсіздігіміз құтты болсын.


Қазақстан Республикасының «Әнұраны» орындалады.

І- жүргізуші:Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.

ІІ-жүргізуші: Бұл тәрбие сағатты желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысқандар, одан қаза болғандардың рухына арналады.

Отан,Қазақстан туралы тақпақтар.

І- жүргізуші: Көрініс: «Қайраттың бір күні»



ІІ- жүргізуші: Ән: «Біз бақытты баламыз»

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

І- жүргізуші: Би: «Тәуелсіздік таңы»



ІІ- жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне тоқталайық.

2001 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті.


2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды.


2009 жылы қазақстанда жалпы ұлттық халық санағы өтті.


2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті.


2016 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жаряланғанының 25 жылдығын тойлады.


2017 жылы Қазақстанда ЕХРО-2017 көрмесі ұйымдастырылды.


2019-жылы 9- маусымда кезектен тыс сайлау өтіп Қасым – жомарт Тоқаев 70 пайыз дауыспен Президент болып сайланды.



І- жүргізуші: Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Келешекке жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

ІІ- жүргізуші: Хор: «Тәуелсіздік ел ұраны»

І- жүргізуші:Болашақтың тірегі мына біздерміз.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сондықтан елімізді қорғар ер азаматтар, тәрбиелі ұл – қыздар болып тәрбиеленейік.

ІІ- жүргізуші: Сәби күлкісі мен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Осымен «Желтоқсан алауы– Тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25.02.2023
142
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі