400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желтоқсан жаңғырығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға және басқада мұғалімдерге пайдалануға болатын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Сынып сағаты


Мектеп:№43 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Көлбай Нурзина Қалдарбекқызы

Сынып:1 «В»

Сабақ тақырыбы

Желтоқсан жаңғырығы.

Мақсаты:

1. Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу

2. Желтоқсан оқиғасының 24 жылдығы жайлы, желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беріп, білімін арттыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: өз отбасының құндылықтарын анықтайды.

Көптеген оқушылар: тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:отбасы мүшелерінің маңыздылығын анықтайды, Отанын қорғауды тұсінеді

Бағалау критерийлері

  • өз Отанының қоғамда қандай рөлі бар екенін түсінеді

  • тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіреді.

  • Отанға қызмет етуге міндеттілігін түсінеді

Тілді оқыту мақсаты

Оқушылар:

- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.

• өз ойын еркін білдіру;

• диалогке қатысу

• әдептілік;

• жақсылық;

• құрмет;

• құқық;

• міндет;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды Отан қорғауға, Отан алдында өз міндетін атқаруға міндеттеу.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

Оқушылар Отанын, отбасын, отбасы құндылықтары мен дәстүрлері, туыстық қатынастар туралы, мектеп қауымдастығының құрылымын, мектеп

ережелері және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік ресми рәміздерін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан желі -ызғарлы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды

Желтоқсан оқиғасы әрбір қазақ жас азаматының ойында, олай болса құрметті ұстаздар біздің 20 топ оқушыларының осы желтоқсан оқиғасына байланысты дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.





«Гүлмен тілек» сергіту жаттығуы.




Оқушыларды ынталандыруға арналған суреттер


.





Сабақтың ортасы

Ширату барысы

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып  көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.

 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 24 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алай

Мағжан:Желтоқсан желі

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.


Хамза:Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.


Айсауле:Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.







Оқкшылар өздерінің жаттаған өлеңдерін оқиды.






.


Сергіту сәті

2мин

Сергіту сәті. Мен қазақпын.






Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Сабақтың соңы



Ендеше ең басты бағытымыз «ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз жіберейік

  1. 1991 жылы Ел Тәуелсіздігін алды

  2. 1992 жылы Ел рәміздері бекітілді

  3. 1993 жылы Төл теңгеміз айналымға түсті

  4. 1994 жылы Елде жаңа Парламент өз жұмысын бастады

  5. 1995 жылы Еліміздің Ата Заңы Конституция қабылданды

  6. 1996 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді

  7. 1997 жылы Елордамыз Астанаға көшірілді, «татулық пен құғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды

  8. 1998 жылы Халықтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

  9. 1999 жылы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы

10 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы

11. 2001жылы Тәуелсіздік пен достық жылы

12. 2003-2005 жылы Ауыл жылы

13 2007 жылы Сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»

әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды

14. 2008 жылы Қазақ тілін қолдау жылы

15. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ (Еуропа Қауіпсіздік және

Ынтымақтастық Ұйымы) төрағалық етті.








1 «В» - сынып оқушылары.

















Қосымша ақпарат:

Тәуелсіздік шежіресі

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі