400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желтоқсан желі ызғарлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсан оқиғасын еске алады. Желтоқсанда құрбан болған қазақ жастары жайындағы деректерді таныстыра отырып, танымдық ой өрісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

«Желтоқсан желі ызғарлы»


Мұғалімнің аты-жөні:Әліпбек Ләззат

Күні:

СЫНЫП: 2 «Б»


Қатысқаноқушылар саны: 10


Қатыспағаноқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Желтоқсан оқиғасын еске ал. Желтоқсанда құрбан болған қазақ жастары жайындағы деректерді таныстыра отырып, танымдық ой өрісін дамыту.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылар желтоқсан оқиғасын еске алады.Желтоқсан құрбандары жайындағы деректермен танысады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, видео, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ.
1. Желтоқсан оқиғаларының сипаты.
2. Жастар қозғалысының себептері.
3. Жаппай жазалау.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ата - бабаларымыз сан ғасырлар бойы өз елінің, жерінің білімді, қайратты, ұлтжанды, намысшыл, иманды тұлғаларын дайындауды арман, мақсат еткен. Бүгінгі парызымыз да рухани идеологиялық - әлеуметтік, экономикалық, ғылыми - техникалық ілімдерден нәр алған ғарыштап дамуына үлес қосатын жастарды тәрбиелеу.


Жаңа білім

10 минут







Мұғалім: Желтоқсан әркімнің жадында, тарихи ғасыр жылнамасында мәңгі жазылып қалды. Өйткені, ол дүниені дүр сілкіндірген оқиға еді. Ол еркіндік пен теңдікті талап еткен ел ұландары – жас жігіттер қыздардың бас көтеруі еді. Ол империялық үстемдікке қарсы батыл бетпе - бет келіп, наразылық көрсетудің айқын белгісі болатын. Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттық қызығын көріп, арамызда жүр. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды, іштей терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Д. Қонаевты орнынан босатып, Республикамыздың тізгінін еліміздің өмірінен бейхабар өзге ұлт өкілі Г. В. Колбинге сеніп тапсыруына наразылықтарын білдіріп, бірінші хатшылыққа лайық қазақ азаматтарын Мәскеудің көзге ілмеуінің мәнісін ұқпай, талап - тілектерін айтуға алаңға шыққан жастар мұншалықты аласапыранға тап боламыз деп ойлады ма екен?
Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған, халқымыздың қасіреті мен ар - намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы желтоқсан көтерілісті қазақ халқын дүние жүзіне танытты. Желтоқсан оқиғасы халқымыз үшін қайғылы да қаралы күндер болып саналмағанмен, тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Оны ел санасын оятудағы, тәуелсіздікке талпынтудағы мән - маңызы өте зор.

1 - оқушы:
Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
От боп жанған қазағымның жастары,
Жалынымен ерітіпті мұздарды.

2 - оқушы:
Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
Еркіндікті қашанда ел көксейтін.
Қаныменен тарихтарда жазылып,
Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.


3 - оқушы;
1986 жыл 16 - желтоқсан. Ақ қар. Көк мұз. Күн күркіреп, найзағай шартылдады. Дүниенің астаң - кестеңі шықты. Қысқы жасын. Қысқы найзағай. Ағаш біткен сілкініп, балаң талдар солқылдап, жас шыбықтар майысып құлап қалды.

4 - оқушы:
Желтоқсанда,
Алматыда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда
Күңірене күн күркіреп жау жақтан
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда!
Аппақ қала, Аппақ ғалам, О, тоба!
Найзағайлар қар жалап тұр жотада,
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,
Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.

5 - оқушы:
Кім көріпті о заман да, бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде үрей – бөрі ұлиды,
«Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!»

6 - оқушы:
Құдіретті жаратылыстың күңіренісі...
Желтоқсанның 16, 17, 18. Сұмдық оқиғалар,
«Ашыды жан!
Тасыды қан!
Араша!
Ит қосатын құлдың ұлы деймісің
Айбыны асқан алты алаштың баласы!»





Оқулық,

мәтіндер.








Желтоқсан құрбандарының суреттері






















Желтоқсаноқиғасына байланысты суреттер

Ортасы

10 минут



Көрініс көрсету.


Постер қорғау.

Плакаттар,видео,маркерлер.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық. 

Видео көрсету.


Қазіргі тәуелсіз ҚР

Қорытындылау

5 минут

Тәуелсіз ҚР ізгі тілектерімен әндерін арнайды.


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
927
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі