400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Желтоқсан желі ызғарлы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Елін , жерін , тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру. От жүректі өжет мінезді ұл- қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздік қадірін түсіну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Желтоқсан желі- ызғарлы!»

Мақсаты: Елін , жерін , тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру. От жүректі өжет мінезді ұл- қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздік қадірін түсіну.

Жүргізүші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік ел бақыты ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш.

Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан-жүректі ұғысқан, Ата-бабам аңсап өткен бақытым , Айналайын, Қазақстан -Гүлстан! – Армысыздар , құрметті ұстаздар. Балалар , ата-аналар. Бүгін «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылуымен «Желтоқсан желі-ызғарлы » атты ашық тарбие оқу қызметіне қош келдіңіздер! Сіздерді, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай отырып тарбие оқу қызметін еліміздің әнұранымен ашайық (Әнұран)

-Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына айналған, бізге тәуелсіздік туын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған 1986- жылғы Желтоқсан оқиғасы. Міне, содан бері қаншама уақыт өтті. Өмір бізді одан алыстатып бара жатса да, жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол –дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақтың өр мінезді қыздары мен ұлдарының рұхына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Осы аға –апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Қайрат, Лаззат, Ербол, Сабира деген қазақтың өжет ұл-қыздарын бір минут еске алайық.

Жүргізуші: Елім менің, тәуелсіз жерім менің, Күннен алған шуақты өмір дәмін. Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп, Көк байрағын төбемде көтерген күн.

Ән: «Қазақстаным»

Тақпақтар:

Би?

Тақпақтар: -Енді , балалардың Желтоқсан оқиғасынан кішкене көрніс көрсетпекші.

Қазақстанның астанасы Алматыда қазақ жастарының ұлттық көтеріліске шығуына Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың жұмысынан босатылып, орнына басқа қаладан келген Г. Кольбиннің сайлануы себеп болды. 1986 –жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Олар «қазақ еліне өз көсемін сайлансын » деген тілектерін білдірді.

Студенттер жатақханасы.

-Қыздар ,жігіттер мен газет әкелдім! - Иә, ол газетте не жаңалық бар екен? -- Газетте Орталық Комитеттің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына Кольбинді сайлапты. –Кольбин деген кім? --Қайдан келіпті? —Кольбин Ульяновтан келіпті --Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! –Иә, иә қазақстандық басқарсын! --Кане, жігіттер ,қыздар алаңға шығайық. (жүгіріп кетеді, аланда айқай -шу).

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетіп көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде жәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «ұлтшылдар» «нашақорлар» деген айып тағылды.

Қайрат пен жеңгесі шай ішіп отырады .Үйге екі милиционер жігіт кіреді. –Біз органнан келдік.Қайрат Рысқұлбеков деген сіз бе? - Иә, мен. – Бізбен бірге жүр бөлімшеге! --Ойбай, неге ол не істеп қойды? (жеңгесі) - -Бұл жігіт төбелес шығарған! --Жоқ , мен ешқандай төбелесте болмадым! -- Оны бөлімшеде дәлелдейсің! --Ойбуй, мен оны ешқайда жібермеймін, анасына не деймін? ---Жеңеше, ары тұрыңыз!

Қайратты тергеу. –Қайрат Рысқұлбеков сен 16 желтоқсан алаңда болдың ба? --Жоқ болмадым. –Болдың, және төбелес шығардың. – Жоқ , мен ешқандай төбелеске қатыспадым. – Иә, сен Савицкииді олтірдің бе? -- Жоқ өлтірген жоқпын. –Сені көргендер бар. – Ендеше, мені сол адаммен беттестіріңіз. Бұл жала , өтірік. Мен ешкімді өлтірген жоқпын! -- Жала деймісің. Өтірік екен ғой ! Мен саған көрсетейін өтірікті! (Ұрады) – Сен өлтірдің Савицкииді. Мойныңа аласың! Мойындайсың! (ұрады да қамап тастайды)

Түрмеде Қайрат өлең жазып жатыр; -Қаймана қазақ қамы үшін, Қарусыз шықтық алаңға. Алыстан әскер алдырып, Қырып салды ау табанда. Сөйлесем даусым жетпейді, Кез болдық мына заманға. Басты себеп жанжалға, Елбең, елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген. Арғымақ мінген жаратып, Ақсауыт киген темірден. Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр!

(Осы кезде жендет келіп Қайратты сот залына алып келеді:)

-Сот келеді ,Тұрыңдар! -- Қайрат Рысқұлбековты кінәлі деп тауып, мынандай қылмыстық жазаға тартылсын. 15 жылға бас бостандығынан айырылсын депжәне кісі өлімі бойынша ең ауыр жаза ату жазасына кесілсін!

-- Жооқ, жооқ бұл үкім дұрыс емес. Менің балам кіналі емес.(анасы) -- Қайрат Рысқұлбеков Артық сөзің бар ма? (сот) -- Бар . (Ақтық сөзін оқиды.)

«Ақтық » сөзің не? –деген, Бүгін қойды сот сұрақ. Айтамын оны халқыма, Күнадан таза басым бар , Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар, Қайрат деген атым бар. Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты құрбандық » Атам десең атыңдар! Хош аман бол артымда, Ағайын туған азамат. Артымда қалған ата-анам, Ел-жұртым саған аманат!

(Қайрат жерде жатады, анасы жүгіріп кеп құшақтап жылайды) Анасы: -- Құлыным, Қайрат. Балам, тұршы балам , анаң келді қасыңа көтерші басыңды балам. –Аямаған қыршынын, Заман беті қатты екен. Кімнен болды ажалың, Кімнен болды азабың. Жоқтау болды бар жырым Жоқтау болды бар әнім. Осы болды тағдырың. Елің іздеп жатқанда , Тәубе деймін қарағым. Тәубе деймін қарағым. Арман арман арман көп, Айтылар теңеу қалған жоқ. Алатауға абиыр, Алып берген қарағым. Жатқан жерін жарық боп, Бақыл бол қарғам бақыл бол.

Жүргізүші: --1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрмеде Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді » деген атпен құпия түрде қаза тапты.

-Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Лаззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін далелдеп берді. Осы көтерілістің нәтежиесінде 1991 -жылы біздің елеміз егемендік алып, тұңғыш елбасымыз сайланып, тәуелсіз егеменді ел болдық. Елбасымыздың жарлығымен 1996 жылы 9 –желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, ата-анасына «Алтын жұлдыз» белгісі тапсырылды. Ал, Сабира ; Лаззат, Ерболдарға «Ақтау жөніндегі» анықтама қағазы берілді.

-Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Азат елдің білікті, білімді, жігерлі азаматтары болыңыздар. Осымен «Қарлығаш» тобының «Желтоқсан желі -ызғарлы» атты ертеңгілігіміз аяқталды . Сау болыңыздар!

«Еркежан» балабақшасы


«Желтоқсан желі - ызғарлы»






Тәрбиеші : Дускеева Г.О.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
829
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі