Материалдар / Желтоқсан жұлдыздары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Желтоқсан жұлдыздары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
1339
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп
Тәрбте сағатының тақырыбы:
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Магзомова.Г.А.
2009-2010 оқу жылы
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен желтоқсан жайлы мағлұмат жинақтай отырып, оқиғаның маңызыдылығын, тарихта алатын орнынын анықтауға дағдыландырып, үйрету. Желтоқсан оқиғасының аз таныс жағын ашып көрсете білуге , оқушыларды ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз отанының батырларын мақтан тұта білуге тәрбиелеу. Бірігіп еңбек етуге, топпен жұмыс жүргізуге дағдыландыру. Оқушылардың іздену, сараптау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: көрме, фотосуреттер, мультимедиалық кешен, магнитафон, үнтаспа
Сабақ барысы
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып кетеді.
- Құрметті оқушылар біз бүгін тарих сабағында Қазақстан мемлекетінің тарихында үлкен орын алатын тарихи оқиғаны қарастырғалы отырымыз. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін   1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын , оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазақа немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды. Міне сіздер өздеіңіз осы :
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға тоқталады . Сонымен қатар 1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК пленум барысында Қазақстанды 40- жылдай басқарған Д.Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18 минут жүріп, осы пленумда Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады.
 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің  қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді. Желтоқсанға қатысушылардың естеліктері оқылады.
Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға өқарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Оны біз төмендегі куәгерлердің сөзінен байқаймыз.
Желтоқсан желі- әні орындалады.
Емханаға жатқызғандар: 83-адам 73 –ер 11-әйел 82-қазақ, 1- башқұрт, 22- Жоғарғы оқу орнының студенттері, 12- техникум студенті,2- оқушы, 13-қызметкер, 70- жұмысшы, 1-колхозшы, 1- жұмыссыз
Жарақат түрлері көбіне: Миы шайқалған , Қолдары немесе бармақтары сынған, Бас сүйегі зақымданған, Ішінен жарақаттанған, Қатты ұрылған, Қабырғалары сынған, Бел омыртқасына зақым келген, Бүкіл денесі жарақаттанған, жағы сынған, Бет-ауызы жарақаттанаған, Терілері сыдырылған т.б. жарақат түрлерімен көмекке келгендігі анықталды бұл мағлұматтар сол кездегі денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы: М.Алиевтің 1986 жылғы 24 желтоқсанда берілген есебінде көрсетілген фактілер.
Осы жағдайға қарай отырып жастардың бейбіт шерулері қанды қақтығысқа айналғандығын анықтауға болады  Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай, Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертайт т.б. тоқталып кетуге болады. 
 Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13.03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта 8-жылдық білім алған. 1981-83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп,1984-86 әскери қатарғ, алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жодамамен Алматы сәулет- құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда блейбіт шеруге қатысады.Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбестық жасап Савитскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағалағылып 6- ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:
1. Тәшенов Түгелбай Тұрманұлы, 1961 туған 39 құрлыс- монтаж басқармасының ағаш шебері - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
2. ТайжұмаевЖамбылбек Қожамжарұлы 1962 жылы туған Алматы энерго-құрылыс техникумының 3-+ курс студенті- 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
3. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығық ең ауыр- өлім жазасына кесілді
4. Күзембаев Қайыркелді Қалиақпарұлы 1959 жылғы ,- Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-3 жылға, 65-бап-12 жылға, 15,88 ч.1 п. В және 17, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-14жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
5. Көпесбаев Ертай Тәңірбергенұлы 1966 жылығы, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-4 жылға, бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
Қайраттың ақтық хаты оқылады.
Жалпы желтоқсандықтардың мақсаты - өз алдына демократиялық мемлекет болмақ. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қол жеткізе алмаған тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Желтоқсан оқиғасы Қазақстандықтардың есінен кетпейтін, ауыр және қайғылы жағдайлары. Дегенмен де «Желтоқсан партиясы» құрылып қазақ азаматтары және депутат М Шахановтың күшімен көптеген желтоқасншылар тізімі жасалынып , мемлекет оларды ақтағандығына не жетсін. Осыған орай мемлекетіміздің тарапынан:
1. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасыннда кезінде жазықсыз жазланғандарды түгелдей ақтады.»
2. 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының жаңару күні.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы Қ.Н.Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі- «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы
 1986 жылығы желтоқсан оқиғалары кезінде Республиканың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен азаматтық ерлігі үшін Алматы сәулет-құрылыс интитутының бұрынға студенті Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке /марқұм/ жоғары ерекшелік белгісі-«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі- «Алтын жұлдыз» тапсырылсын.
  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жыл 9- желтоқсан.
4. 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай Алматы қаласында – Желтоқсаншыларға арналған ескерткіш ашылды.
Бұл желтоқсан құрбандары мен, Қайратқа көрсетілген құрметтердің тек бастауын беру туралы. Қазіргі таңда желтоқсан құрбандарының атағына ие болған мектеп, аудан, көше аттарын жиі кездестіруге болады. Осы Азаматтардың атаған ақтауға ерендей еңбек қосқан М. Шаханов ағамыз бастаған қазақ зиялыларының үлесі зор десем артық болмас.
: Сондай- ақ қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты қазақстандық ақын жазушылар өздерінің өлең жолдарын, әңгіме, мақаларын арнауда. Сол 1986 жылы желтоқсаннан кейін «Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан желі» әндерінің жарық көрсе , қазақ жастары алаңда Шәмшінің әні «Қазақстанымды» орындаған. Қазіргі таңды бұл ән мемлекеттік гинге айналуы да бекерге емес. Осындай өлең жолдарын Нағашыбай Мұқатов «Қазақтың намысы найза болса» арнаған, сондықтан сабағымызды жерлесіміздің өлеңімізбен аяқтағанымыз жөн болады. Өлең жолдар оқылғаннан кейін: Желтоқсан құрбандарын 1 минуттық тыныштықпен еске алынады.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!