жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Желтоқсан күніне
Тәуелсіз елім - тірегім
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз елім - тірегім»
Мақсаты:
-
Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктермен қысқаша таныстыру.
-
Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
-
Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.
Сабақтың түрі: Әдеби – көркем монтаж.
Әдісі: Топпен жұмыс.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар топқа бөлініп алайық.
І-топ: Әнұран
ІІ-топ:Елтаңба
ІІІ-топ:Ту
-Балалар тобымыз туралы кішкене түсінік айып өтейік.
Әнұран орындалады:
Мұғалім сөз алды:
Қайырлы күн қымбатты оқушылар, ұлағатты ұстаздар! Елбасымыздың Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің болашағы – жас ұрпақтары қолында, жас ұрпақтың болашағы – ұстаздардың қолында демекші». Егеменді еліміздің іргетасын қалаушы да нығайтушы да осы шәкірттер. «Отан үшін – отқа түс күймейсің» деп ұлы батыр атамыз Б. Момышұлы айтқандай біздің туған еліміз Қазақстан Республикасы. Отан деген қасиетті ұғым. Отанымызға туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаны қазақ тарихында ұмытылмастай күн! Олай болса бүгінгі мереке сіздер үшін де,біздер үшін де мереке. Тойларының тойға ұлассын. Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын! Тәуелсіз елім - тірегім атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер! Енді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Сөз кезегі оқушыларға
Кәусар: О, халайық құтты болсын
Қуанышың шат күнің
Баянды боп бейбітшілік бақ күнің
Құт береке, бақ – дәулет ырысың!
Ортаймасын, айналайын халқым менің!
Нұрәли: Атыңнан айналайын егемен ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейін құтты болсын егемен ел
Ғасырдың тойы болсын келе берер
Қарақат : Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар
Көп алқапты жасыл жайлау далам бар
Ел бірлігін, ел тірегін тілеген
Ақ ниетті халық деген данам бар.
Мұғалім: Балалар біз осы тәуелсіздікке қалай жеттік?
Оқушы: Елбасымыздың арқасында
Мұғалім: Тағы да кімдердің арқасында қол жеткіздік?
Арай: Желтоқсанда құрбан болған аға әпкелеріміздің арқасында!
Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы – қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды.264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды., әр түрлі жазалар берілді.Қазіргі күнде 16 – 17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.
Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға – апаларымыз- Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.
-Өте жақсы балалар.
-Балалар Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болды? 26 жыл
-Дұрыс айтасындар балалар.Ал балалар осы 26 жыл ішінде қандай жеткен жеттістіктеріміз бар екен?
Елнар:1991 жыл 29 тамыз “Семей полигонын жабу” болды
Нұрайым:1992 жыл 2 наурыз Біріккен ұлттар ұйымына қосылдық.Осы жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер қабылданды
С.Нұрайым:1993жылы 28 қаңтарда қабылданған ҚР конституциясы 9 бөлімнен,
98 баптан тұрады.Тағыда 15қараша ҚР Ұлттық ақшасы теңге айналымға енд
Нұрай:2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
Райымбек:2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды
Заңғар Ж:2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.
Еркеназ А:.2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
-Өте жақсы балалар
Топтық жұмыс:
І-Топ: Сөзжұмбақ шешу.
ІІ-топ: Желтоқсан құрбандарын атап беру.Сәйкестендіру
ІІІ-топ:Еліміз,жеріміз,отанымыз туралы мақал-мәтелдер аяқта
Мұғалім сөзі: Туым – теңдігім
Елтаңбам-елдігім
Әнұраны – айбыным
Демекші еліміздің елтаңбасы , әнұраны көк байрағы бар. Ал балалар, осы тәуелсіздік жемістерін еске түсірейікші. Еске түсіру үшін «Кім жылдам?» деген атпен ойын ойнайық. Мен сендерге сұрақ қоямын. Сендерге соған жауап бере қойыңдаршы.
-
Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?
Оқушы: 1991 жылы еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
-
Қазақстан Республикасы астанасы қай қала?
Оқушы: ҚР астанасы Астана қаласы
-
Еліміздің рәміздері қашан қабылданды ?
Оқушы: 1992 жылы 4 маусымда еліміздің рәміздері қабылданды.
-
Әнұран авторы кім екен? Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов
-
Тудың авторы кім екен? Шәкен Ниязбеков
-
Елтаңбаның авторы кім екен? Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов
-
Теңгеміз қай жылы шықты?
Оқушы: 1993 жылы 15қараша ҚР Ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
-
Тұңғыш ғарышкеріміз кім? Тоқтар Әубәкіров
-Өте жақсы балалар!
-«Суреттер сөйлейді» ойына кезек берейік!Тақтаға назар аударайық.
-Жеңген топтарды бағалау,марапаттау
Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаштың атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Құйған орта мектебі» КММ
«Тәуелсіз елім - тірегім»
(ашық тәрбие сағаты)
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Қожариянова Қ
Сынып жетекші: Қамзина Ә.Қ
2017-2018 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген