15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Желтоқсан оқиғасы- Ұлт рухының биік белесі
Тақырыбы: «Желтоқсан оқиғасы- Ұлт рухының биік белесі»
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеті: Отанды сүюге, құрметтеуге , желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері, тақырыпқа байланысты қанатты сөздер.
І жүргізуші сөзі: Досхан
Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар! « «Желтоқсан оқиғасы- Ұлт рухының биік белесі» ! атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер! ! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекетік Туы әкелінсін.
Назым: ІІ жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты.
16 – желтоқсан. Бұл ерлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Генадий Васильевич Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.
Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
Олай болса құрметті оқушылар біздің бүгінгі кешіміздің ерекшелігі бұл сол қиын заманды басынан кешіріп, көзбен көрген аға-апаларымызбен кездесу өткіземіз.
Желтоқсан оқиғасы әрбір қазақ жас азаматының ойында, олай болса құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушыларымыздың дайындаған кешін қабыл алыңыздар.
Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бар күнде,
Қайғыға халық батқан күн
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала еткен күн
Адамдар азап шеккен күн
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қағалар билік алған күн.
Адал мен арсыз, аярды,
Айырып халық ұққан күн.
Күй « Ата толғауы» Орындайтын 6 «а» сынып оқушылары Төлендиев Нұрберген
Сейділдә Нұрасыл
Досхан
Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
2- Назым : Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Досхан- жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 32 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық..
Назым – жүргізуші: Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіру.
Досхан – жүргізуші: Енді бірер оқушыға сөз берсек, жалпы өз білетіндеріңді ортаға салыңдар.
Бейбіт қарусыз жастар: темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақтанған әскерге қалай төтеп берсін. Империя дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдағы шовинистерден құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып-жаншылды. Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан суйреп, итке талатып сабағандарды басқаша қалай бағаларсың?! Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын – қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды.
Желтоқсан оқиғасы күндері ерекше “ерлік” көрсеткен Ішкі істер министрлігі деректері, әрине, тым “қарапайым”. Олар не бәрі 2212-2336 аралығында ғана кінәлілерді күдірткен. Ал Мұхтар Шаханов комиссиясының деректеріне сүйенсек 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қамалған, 1720 адам дене жарақатын алған, 2 адамға ең ауыр жаза өлім жазасы берілді, 99 адам сотталды, 12 Жоғары оқу орнының ректорлары орнынан түсті, Ішкі істер министрлігінен 1200 адам жұмыстан куылды. Мұны былай қойғанда, М.С.Соломенцев, Е.К.Лигачев, т.б. “жартықұдайлар” кесапатымен тұтас қазақ халқына ұлтшылдық таңбасы басылған жоқ па? Таяу тарих М.С.Горбачев жолбасшылығы “арқасында”, міне, осындай масқара интернационализм көрінісіне куә болды.
Сол бір қиын қыстау күндерде тоқырау кезеңінің жан дайшаптары жоғарғы басшыларының сойылым соғып, оқиғаның анық-қанығына бармай-ақ халықты ұлардай шулатты емес пе?
Енді міне, сол күндерде зәбір көрген жастардың арман-мақсаттарының алдал екенін бүгінгі таңда кім де болса мойындап отыр. Адам жанына өмір бойы ұмытылмастай салынған таңбаға кім жауап береді?
Сарапта тарих беттерін,
Парақта тарих беттерін.
Оқисың одан не қилы,
Шежірелі сөздерін.
Дүниеге паш болып,
Тәуелсіздік алған ел,
Нарықтың да қыспағын.
Жаншыла басып көтерген,
Қазақ деген елім бұл.
«Атамекен» Орындайтын 10 «а» сынып оқушысы Зейнылғабиден Жадыра
Назым – жүргізуші: Міне, оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 32 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 27 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді.
Міне,
балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз
мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз,
елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді
Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер
Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы
оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің
мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның
намысын қорғайтын келешек ұрпақтың
ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгінгі кешіміздің қонағы................................................................................................................аға-апаларымызға сөз кезегін береміз
Досхан – жүргізуші: Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Кешімізге келіп қатысқан қонақтарымызға рахмет дей отырып, кешімізді мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді:
Өкінгенмен пайда жоқ өтті күндер,
Қыршын кетті, әттең – ай, көк өрімдер.
Еске алдық, дұға оқып бекзаттарым,
Алладан нұр, жұмақта көгеріңдер.
Ел тілегі енді айтпағымыз,
Сүт бетінде қалқыған қаймағымыз.
Әрбірің бір батырсың дастандағы,
Желбіреді аспанда байрағымыз!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген