400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Желтоқсан оқиғасына 35 жыл.«Тәуелсіздік рухы!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік рухы!» (колледж студенттері мен жоғары сынып оқушыларына арналған)
Материалдың қысқаша нұсқасы



Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі



















Тақырыбы:

Желтоқсан оқиғасына 35 жыл.«Тәуелсіздік рухы!»

(ашық тәрбие сағаты)




Мерзімі: 10.12.2021ж, сағат 13.00


Өтетін орны: Жиын залы


Директордың тәрбие-ісі жөніндегі

орынбасары: А.Б.Сатыбалдиева


«Бастауыш білім беру» бөлімінің

меңгерушісі: А.Қ.Джумадилова


Б-1-21 тобының кураторы: А.Қ.Абдрашова

















Тараз 2021ж


Желтоқсан оқиғасына 35 жыл.«Тәуелсіздік рухы!»

(ашық тәрбие сағаты)


Мақсаты:

Еліміздің Тәуелсіздік жылдарынан күні бүгінге дейінгі жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру. Желтоқсан құрбандарын еске алу, тіл байлықтарын, сана - сезімдерін дамыту. Тәуелсіз елдің құнды жәдігерлерімен, кітаптарымен таныстыру. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу. Еліміздің тарихы сырға толы, әрі ғажап ел екендігін, қазіргі бейбіт мемлекетте тұрып жатқан «Тарихтағы ең бақытты ұрпақ» екендігін бойларына сіңдіру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, Қазақ елінің рәміздері, Тәуелсіздік жылдарындағы кітаптар, Қазақстан территориясынан табылған құнды жәдігерлер (музей қызметкері).

Бағдарлама:

  • Композиция: «Тәуелсіздік бастауы»

  • Тарихи қойылым: «Желтоқсанның ызғары»

  • Хор: «Желтоқсан желі»

  • Монолог: «Желтоқсан», авторы Мұхтар Шаханов

  • Хор: «Жаса Қазақстан»

  • Монолог: «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!»

  • "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи мәдени-қорық музей қызметкері.

Қазақстан территориясынан табылған жәдігерлермен таныстыру: «Тарихы терең Қазақ елі».

  • Ш.Уәлиханов атындағы облыстық кітапхана маманы .

Кітап көрмесіне библиографиялық шолу: «Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан».

  • Қорытынды.


Барысы:

Композиция: «Тәуелсіздік бастауы»

  1. Ұлт азаттығын аңсаған Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафалар атылып, қуғын сүргінге ұшырағанымен, олардың асыл армандары мен мұралары ондаған жылдар бойына кейінгі ұрпақтардың бойына Тәуелсіздікке деген бас тігу дәнін сеуіп кетті.

  2. Араға көптеген жылдар салып, 1986 жылдың 16-желтоқсанында «Тәуелсіздік» дәні қайта көктеді.

  3. 1986 жылы желтоқсан айында Алматыда болған қазақ жастарының  КСРО  үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары - бостандыққа, Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

  4. "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық  жаңғырудың бастауы болды.

  5. Ол жас  жігіттер ар-намыс пен елдік рух  жолында теңдікті талап еткен  тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді.

  6. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын  қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді.

  7. Міне, осы  қанды оқиғадан кейін бес жыл  өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік  туын тікті.

 

Тарихи қойылым: «Желтоқсанның ызғары»


Қайрат пен Лаззаттың аналарының монолог оқуы.

Хор: «Желтоқсан желі» әні, авторы Әбиірбек Тінәлиев.



Монолог: «Желтоқсан», авторы Мұхтар Шаханов


Хор: «Жаса Қазақстан» әні.


Монолог: «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!»

Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел !
Жас ақын сенде ғажап ел жайлы жаза бер.
Елім деп соққан, жерім деп соққан жүрегі
Жас ұрпақ бізге, ғажап күндерді ала кел.
Қазақ елінің қаймықпас қайсар қайратын,
Жазбады жырлап,қайсар халық деп қай ақын.
Егемен елге құттықтап өлең жолдадым,
Қазақ елінің асыл Алашы жасасын.
Тарихы сырлы не бір күндерді өткердің
Өтіп те кеттің, осал тұсынан өткелдің.
Ертеңі нұрлы елімді көріп қуанам
Қыздары болған соң, қазақтай осы текті елдің.



Қонақтармен сұхбат жүрізу:


  • Қазақстан территориясынан табылған жәдігерлермен таныстыру: «Тарихы терең Қазақ елі».

  • Кітап көрмесіне библиографиялық шолу: «Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан».


Қорытынды:

Топ кураторы Абдрашова А.Қ.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15.12.2021
1007
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі