400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желтоқсан-тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды мұғалімдер әдістемелік нұсқау ретінде пайдалана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз елім-Қазақстаным

Мақсаты: Оқушыларды Отанды,елді,жерді сүюге,туған ел тарихын білуге,

еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері,Н.Ә.Назарбаевтің портреті,шар,нақыл

сөздер,видео,сөзжұмбақ. «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты тәрбие сағатын бастамас бұрын,сіз-дерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін.Алтайдан Алатауға де- йін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман ет-кен.Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен,сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған .Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап,Иса , Досан,Шотан батырлар,беріректе Бауыржан,Мәншүк,Әлия сынды батырлар, кешегі желтоқсан құрбандары Ләззат Асанова,Қайрат Рысқұлбеков сияқты қыршын кеткен жастар ел қорғауды ұран еткен,сол үшін құрбан болып,ел құрметіне бөленген.

Ата-бабаларымыз арман еткен тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл толып отыр.

Құрметті оқушылар,қазіргі кезде сендер ашық аспан астында,тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар,терең білім алуға сендер үшін мүмкін- діктер мол.Сендер көп уақыттарыңды достарыңмен,туған-туыстарыңмен өткізесің,көңілді мерекелерді асыға күтесің.Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы.Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар.Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасы-біздің туып өскен жеріміз,біздің Отанымыз.Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.Қазақтар мал өсіріп,жер игеріп,өз Отанын жаудан қорғаған,жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

1-о.Қазақстан дейтін менің бар елім, /Нұрдана/

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар,Қазақсан өз тәуелсіздігін алды.Ал,1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан Тәуелсіздігін талап етті.Осының нәтижесінде 1991жылы 16-желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

2-о.Атыңнан айналайын егменді ел, /Мерхат/

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

3-о.Мерекең құтты болсын егемен ел, / Олжас /

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер.

Ежелгі заманнан әр тайпалар мен руларды біріктіретін белгілер болған.Бел-гілер- сөздердің орнына қолданылатын таңбалар.Бір топ адамдар үшін қол- данылатын белгілер бір мағынаны білдіреді.Ал,рәміздер-белгілі топтар бейнесінің бірігуі.Мемлекеттік рәміздер-Ту,Елтаңба,Әнұран.Бұл халық бірлігі- нің белгілері.ҚР-ның да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу- әр азаматтың міндеті.Әнұранды орындау.

4-о.Отанымның қалауы, /Нұрәли/

Азаттықтың алауы.

Желбірейді аспанда ,

Қазақстан жалауы.

5-о.Қазақстан-Отаным, /Аслан/

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр таңда

Мемлекеттік Елтаңба.

6-о.Еліміздің Әнұраны, /Жасмин/

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысындай даңқымыздың,

Жан серігі халқымыздың.

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екенді- гіне ешкім дау айта қоймас.Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн әрі қай- ғылы,әрі бақытты күн.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.Енді міне,осы желтоқсан кө- терілісіне қатысқан аға-апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

7-о.Желтоқсанда шындық жырын / Азиза /

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын,айналайын,жас өркені халқымның!

Ерте айтылды,сондықтан да келте айтылды бұл әнің

Уақытымның талабына дөп келсе де ұраның.

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың, ұланым!

8-о.Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан, /Нұрсұлтан/

Шыбық өлді қырқада өсіп тұрған.

Шындық деген жоқ екен сотыңда да,

«Атуға» деп мізбақпай кесім қылған.

9-о.Біреу қарғап,дүние-ай,жақ ашпайды, / Нүркен /

Қайрат ұлы осылай аласталды.

Құрбандыққа күн бұрын белгіленген

Артық адам сен болдың Алаштағы.

10-о.Жанымыз жомарт қазақпыз /Нұрмұхамед/

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

11-о.Желтоқсан- сен еріктің ұраны, /Әйгерім/

Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.

Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,

Желтоқсан- болашағы елімнің.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Бірінші хатшылығына сырттан әкелінген Г.В.Колбинді тағайындады.Мұның өзі жастардың ашу-ызасын ту- ғызды.Ертеңінде мыңдаған жастар бейбіт шеруге шықты...

Желтоқсан желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Асқар Егеубаевтің «Желтоқсан» поэмасынан үзінді.

12-о.Желтоқсанда, / Ілияс /

Алматыда ,ақ қарда

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

Кім көріпті о заманда, бұл заман,

Найзағайды көк аязда құлаған.

Кеуделерде-үрей бәрі ұялады,

Болсайшы аман,мына ғалам,дін аман.

Біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы теңдік пен Тәуелсіздіктің туын тікті,әлемдік қауымға терезесі тең; еңсесі биік қазақ ордасын құрды.Осы оқиғалардың арқасында Тәуелсіз Қазақстанды төрткүл дүниеге алып та айбынды мемлекет екендігін мойындата білді.



13-о.Тәуелсіздік-тірегім алмас үнді, /Азиза/

Тәтті үміті халқымның сан ғасырлы.

Көк байрақты,кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

14-о.Тәуелсіздік-шырайлы лағыл тасың, / Мұхамед/

Жүректерге үміт боп жағылғансың.

Аяулысың білмеген алақаннан-

Суып барып қайтадан табылғансың.

15-о.Ел болдың егеменді,теңдік алып, /Бексұлтан/

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қойнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

16-о.Жаралдың молшылықтан,толы ағыстан, /Ерасыл/

Жолың бар тоқшылықты қалап ұшқан.

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің-Қазақстан!

17-о.Бір ата,бір ананың түлегіміз, /Мұхамед/

Бір болсын қайда жүрсе тілегіміз.

Бірлік бар жерде тірлік бар деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

18-о.Байрағың биікте желбірей жайнасын / Ілияс/

Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.

Уа,халқым,

Қуаныш құтты болып жасай бер

Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын.

19-о.Бақтың ,құсы әр адамға қонып бір, / Нұрдана/

О,Тәңірім, бізді баққа жолықтың...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

*** Енді балалар « Тәуелсіздік »- сөзжұмбағын құрастырайық.

*** « Тәуелсіздік » туралы видео көрсету.

*** Ән: «Қазағым менің» хормен орындау.

Осымен «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Тәуелсіздігіміз баянды болғай.



































«Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақша» КММ











«Тәуелсіз елім-Қазақстаным»









Дайындаған: Жарылкасынова Н.К.

















































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі