Материалдар / Желтоқсан-тәуелсіздіктің рухы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Желтоқсан-тәуелсіздіктің рухы

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мұғалімдер мен оқушыларға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы:  «Желтоқсан тәуелсіздіктің рухы» 

Мақсаты:  Оқушыларға Қазақстан туралы,оның тәуелсіздігі туралы егемендігі ,дамуы туралы мәлімет беру ,тәуелсіз Қазақстанның тарихын әңгімелеу,тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау көрсету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, тақырыптық фото стенділер,бейнероликтер, шарлар, гүлдер

Барысы:

    І.Ұйымдастыру кезеңі  

Оқушылардың назарын аудару.

 Кіріспе сөз.

    Абдан: Рухсыз ұлт- ұлт емес. Оны тарих дәлелдеген.80 жылдардың екінші жартысында біздің халықымыздың рухы өсті ,мұхиттай буырқанып ,бусанып жатты. Тәуелсіздіктің өктем желі үздіксіз согып тұрды.

Арай: Қазақстан ол кезде әлі де болса қызыл империяның құрсауында болатын,бірақ әне міне деп құлдық шынжыр үзілгелі тұр еді.Осы құлдық шынжырды мезгілінен бұрын үзген алдаспан қылыштай болған уақиға 1986 жылдың 16-18 желтоқсанында Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісі еді. «Мен Қазақпын» деген әрбір қазақ бұны білуге тиіс.

1-оқушы:

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген

Мен қазақпын бір биік белеспін мен,

Еуропа да,Азия да емеспін мен.

Аралықпын жетінші құрылықтай,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

2-оқушы:

Республика! Ерікті ел Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып ,армандатып

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан



3-оқушы:

Мен қазақпын ,биікпін ,байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді айта бергім

 

Арай: Бүгін 5 «А,Б» сынып оқушыларының қатысуымен  өткелі отырған

«Желтоқсан тәуелсіздіктің рухы»  атты сайысына  қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын топқа бөліну үшін мынадай ой түрткі сұрақтарына жауап берсеңіздер:

  1. Еліміздің баға жетпес басты байлығы? (Тәуелсіздік)

  2. Осы тәуелсіздіктің арқасында біз ненің астында тату тәтті өмір сүріп жатырмыз? (Шаңырақ)

Сыныптағы оқушылар «Шаңырақ» және «Тәуелсіздік» топтары болып екіге бөлінеді.

 

Абдан: Сайыс  5  кезеңнен тұрады.

   1.Топты таныстыру

   2.«Тәуелсіздік шежіресі»

   3.«Тарихи тұлғалар»

   4.«Сен білесің бе?»

   5.Ситуациялық сұрақтар ( тығырықтан шығу амалдары) 

Арай : 1 кезең «Таныстыру»

Абдан: Ән Қуантқан Тоғжанның орындауында

Арай: 2 кезең « Тәуелсіздік шежіресі»

Шарты:   Сұрақ 2 топқа бөлек қойылады, егер осы топ жауап бере алмаса екінші топтың жауап беруіне болады..





Абдан : «Шаңырақ» тобының сұрақтары

1.Еліміз өз тәуелсіздігін қашан алды ? (1991ж 16-желтоқсан )

2.Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституция қашан қабылданды ? (1993ж, кейін       қайта қаралып 1995 жылы 30-тамызда)

3.Тарих сөзі қандай мағынаны білдіреді ? (ТАРИХ сөзі араб тілінен аударғанда ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ деген мағына білдіреді)

4.Тәуелсіз еліміздің алғашқы Елбасы кім ?

 

Арай: «Тәуелсіздік» тобының сұрақтары

1.Қазақстанның рәміздерін ата ? ту, елтаңба

2 . Қазақстанның астанасы? Астана

3.Ұлттық теңге айналысқа енген жыл? 1993 жылы 15 қарашада

4.Тәуелсіздіктің қаһармандарын ата ? Лаззат, Қайрат, Сабира

Абдан: Би « Қамажай» Еркеназ би тобы

Арай: 3 кезең «Тарихи тұлғалар»

Шарты:   Берілген тұлғалар жайлы әңгімелеп бер.Топ басшыларға берілген тапсырма?   

  1.     Абылай хан

  2. Ахмет Байтұрсынов

Абдан: Ән «Көк тудың желбірегені» Орындайтын Айгерім мен Гүлназ. Қарсы алыныздар..

 Арай: 4 кезең   «Сен білесің бе?»

Шарты:  Бұл кезеңде мәдени құндылықтарға байланысты сауалдар беріледі.

                 Сайыскерлер  сұрақтың  мағынасын таба алмаған   жағдайда  көрермендерден жауап алуға болады.

 1. Астана қаласы қай жылы Астана атағын алды?

2. Астанадағы «Бәйтерек» монументінің негізгі символы не?



3.Ехпо – ның ашылуы қашан болды?

Абдан: Би: флешмоб «Жаса Қазақстан» 

Арай: 5 кезең.Ситуациялық сұрақтар ( тығырықтан шығу амалдары)

  «Шаңырақ» тобының сұрақтары:

Сен мектепте үздік оқушысың , бүгін сенің мектепке түстен кейін сайысқа баруың керек. Мектепке келе жатқаныңда алдыңда адасып жүрген кішкентай сәбиді жолықтырдың, сенің сол кездегі іс-әрекетің, не істейсің, ойланып жауап бер.

Абдан: «Тәуелсіздік» тобының сұрақтары:

Бүгін математика пәнінен мұғалім бақылау жұмысын алып жатыр, сен өзіңе берілген тапсырманы толық орындап болдың, ал сенің қасыңдағы көршің есеп шығара алмай қиналып отырды. Сенің әрекетің ?

Абдан: Ән хор

Арай:  Осымен 5 « а, б»-сынып оқушыларының дайындаған «Желтоқсан тәуелсіздіктің рухы»  атты шағын тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыт бөліп келгендерінізге көп-көп рахмет!

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ағзиба апайымызға сөз береміз











































































Топпен таныстыру:



«Тәуелсіздік» тобының таныстыруы

Отан деген берекелі отбасы,
С
үйер оны адамзаттың баршасы.
Біз ба
қытты бүлдіршінбіз бүгінде,
Жо
қ қой оған ешкімнің де таласы.
Б
ұның бәрі татулықтың арқасы,
Т
әуелсіздік—елдігімнің бастауы.



«Шаңырақ» тобының таныстыруы

Отан, ана – ардақ тұтар тел ұғым,
Қасиетті әр сүйемі жерімнің.
Биіктерге көрететін біздерміз,
Шаңырағын егеменді елімнің.

Шаңырағым – шаттық өмір, бар мәнім,
Өзіңе мен асқақ әуен арнадым.
Әнұраным – бойымдағы ар-намыс,
Көк байрағым – желбіреген арманым.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!