"Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы" ашық тәрбие сағаты (9,10,11-сыныптар)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы" ашық тәрбие сағаты (9,10,11-сыныптар)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғарғы буын сыныптарына өткізілетін ашық тәрбе сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Оқушылар тұрып ән ұран орындалады.

1 - жүргізуші:
Қанша жыл өтсе де қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар қатарынан орын алған желтоқсан оқиғасы мәңгі жүрегімізде!
Ұмытылмайтыны - оның тағдырымызбен байланыстылығында. 1986 жылы желтоқсан көтерілісі де ауыл үйдің жәй ғана әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап, ғалам тарихи оқиғаларының бірі.


2 – жүргізуші
Желтоқсанның желі аязы ызғарлы,
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға,
Азап шекті қайсар қазақ қыздары мен ұлдары.

1 - жүргізуші
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.



1 - жүргізуші
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.





«Желтоқсан желі» әні .Көрініс. (Сахна ашылады)

Алаңда жастар бейбіт ,жайбарақат.Қолдарында «Каждому народу – своего вождя »,

«Қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген транспоранттары бар . «Қазақстан жаса» деген дауыстар естіледі.

- Дауыс. Қонаевты шақырыңдар! Ақиқаттын айтып , түсіндірсін барлық жайды !

- Дауыс. Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

-  Дауыс. Талап-тілегімізді айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. Колбин долой!

Колбин долой!

- Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар!

Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болады! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңдар!

Әскери адам.Первая рота! Слушай мою команду! Производится операция

Құйын”. Немедленно розогнать экстремистов и хулиганов!

(Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді құғындау басталады). Перде жабылады.


Мұғалім: Демонстрация шыққан жастарға “ұлтшыл”, “бұзақылар”, “ішкіштер”, “нашақорлар” деген жала жабылды.Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын ұрып-соғып, қорлап айуандық жолмен азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тықты.Барлығы 99 адам сотталды. Қазақ кеңес совет республикасы жоғарғы соты – 11 адамды, Алматы қалалық соты-59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына келісілді. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.


Көрініс.

Темір тордың ішінде ҚАЙРАТ өлең жазып отыр.



Видеода

Қайрат Рысқұлбеков

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда

Сөйлесем дауысым жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.



Жүргізуші: Осы кезде камераға кезекші келеді.

- Кезекші: –Заключенный Рыскулбекова на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі).

- Тергеуші: Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙді өлтірген сен бе?

- Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, мен емес.

- Тергеуші: Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.

- Қайрат Рысқұлбеков: Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!

- Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный! Бұзақы.

« Заман - ай.» әні орындалады.

Көрініс. Сот залы.

- Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

- Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?

- Қайрат Рысқұлбеков: - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.

- Прокурор: - Не мақсатпен ?

- Қайрат Рысқұлбеков: Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.

- Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?

- Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.

- Хатшы: Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!

- Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.

- Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, бұл әділдік емес.

- Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

- Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

- Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?

 





- Қайрат Рысқұлбеков :

 Бар!

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.00.2023
523
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі