400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желтоқсан ызғары

Материал туралы қысқаша түсінік
желтоқсан құрбандары туралы сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Желтоқсан ызғары

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерей тойы қарсаныңда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетің, жан-жақты ой-өрісін жетілдіру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отаның сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.

Сайыстың барысы:

1-жүргізуші.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!



Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар! Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықыты, теңдікті аңсамайтын адам да,халық та жоқ. Тарихқа зерделеп қарасақ, ата-бабаларымыз ел үшін, жер үшін, ел тәуелсіздігі үшін күресті. Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы- ата мекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу, қастерлеу. Туған жердің тарихын білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы дей отырып, бүгінгі біздің «Желтоқсан ызғары» тақырыбы аясында өтетін сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!



Әрқашанда білім көптік етпеген

Талапсыз жан мұратына жетпеген

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен- дей келе бүгінгі сайысымыздың үміткерлерін таныстырып өтейік

8а – сыныбы: «Желтоқсан» тобы.

8ә – сыныбы: «Ляззат Асанова» «Сабира Мұхаммеджанқызы».

8б – сыныбы: Ербол Сыпатаев.

8в – сыныбы: Қайрат Рысқұлбеков.



Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Бүгінгі Желтоқсан ызғары сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Бүгінгі сайысымыздың әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін

1)

2)

3)

Сіздерді сайысымыздың бөлімдерімен таныстырайын

1) Таныстыру

2) Көрініс

3) Санаға саяхат бөлімі.

4) Желтоқсан оқиғасы туралы мәнерлеп оқу.

1-жүргізуші:

Жарыста озып шығар жүйріктері

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді

Кәнеки, өрендерім, сайысқа шық,

Таң қалдыр, білімінмен көрерменді деп, таныстыру бөлімінде әр сыныптың тобы кезек- кезек шығады.



1-жүргізуші.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй деп Абай айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік!

Ән орындайтын



Келесі бөлім көрініс қою.



1-жүргізуші.

Сіздерге өз өнерін ала келген,

Төгілтіп әсем сазды әуенімен,

Тербеледі, толқид ы дала

Даланың сұлу сазды әуенімен

Қызықты ғой көрерменге би деген,

Ортамызда мың бұрала билеген

Би орындайтын 7ә сынып оқушысы



1-жүргізуші.

Келесі бөлім санаға саяхат әр топтан топ басшысы шығып сұраққа жауап береді.

Қайсысы епті, қайсысы мықты?

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кімдер жылдам?

Таланттарын табайық.

Келесі бөлім Желтоқсан оқиғасы туралы мәнерлеп оқу сайысы.





Хор Атамекен

1-жүргізуші

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін

Болашаққа бар білімін берерін

Барыс текті жастар, сендер, білемін,

Жалындатып биік шыңда жүрерін, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтамас бұрын, әділ қазы алқасына сөз берейік.



Білімімен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге, тура төрелік жасаған әділ қазыларға, жанкүйер болған тыңдармандарға, қадірлі қонақтарға үлкен рахметімізді айтамыз.

Осымен бүгінгі Желтоқсан ызғары атты сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рақмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.02.2019
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі