400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Желтоқсан ызғары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сынып мұғалімдері үшін қажет. Бұл сабақ жоспарын пайдаланған мұғалімнің сабағы жақсы өтіп , тәжірибесі арта түседі. Егер бұл материалды жас мамандар қолданса , сабақтың жоспарын өздері түзуге деген мүмкіндіктері мен құлшынысы арта түседі. Ал тәжірибесі мол мұғалімдер қолданса , олардың жаңа бағдарламаға деген көзқарастары өзгереді деп ойлаймын. Сонымен бұл сабақ жоспарының пайдасы кез-келген дәрежедегі ұстазға көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы- Желтоқсан»

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталық әміршіл-әкімшіл солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп демакратия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не үшін, қандай себеппен, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Желтоқсан оқиғасындағы ел қамын жеген ерлерді үлгі тұтуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Алғы сөз:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, қадірлі балалар! Бүгін еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен, ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген «желтоқсан» оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған «Тәуелсіздік бастауы-желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Тәуелсіздігімізге 27 жыл толды. Осыдан 32жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен әпкелеріміздің арқасында, үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Ендеше әнұранымызды орындайық:

Әнұран:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Бейбітшілік болып елде әрқашан,

Сайран салсын, қазағымның саңлағы -

деп, біз Тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Отан әрбір жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әрбір тіршілік иесінің шексіз байлығы. Олай болса, Отан туралы тақпақтардан бастайық.

Кәусар:

Мерекеге шығады ел,

Бүкіл халық ұғып қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік-ұлы той.

Ерасыл:

Отан, Отан,

Сен болмасаң не етер ем,

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.

Әмина:

Екі өмір жоқ, әрине,

Екі отан жоқ.

Жалғыз отан мекенің!

Нұрбол:

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқан, ұлы Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен Отан.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі