Материалдар / «Желтоқсанда асқақтаған рухты сағындым»

«Желтоқсанда асқақтаған рухты сағындым»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Желтоқсанда асқақтаған рухты сағындым»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
23
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Желтоқсанда асқақтаған рухты сағындым»

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан бол ұл – қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт – дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: С.Мухамеджанова, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, Қ.Рұсқұлбеков суреттері, слайд. «Желтоқсанда асқақтаған рухты сағындым» атты банер.

Алғы сөз.

І – жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар! Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Желтоқсанда асқақтаған рухты сағындым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ІІ – жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі – Әнұраны!

Әнұран» орындалады.



І жргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойына

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.



ІІ - Жүргізуші:

Өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың басындағы қанды шайқастар, ірілі-ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен «Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісі деген бағаға ие болған.1986 жылғы жастар мен студенттердің жанкештілігі, тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт жолмен қол жеткізу үшін арпалысқан ел ағаларының ерен ерліктері халық санасынан өшер ме?!
Ендеше сол бір кезді еске түсіру үшін видеокөрініске назар аударайық.

«Видеокөрініс» көрсетіледі.

І - Жүргізуші:

Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.
ІІ-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
1 минут үнсіздік

Айла:

Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

Жазира:

Азаптады қарақшылар қанқұйлы
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.
Арпалысып теңдігі үшін халқының
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.
Елі үшін ерлігімен елене
Абырой мен атағына бөлене
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге!

3-оқушы

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егеменді – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

А. Аида:

Сендей ұлды жаратқанға мың тәубә,

«Ербол» атаған ата сөзінде мін барма?

Танылдың елден біртуар ұл боп халқыңа,

Желтоқсанның алауы жанған мұз-қарда.

Ұлттық мүдде төңірегінде бас қосып,

Қауымдық мінез көрсеткен үлкен аймақта.

Жас өркенім, Ерболым-ай, айбаттым,

Халқыңа аңыз өрлік пен ерлік қайратың!

«Ұлтымыздың батыры кім?» деген сұрағын,

Көтеріп кеткен туған елінің ұранын,

«Қайраттың менен Ерболың, қалқам, емес пе?!»

Деп шәкірттеріме жауап беріп тұрамын.



Көрініс

І – жүргізуші:

1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17- сі күні жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18 – ші желтоқсан Қайраттың үйі.

Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында шай ішіп отырады. Үйге полиция келеді.

полиция: Сәлеметсіз бе, жеңге! Қайрат Рұсқұлбеков осында тұрама?

Жеңгесі: Иә, осында тұрады.

полиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рұсқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар! Міне!

Жеңгесі: Қайрат , бері кел.

полиция: Тез, жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі: Ойбау – ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар? Әке – шешесіне не бетімізді айтамыз.

полиция: Жеңеше, сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайта жібереміз.

(Осы кезде полиция Қайратты алып кетеді)

Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, шаршап былай дейді:

  • «УҺ, әбден шаршадым – ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер – ай, айтып-айтпай не керек?

Жазған екен маңдайыма сорыма

Біріншіден, мен сағындым анамды,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді міне, абақтыға жабылдым.

Кезекші: Заключенный Рускулбеков, на дапрос.

Тергеуші: Айыпкер, Рускулбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қалай көремін.

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын.

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса, сол адаммен мені беттестір, бұл өтірік жала.

Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный. Я тебе покажу, өтірікті. Жала дейді ғой еще! Ей, Рускулбеков, сен «Савийкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жалаң жеңілденеді. Егер ,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе, әкеңді де...

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды қалай өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгілі тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.

Тергеуші: Заключенный Рускулбеков, сен ақымақ болма! «Савицкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сосын әкеңнен 4 мың сом әкеліп, менің қалтама сал. Бұл – екі, түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші, айылда әзер күнін көріп отырған ата- анамды ақша сұрап қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ!

(Осы кезде екі женде Қайратты сот залына алып кетеді)

Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!

Хатшы: Отырыңдар!

Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:

Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.

Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін..

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар.

Ақтық сөз” өлеңін оқиды.

Қайрат:

Ақтық сөзің не?” – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты - құрбандық”,

Атам десең атыңдар!

Хош аман бол артымда,

Ағайын, туған-азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!

Сот: -Бүгінгі сот жабық.

(Екі жендет Қайратты залдан жетелеп, алып кетеді)

Осы кезде Қайраттың „Менің тағдырым“ өлеңі оқылады.

Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді,

Түспейді шаң сілкінсемде мен енді.

Жолдаған сәлемімді дос алмады,

Шын ба екен – ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем қайбірін,

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.

Жалынсамда, жыласамда болмады,

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,

Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

Өлең „Желтоқсан желі“

І – Жүргізуші:

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен бабалар,

Елің алды егеменді теңдігін.

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

ІІ – Жүргізуші:

Бір ата, бір ананың түлегіміз.

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабамыз.

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз! Келіп көргендеріңізге көп-көп рахмет айтамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ