400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жеміс-жидектер патшалығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту, олардың денсаулыққа пайдасын түсіндіру, ойын арқылы қимыл-қозғалысын, тілін, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Жемістер мен жидектерді ажырата білуге үйрету; Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы туралы түсінік қалыптастыру; Қимылды ойындар арқылы ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу;Бірлесіп әрекет етуге, достыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Жеміс-жидектер патшалығы»

Мақсаты:Балалардың жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту, олардың денсаулыққа пайдасын түсіндіру, ойын арқылы қимыл-қозғалысын, тілін, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Жемістер мен жидектерді ажырата білуге үйрету; Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы туралы түсінік қалыптастыру; Қимылды ойындар арқылы ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу;Бірлесіп әрекет етуге, достыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекіліктер:

Жемістер мен жидектердің макеттері, себеттер, тәж, әуендер, гүлдер, түрлі-түсті шарлар.

(Көңілді әуен ойнап тұрады. Балалар келеді.)

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз ерекше «Жеміс-жидектер патшалығына» саяхат жасаймыз. Бұл елде дәруменге толы алмалар, алмұрттар, жүзімдер мен құлпынайлар өмір сүреді.

(Әуенмен Жемістер ханшайымы келеді.)

Жемістер ханшайымы:

Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көптен күттім. Бірақ біздің патшалықта бір қиындық болып қалды.

Жұлдызқұрт менің патшалығымдағы жеміс-жидектерді жеп бүлдіріп тастады.

Жұлдызқұрт:

Сәлем! Мен жаман емеспін. Бірақ жемістерді жақсы көретінім сонша, бәрін жеп қойғым келеді. Сондықтан патшалықтағы жемістер шашылып қалды. Маған өз қателігімді реттеуге тырысамын, ал сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә!

Қимылды ойын «Пішінді жемістер»

Мақсаты: : Балалардың геометриялық пішіндерді (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, төрт бұрыш ) ажырата білуін бекіту, жемістерді пішініне қарай сәйкестендіру арқылы логикалық ойлауын, зейінін, жылдамдығын және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ептілікке және белсенділікке тәрбиелеу.


Ойын барысы:Балалар кедергілерден өте отырып, үстел үстіндегі жұлдызқұрт бүлдірген жемістердің пішіндерін тауып сәйкестендіре отырып жабыстырады.


«Дәмінен таны» ойыны

Мақсаты: Балалардың дәм сезу арқылы жеміс-жидектерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, жемістердің атауларын бекіту, сезім мүшелерін, зейінін және сөйлеу тілін дамыту. Жеміс- жидектердің адам денсаулығына пайдасы туралы түсініктерін кеңейтіп, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.

Ойын барысы:Тәрбиеші алдын ала жуылып, кішкентай бөліктерге бөлінген әртүрлі жемістерді (алма, алмұрт, банан, құлпынай, жүзім және т.б.) дайындайды. Балалардың көздері жұмылады немесе көздерін таңғышпен байлайды. Әр балаға кезекпен бір жемістің кішкене бөлігін дәмін көруге береді. Бала жемістің дәміне қарай оның атауын айтады. Дұрыс жауап берген балаға мадақтау сөздері айтылады. Ойын соңында тәрбиеші барлық жемістердің дәруменге бай екенін айтып, оларды күнделікті тұтынудың денсаулыққа пайдасын түсіндіреді.

Балалардың көзі байланып, кішкене жеміс тілімдерінің дәмін татып, атын атайды.

Жұлдызқұрт .

Жұмбақ

Әрі қызыл әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты (Алма)

Тiл үйiрген дәмi бар,
Сары алтын түс – сәнi бар.
Шақсаң егер кептiрiп,
Сүйегiнiң дәнi бар (Өрік)

Қызыл жүрек пішіні

Дәмі сондай керемет

Ұсақ ұсақ дәнегі

Сүп-сүйкімді көрінеді.(Құлпынай)

Қорытынды

Жұлдызқұрт:Рақмет, балалар! Сендердің арқаларыңда патшалық қайтадан әдемі болып қалды. Енді мен жемістерді бүлдірмеймін, оларды күтіп-баптауға көмектесемін.

Жемістер ханшайымы:Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Балалар, жеміс-жидектерді жуып жеп, табиғатты аялап жүрейік. Сонда деніміз сау, күшіміз мықты болады. Жеміс-жидектерді күнде жеп, денсаулықтарыңды күтіңдер!

Тәрбиеші:Бүгінгі мерекеде жеміс-жидектердің денсаулыққа пайдалы екенін білдік. Әрқашан дәруменге бай тағамдарды жеп, мықты әрі дені сау болып өсейік!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.09.2026
42
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі