400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеміс толы себет

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Тексерген: ............... Жалғасбаев.Е.Б.

Тәрбиеші: Габдуалиева.А.Б.

Өтетін күні: 22.09.2017 жыл

Өтетін тобы: «Гауһар II кіші»

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жеміс толы себет»

Мақсаты: жемістің бірнеше түрі жайлы түсінігін жүйелендіру. Оларды өсіру тәсілдері туралы түсінігін кеңейту. Есте сақтау, зейін қою, ойлау қабілетін дамыту. Қарапайым зерттеу жұмыстарымен айналысу қабілетін қалыптастыру. ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: жемістердің иллюстрацияларымен танысу; «Не қайда өседі?», «Ғажайып қап» дидактикалық ойындары; «Жемістерден не дайындауға болады?» тақырыбында əңгімелесу; муляждарды зерттеу; сынап көру үдерісіне қатысу. Құралдар мен материалдар:жемістер салынған себет – алма, алмұрт, алхоры, жемістердің муляждары, магнитті тақтада үлкен ағаштың суреті, түрлі магнит-жемістер. Сөздік жұмыс:жемістер, ағаш, алма, алмұрт Билингвалды компонент: жеміс – фрукт

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі (Əдіс, тəсілдер)

Балалардың іс-əрекеті

Ынталан дыру қызығу шылық -тарын ояту кезеңі

Педагог жұмбақтың көмегімен

ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй

орнатады.

Тақырыпқа сəйкес балалардың

əлеуметтік тəжірибесі мен бұрын

алған білімдерін нығайтады:

«Қаптың ішінде не бар?» ойынын

ойнауға шақырады.

Оқу қызметінің мақсаттарын

балаларға түсінікті тілмен

түсіндіріп береді: Жеміс дегеніміз

не екенін білу.

Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

Балалар бір-бірлеп қолдарын қаптың

ішіне салады. Алдымен қолына іліккен

заттың не екенін табуы тиіс. Содан соң ол затты алып шығады. Оның не екенін

айтады: жеміс пе, көгөніс пе?

Жұмбақты шешеді:

Үлкендігі алмадай,

Сырты жанған қызыл от,

Ішін жарып қарасаң –

Майда , майда қызыл шоқ.

(Анар)

Өзі қызыл , өзі қызық,

Ортасында бір сызық.

(Шабдалы)

Əрі қызыл, əрі тəтті,

Татқан жанды таңырқатты.

(Алма)

Ізденістік-ұйымдас тыру шылық


Педагогтің қолында балаларға

таныс жемістер салынған қорап

бар. Ол балалардың бірін өзіне

көмекші етіп алады. Көмекші кез

келген суретті алып, оны

педагогке көрсетеді жəне екеуі сол

жеміс туралы айтып береді

(циклдық алгоритмді пайдаланып).

Мысалы, «бұл жемістің түсі сары,

сопақ пішінді, кішігірім, қышқыл,

оны кесіп шайға салады» (лимон);

«бұл жемістің түсі қызыл, домалақ

пішінді, кішігірім, дəмді, тəтті,

одан повидло, компот қайнатады»

(алма) жəне тағы басқа.

Педагог балаларға: «Өздеріңде

«сиқырлы «ағаштарым» бар» деп

елестетіңдер», – дейді. Онда

əртүрлі жемістер өседі.

Балалардан бір-бірлеп тақтаға

келіп, ұнаған жемісті таңдап

алуды жəне оның атын айтып,

ағашқа орналастыруды сұрайды.

Өзекті мəселе: Жемістерді

неліктен ағашқа ілдік? Оларды

неге бақшадағы жүйекке

орналастырмадық?

Сергіту сəті

«Дəмі арқылы тап» ойынын

ұйымдастырады. «Қолымдағы не?» ойынын

ұйымдастырады.

Балаларға адамдардың түрлі

жемістер өсіретінін хабарлайды.

Себебі жемістердің құрамында

дəрумендер өте көп. Бірақ оларды

көп сақтай алмаймыз. Оларды

бірден жеп қоймаса бұзылады.

Жемістер бұзылып кетпес үшін

оларды түрлі тəсілдермен

сақтаймыз. Жемістерден түрлі-

түрлі тағамдар жасаймыз.

Балаларды суға бояу

араластырып, жемістен шырын

дайындайтынын көрсетуге

шақырады.

Үлестірмелі материалдардағы

тапсырманы орындайды

«Жеуге жарамды – жарамсыз»

ойынын ұйымдастырады:

жүргізуші белгілі бір көгөніс,

жеміс, жидек немесе кез келген

заттың атауын атап,

қатысушыларға кезекпен доп

лақтырады. Егер айтылған заттың

тапсырмаға қатысы болса бала

допты қағып алуы тиіс.

Топпен бірге ойнауға болады

(доптың орнына қол

шапалақтайды, егер айтылған

заттың берілген тапсырмаға

қатысы болмаса қол шапалақтайды.

Балалар заттардың сыртқы ерекшеліктерін

айқындап (түсі, пішіні, үлкендігі), содан

соң оларды қандай мақсаттарда

пайдаланатынын анықтауды үйренеді.

түсі пішіні көлемі дəмі қолда-

нуы

«Жемістер ағашта өседі» деген ой түйеді.

Пісіп тұрған төрт алмұрт,

Қызығатын көрген жұрт. (Аспанға

қызыға қарайды).

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратқан. (Алмұрттарды

«үзеді»).

Қанша қалды алмұрттан?(Екі

саусақтарын көрсетеді).

Балалар көздерін жұмып, ауыздарын

ашады.

Жемістің (алма, алмұрт, банан,

апельсин) дəмін татады. Батылдау баланың аузына кішкене лимон тілімін салады.

Балалар əр жемісті жегеннен кейін оны сипаттап береді.

Балалар қолдарын арқасына қойып,

шеңбер құрап тұрады. Педагог оларға

жемістердің муляждарын салып шығады.

Содан кейін бір жемісті көрсетеді. Сол

жемістің өз қолында тұрғанын білген

балалар белгі берілген кезде педагогтің

қасына жүгіріп барады. Қолында тұрған

жеміске қарауға болмайды. Оны тек

қолымен ұстап қана біле алады.

Балалар аналары мен əжелерінің жемістен

не дайындайтынын айтады: тосап, нəрсу,

бəліш жəне самсалардың ішіне салады.

Шыққан сұйықтықтың түсіне қарап,

мұндай əдемі сусынның қандай жемістен

дайындалатынын табады.

Əр қатардағы басы артық суретті түрлі

түсті қарындашпен қоршап сызады.

Бала педагог айтқан заттың жеуге

жарайтын жəне жарамайтындығын

анықтайды. Егер жарамды болса допты

қағып алады (немесе қол шапалақтайды).

Рефлек сивтік-түзетуші лік кезеңі

Балаларды зерттеу жұмысын

жасағаннан кейін қалай өскенін

білу үшін созылуға шақырады.

Көңіл күйін білдіреді. Өздерінің

жұмысына баға береді. Алған əсерлері

жайлы əңгімелейді.

Күтілетін нəтиже:

айтып береді: жемістің бірнеше түрінің атауын біледі;

түсінеді: жемістерді өсіру жолдарын біледі;

қолданады: анализаторлардың көмегімен жемістерді зерттеуді біледі; алған білімін

ойын барысында пайдалана алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
2476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі