400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жемістер"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге сабақ жоспарын жасауға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

Мақсаты:

Білімділік: Жеміс түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Ой-өрістерін, тілдерін, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, саусақ қимылдарын, сенсорлық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, мақтау, мадақтау.

Көрнекілік: Суреттер, себет, жемістер, түрлі түсті қарындаш, ермексаз, тақша, сүлгі, ақ парақ, жеміс бөліктері, фланелеграф тақтасы мен көрнекілігі.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, мүсіндеу.

I.Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Балалар, қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме?

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын дөңгеленіп тұрып, күн тәріздес мына шарды алып, бір-бірімізге жасқсы сөздер айтып, жылы лебіздерімізді білдірейік.

Жылулық шеңбері

-Аружан саған зор денсаулық тілейміз!

-Қанағат саған бақытты балалық шақ тілейміз!

-Кәусар аспаның ашық болсын!

-Елімізде бейбітшілік болсын!

-Ата-анамыз, достарымыз, туған-туыстарымыз аман болсын!

-Жақсы балалар енді орындарыңа отырыңдар.

Суретпен жұмыс

-Балалар, мына суретке қарап, айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз

-Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

-Күн суытып, жаңбыр жиі жауады, жел соғады. Ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі.



II.Негізгі бөлім

Суретпен жұмыс

-Балалар мына суретке қараңдаршы. Бұлар – жемістер. Жемістер күзде піседі екен. Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, банан, мандарин жатады. Жемістердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Жемістерді көп жесеңдер, сендер үлкен болып өсесіңдер. Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Жемістердіен тосап, кампот қайнатады. Жемістер бақта, яғни ағашта өседі.

Тосын сәт:

Тәрбиеші:

-Балалар есікті біреу қағып тұр, кім екен?

-Бағбан

-Бағбан жемістерді қарайтын адам. Осы кісінің арқасында біз осындай жемістерді жейміз.

Бағбан:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерге жеміс толы себеп әкелдім. Егер менің екі тапсырмамды орындасаңдер, мен сендерге себеттегі жемістерді беремін.

1-тапсырма. Фланелеграф тақтасымен жұмыс: «Дәл сондай жемісті тап» Балаларға жеміс түрлері айтылады, олар оны танып тақтаға жапсырады.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Қолға қала аламыз.

Жазуды да жазамыз,

Суретті де саламыз.

2-тапсырма. Үстел-үсті дидактикалық ойыны: «Бөліктерді құрастыр»

Балалар үлгіге қарап жеміс бөліктерін құрастырады.

Бағбан:

-Жарайсыңдар балалар мен сендерге жемістерімді беремін.

-Жемістерді жуып, дәмін, пішінін, түстін ажыраттыру.

III.Қорытынды:

-Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

-Қане, тақтаға қарап жемістерді атап беріңдерші?

-Балаларды мақтап, мадақтап сабақты қорытындылау. Балаларға бес жұлдыз беру. Әрбір балаға күліп тұрған смайликнтер тарату.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
595
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі