400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жемістер"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілерге арналған. балаларға жемістер туралы түсінігін кеңейтуге арналған . өз ашық сабақтарында қолданады. Ойын түрінде көрсетуге де болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырыбы: «Жемістер»
Мақсаты:
Білімділік: Баланың жемістер туралы білімін арттыру, жемістерден
алынатын дәрумендер туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық : Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын
молайту, қол саусақ , ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Ойын, түсіндіру, көрсету, қалам, дәптер, сұрақ - жауап
Көрінекіліктер: жемістердің суреттері, жемістердің көлеңкесі, кеспелі
суреттер, мнемокестесі, ермексаз, музыка, себет.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Баламен амандасу.
2. Шаттық шеңбері:
«Көңіл күй» музыкамен
ІІ. Негізгі бөлім :
1. Сұрақ-жауап
- Қазір қай мезгіл?
–Қыс.
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыс мезгілінде ауа райы қандай?
- Күн суық болады. Қар жауады, боран соғады.
- Қардың түсі қандай?
- Ақ
- Қар жылы болама, суық болама?
- Суық болады.

-Қарды көп ұстасақ, суықта көп жүрсек біз ауырып қаламыз. Ауырып қалмау
үшін бізге дәрумендер керек.
- Дәруменді қайдан аламыз?
- Жемістерден.
-Қандай жемістердің түрлерін білесіңдер?.
Жемістердің карточкаларын көрсетіп оларды атап беруін, көрсетуін сұрау.
-Алма, алмұрт, өрік , шие, жүзім, банан .
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсың.
Жемістерді көбірек жеп тұру керек. Жемістердің құрамында көптеген
дәрумендер болады, ол адамның деңсаулығына өте пайдалы. Жемістерде
құрамында су, қант қышқылы А-,В-1,В-2 С дәрумендері бар. Жемістерді
міндетті түрде жуып жеу керек. Жемістер туралы біраз мағлұматтар алдық.
2.Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап.»
Шарты: Жемістерді көлеңкесі арқылы сәйкестендіру.
Кеспелі суреттер арқылы жемістерді құрастырып берші.
3.Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың ,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
4. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы себет»
Шарты: Шамның жарығы арқылы себеттегі суреттерді тапқызу, атап
айтқызу.
5.Саусақ жаттығуы: Суреттегі бананды ермексазбен толтыру.
ІІІ. Қорытынды:
Бүгінгі сабағымыз саған ұнады ма?
Қандай сабақ өттік?
Жемістердің бізге берер пайдасы қандай?
Дәрумендер не үшін қажет?
Мадақтау
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.02.2022
426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12