400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

жемістер

Материал туралы қысқаша түсінік
арнайы оқу мекемелеріндегі дефектолог мамандарына арналған материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жемістер және олардың түрлері

Мақсаты: Балаға жемістер туралы түсінік беру (алма, алмұрт, банан, лимон, апельсин) түстер мен пішіндерін ажыратуға үйрету.

Білімділік: Жеміс түрлері, қасиеттері туралы мағлұмат беру, атауларын атап, дәмдерін ажырата алуды, танып білуді үйрету және пайдалығымен таныстыру.

Дамытушылық: Сөйлеу есту қабілетін, фонематикалық көріністерді, жалпы сөйлеу дағдыларын, есте сақтауды, сөйлеуді қозғалыспен үйлестіруді, ірі және ұсақ моториканы дамыту.

Түзетушілік: Дұрыс, анық сөйлеуін. Ұсақ және ірі моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Белсенділікке, бастамашылыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Жемістердің муляждары, жемістер, жемістер суреттері, мнемотехника карточкалары, қима суреттер, бейнеролик.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері

Дефектолог маманының іс- әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Бүгін бізге қонақтар келіпті амандасайық.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық,

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық,

Күннен шуақ алайық.

Алақанға салайық.

Күн шуағын апайларға сыйлайық

(Алақанын үрлейді)

Тамаша! Олай болса біз бүгінгі сабағымызды бастайық.

Маманмен бірге орындайды











Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балақай қарашы мұнда бізге кім келіпті?

- Оның қолында не бар?

- Дұрыс айтасың. Біз осы дорбаны ашып, ішінде не бар екенін көзді жұмып, қолмен сезу арқылы табайық.

-жарайсың, не екен? Қайталап сұрау

-біз бұларды бір сөзбен жемістер деп атайды. Бүгінгі сабақта жемістермен жұмыс жасайтын боламыз. Жемістер ағашта өседі, сол себепті оларды жемістер деп атайды. Жемістерде көптеген біздің денсаулығымызға қажет дәрумендер бар. Жемістерді жемес бұрын, ең алдымен суға жуу керек.

-Мынау қандай жеміс? Түсі, пішіні, дәмі қандай?













-Керемет! Қазір біз жемістер туралы қызықты тапсырмалар мен ойындар ойнайтын боламыз.

-Әр орындаған тапсырмаңа мен саған алма беріп отырамын, алманы талға жабыстыру арқылы талды толтырамыз.

1. Жемістер ойыны (жемістердің атын оқытып сәйкестендіру) клей жағу арқылы

2. Жекеше –көпше (алма-алмалар, банан-банандар, лимон-лимондар, алмұрт-алмұрттар, апельсин-апельсиндер)

Сергіту сәті.

3. Мнемотехника

4. Нейрогимнастика

5. Кеңістікті бағдарлау. (жемістің үстелдің қай жерінде екенін айту)

6. Қима суреттерді құрастыр





7. Жемістер мен көкеністерді ажырату



8. Дәмін татып ажырат (жемістердің дәмін жеу арқылы көзді жұмып айту)

Қоян

Дорба



Бала өз жауабын айтады



Алма, алмұрт, банан, лимон, апельсин













-Алма, түсі қызыл, пішіні домалақ, дәмі тәтті

-алмұрт сопақ, жасыл, дәмі тәтті

-лимон сопақ, сары, дәмі қызқыл.

-банан сары, ұзын сопақ, тәтті

-апельсин қызғылт-сары, домалақ, дәмі қышқыл















Бала қызыға орындайды.











Жемістердің 2-ге, 3-ке, 4-ке қиылған суреттерің үлгіге қарап құрастыру және қандай деміс екенңн екендігін атайды

Тақтадағы екі себетке жемістер мен көкеністерді ажыратып жабыстырады.



Бала тәрелкеге алдын ала кесілген жемістерді көзді жұмып, дәмін тату арқылы жеміс түрін атайды.

Рефлексифті түзетушілік

Жарайсың! Сен барлығын дұрыс орындадың. Тал алмаға толды. Бүгінгі сабағымызда біз не туралы өттік?

Жемістерге не жатады?





Жемістер

Алма, алмұрт, банан, апельсин, лимон.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Тапсырмаларды кезеңімен орындайды. Сұрақтарға жауап береді.

Түсінеді: Жемістердін қайда өсетіндігі. Оның пайдасын. Жемістер мен көкеністердің айырмашылығын.

Қолданады: Тақырыпқа байланысты суреттер, кескіндемелер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11.02.2025
239
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі