жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жемістер бағына саяхат
«Күншуақ» екінші сәбилер тобы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Коммуникация
Бөлімі : Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы : Жемістер бағына саяхат
Дайындаған: Беккулова Бақыт Ережепқызы
Құлсары қаласы 2016жыл
Білім беру саласы:Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Жемістер бағына саяхат
Мақсаты: Жемістерді таныстыра отырып,3-4 сөзден тұратын сөйлем құрастыруға дағдыландыру,сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді дұрыс айтып беруге тәрбиелеу,жемістер туралы ұғымдарын кеңейту.
Қажетті құрал: Жемістер,себет,суреттер,интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдері :Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын сергіту,күтпеген сәт.
Әрекет кезеңде |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті.
|
|
Шаттық шеңберге тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын айтып,қимылдар жасайды. Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң,балалар, Қайырлы таң,апайлар! |
Шеңберге тұрып,тақпақты қимылмен айтады. |
Мотивациялық қозғаушылық |
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде сөйлеуді дамыту сабағынан «Жемістер бағына саяхат» тақырыбына арналған сабағымызды бастаймыз. -Балалар қазір қандай мезгіл? -Ауа райы қандай? Күзде табиғат ерекше күйге енеді.Жапырақтар сары түске боялады.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күн біртіндеп қысқарады,жауын-шашын көбейіп,күн суытады.Күзде жеміс-жидектер піседі.Күз мезгілінде 3 ай бар,Олар:Қыркүйек,Қазан,Қараша. Күз –жылдың берекелі мезгілі.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақ : Аспай түскен, Қайнамай піскен. Ол не екен ? -Дұрыс ,балалар жемістер екен.Жемістерге не жататынын білесіңдер ме?(Интерактивті тақтадан жемістердің суреттерін көрсетіп,түсіндіру.) Жемістер дәрумендерге өте бай.Жемістерден тосаптар мен шырындар жасаймыз. -Балалар жемістер бағына саяхатқа барайық. -Балалар міне жеміс бағына келдік кәне балалар бағбан апаймен амандасайық. -Сәлеметсіз бе? Бағбан апай: –Сәлеметсіздер ме балалар қош келдіңіздер қайдан келесіздер? Балабақшадан Бағбан апай: –Балалар менің бағымда барлық жемістер өсіп тұр,мен оларды күтіп баптап өсіремін,күнде су құямын,осы еңбегімнің арқасында жеміс жеудемін. -Менің бағыма кіру үшін мен сендерге сұрақ қоямын. -Балалар жемістер қайда өседі?Жемістер ағаштың басында өсе ме,жерде өсе ме? Бағбан апай :–Жарайсыңдар балалар келе қойыңдар. -Міне бізде жемістер өте көп Сендер қандай жемістерді білесіңдер? Бағбан апай :–Енді жемістер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Бағбан апай: -Жарайсыңдар балалар. -Енді балалар маған жемістердің атын,түрін,пішінін айтып бере қойыңдар? Бағбан апай :–Жарайсыңдар.Неткен дарынды балаларсыңдар.Мен сендерге мынадай сый дайындап қойдым.Оны тәрбиешілеріңе берейін.Ол сендерге балабақшаларыңа барған соң таратып береді. -Кәне балалар саяхатымыз аяқталды енді сиқырлы ізбен балабақшамызға барайық,балалар кәне «Жемістер» әнін орындайық. Сергіту сәті. Алма баққа барайық, Алма теріп алайық. Ең үлкенін дәмдісін, Анамызға сыйлайық.
|
-Күз мезгілі. -ауа-райы салқын.
Жеміс.
Жемістердің қандай пайдасы бар екенін айтып өту.
-Бақта,ағашта өседі.
-Алма,алмұрт,шие, Жүзім,өрік
Диас: Мен алмұтпын,алмұртпын Аузындамын бар жұрттың Бекзат :Мен өрікпін,өрікпін Табиғатқа көрікпін Асхат: Мен алмамын,алмамын Таңдайда қалар бар дәмім. Арсен: Мен жүзіммін,жүзіммін Моншақ болып үзілдім Нұрзила :Мен шиемін,шиемін Күннің көзін сүйемін Қышқыл шырын менде бар Төмен басын иемін.
Балалар түрін,түсін,пішінін айтады.
Балалар бірге ән салады.
Әнді бірге шырқайық. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Бүгінгі сабақты қортындылайық. Бүгін біз қайда бардық? Жемістер бағына саяхатқа,жемістер қайда өседі екен? Жемістер дәруменге бай,денсаулыққа пайдасы көп.Жемістерді ағаштан үзе салып жеуге болама? Оқу іс-әрекет жақсы қатысқан балаларды мақтап,мадақтап жемістер тарату.
|
Жемістер бағына.
-Бақшада,ағашта өседі.
-Жуып жейміз. |
Біледі: Жеміс түрлерін атап,пішінін,түсін біледі.
Игереді: Жемістің қайда өсетінін түсінікті игереді.
Хабарлама!
2016-шы жылдың қараша айының 14-ші жұлдызында «Күншуақ»тобының тәрбиешісі Беккулова Бақыттың «Коммуникация»білім беру саласынан, «Сөйлеуді дамыту»бөлімінен ашық сабақ өтеді.
Өтетін орны «Күншуақ»тобы
Уақыты 14 .11.2016жыл
Сағат 10.00

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген