жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жемістер жыры
Атырау облысы. Қызылқоға ауданы. Тасшағыл ауылы.
«Жазира» бөбекжай балалар бақшасы
Жалғасова Алтын.
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Жаратылыстану Тақырыбы: Жемістер жыры Мақсаты: 1. Балаларға жемістер туралы түсінік беру, түстері мен пішіндерін ажыратуға үйрету.Денсаулыққа пайдасы туралы мағұлмат беру. 2. Ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту. 3.Табиғатты қорғауға бақша өсімдіктерін баптап күтуге тәрбиелеу. Билингвальдық компонент: Жемістер- фрукты Байланысқан сабақ: Тіл дамыту, математика, саз, дене тәрбиесі,Көркем әдебиет Әдіс – тәсілі: Сұрақ-жауап,Мнемокесте, топтастыру, саяхат,ой қозғау, кубизм әдісі
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Ұйымдастырушы қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Суретпен жұмыс
Блинг. комп
Тосын сәт:
Күтпеген сәт
Ойын
Сергіту сәті
Ойын
Жетекші жөндеуші
|
Шаттық шеңбері: Армысың қайырымды Аспан -ата Армысың шұғылалы алтын күн Армысың мейірімді жер ана Армысың балабақша достарым! Өрік , шие, алма, алмұрт, жидек Жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз Қоймаларға түседі. Айтыңдаршы балалар Бұл қай кезде болады? Балалар өлең жылдың қай мезгілі туралы айтылған. Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі неше айдан тұрады. Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай? Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы. «Жемістер жыры» деп аталады. Жаңа сабақ бастамас бұрын өткен сабақты есімізге түсірейік. Жұмбақ 1 Жер астында жер қазық 2 Көкала көстьюм киеді Бойын жерге жасырған. 3 Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. 4 Көк аланы көгенде көрдім, Көгеннен қиып жегенде көрдім. Міне балалар жұмбақтың шешуі көкөністер туралы екен.Бүгін жемістер туралы білетін боламыз. Балалар мынау не? Мынау не? Басқа жемістерді де сұрау. Бұлардың бәрін бір сөзбен жеміс тер деп атаймыз. Жемістер бақта өседі. Жемістер - фрукты «Жемістер жыры» өлеңін оқу ( Үнтаспадан) Дәрігердің келуі. Балалар сендер Жемістер бағына саяхатқа барғыларың келеме. Олай болса автобуспен барамыз. « Күзгі вальс »әнін айтайық Міне балалар жемістер бағына да келіп қалдық.Бағбаншы ата: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен Бағбаншы атамын. Балалар сендер менің бау-бақшамның жемісін көруге келдіңдер ме? Балалар жемістердің сендерге берер пайдасы мол.Олардың құрамында витаминдер бар.Олар сендердің ауырмай өсулеріңе көмектеседі. Балалар жемістер бізге үлкен еңбекпен келеді.Біз оларды егеміз суарамыз, баптап күтеміз. Жұмбақ жемістер туралы 1 Аспай піскен Қайнамай түскен 2 Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты Ата: Жұмбақты дұрыс шештіңдер Балалар кім еңбек туралы маақал айтады. Ағаштың басынан қандай жемістерді көріп тұрсыңдар. Олардың түсі мен пішіні қандай. Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз болды, енді атаймен қоштасайық. Жаңылтпаш айтайық. Логикалық тапсырма: Кім тапқыр. 1.Табақта үш алма Қолымда екі алма. Барлығын қосқанда Шығады неше алма 2.Үш алмұрттың біреуін Досым сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолымда қалады. «Тыңдау- Көру- Орындау» әдісі. Мен қазір жемістер мен көкөністердің атын атаймын сендер мен айтқан қимыл іс-әрекетті орындайсыңдар. «Алма» қолдарынды шапалақтаңдар. «Алмұрт» орындарыңнан тұрыңдар. «Қияр» бір орында секіріңдер. «Қызанақ» оң қолдарыңды көтеріңдер «Бақта ма бақшадама» О/ш: Жемістер мен көкөністердің суреттерін бақ пен бақшаға орналастыру. Балалар біз «Жемістер жыры» өлеңін қайтадан есімізге түсірейік Бүгін ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізде не жайлы айттық. Жемістерге нелер жатады? Жемістер қайда өседі? Жемістерден не жасайды? Балаларды мадақтау
|
Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталап айтып амандасады.
Өлеңді мұқият тыңдайды. Күзде Күз мезгілі Үш айдан Күн суытады,жаңбыр жауады жапырақтар сарғаяды, жемістер, көкөністер т.б Сәбіз қарбыз жуа
қауын
алма алмұрт
Бірге қайталайды Өлеңді мұқият тыңдайды
Балалар қуанады.
Иә
жеміс
алма
Еңбектің наны тәтті Жалқаудың жаны тәтті Еңбек етсең ерінбей Тояды қарның тіленбей
Балалар ағаштың басын - дағы жемістерді атайды. Балалар атаймен қоштасып, топқа қайтады. Бақшада - алма Айшада - ақша Алма теріп балақайлар Алақайлар Талапайлар Балалар көрсеткен қимылды орындайды. Балалар қолдарындағы суреттерін бақ пен бақ- шаға орналастырады. . Мнемо кесте арқылы. өлеңді жаттау
Алма, алмұрт, жүзім т.б Бақта өседі Компот, тосап жасайды
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жемістерді атайды және түсін, пішінін ажырата білуі
Түсінеді: Жемістердің денсаулыққа пайдасын түсінеді
Қолдана алады: Сұрақтарға жауап береді, жұмбақты шешеді кесте арқылы өлеңді жаттайды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген