400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЖЕМІСТЕР ЖЫРЫ АШЫҚ САБАҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ КӨМЕК РЕТІНДЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖШС «Дастан 2016» «Нұр» балабақшасы







Shape1

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі







“Айгөлек” тобының тәрбиешісі:

Ескалиева Динара Кабдрахимовна









2019-2020 оқу жылы



Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



Тобы: «Айгөлек» ересек тобы

Күні: 27.11.2019ж

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Тақырыпша: «Дұрыс тамақтану, Дәрумендер»

Білім беру саласы: Коммуникация/ шығармашылық

ҰОҚ: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жемістер жыры» Рза Қунақова

Мақсаты: Өлең мазмұнын ашу.Өлең ырғағын келтіре отырып,тіл ерекшелігін, көркем сөздерін түсіну, әр шумағын қайталау барысында ойлау қабілетін дамыту. Жемістердің пайдасы туралы айтып, құрамындағы дәрумендері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жемістердің суреттері, муляждар,

Әдіс – тәсілдер: триз технологиясы және тәй – тәй технологиясы

Сөздік жұмыс: жемістер

Билингвалды компонент: Алма – яблоко – apple, алмұрт – груша – pear, банан - банан – banana, жүзім – виноград – grapes, шие – вишня - cherry

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс- әрекеті

І - кезең Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Жұмбақ шешу:

Жиып -теріп болатын, Қамбаға астық толатын. Жапырақтар жер бетіне тарайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?

Шаттық шеңбер

орындалды.








Күз

ІІ - кезең Ұйымдастырушылық ізденушілік

  • -Қазір жылдың қай мезгіл?

  • -Күз мезгілінде неше ай бар?

- Балалар, күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?




-Күз мезгілінде нелер піседі екен?

Тосын сый.

-Балалар мен бүгін балабақша келе жатып, бақшадан «Ғажайып қорапша» тауып алдым.

- ішінде не бар? - тауып көрейікші.

- күзде пісетін, адамға пайдалы, ол не?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар?

-Қандай жемістерді білесіңдер?

-Олар қайда өседі?

-Алма,алмұрт, өрікті , шиені бір сөзбен жемістер дейміз.

- Жемістер денсаулыққа пайдалы. Өйткені оның құраманыда дәрумендер көп. Жемістерді жеген кезде қолды жуып жеу керек. Бас салып, қолға түскеннің бәрін

жей берген де дұрыс емес шығар. Қандай жемістерді көбірек жеген пайдалы. Ауырмаудың жолы – жеміс жеу.

- Балалар сендер жемістер туралы тақпақ білесіздер ме?

  • Балалар жемістердің орысша, ағылшынша атауын айтып көрейікші

Билингвалды компонент:

Алма – яблоко - apple

Алмұрт – груша – pear

Банан- банан - banana

Жүзім – виноград - grapes

Шие – вишня – cherry

- Осы жемістер туралы ақын Рза Қунақованың «Жемістер жыры» өлеңімен танысамыз. Мәнерлеп оқып беру.Тыныш отырып өлеңді жаттау.

Нарттай қызыл алмам бар,

Жазда әдемі киінем,

Мәз болады алғандар.

Тілді балдай үйірем.

Көктемде ерте гүлдеймін

Уылжыған өрікпін

Кешігуді білмеймін.

Мен бау – бақша көрікпін.

Сұрақ-жауап: -Балалар, алманың түсі, дәмі, пішіні, қандай ? -Балалар, өріктің түсі, дәмі, пішіні, қандай?

-Алма, өрік қашан гүлдейді?


Дидактикалық ойын: «Жемістердің бөлігін тап» ойналады.

Мақсаты: Балаларға кесілген жеміс суреттерінің бөлігін табу.

Үстел – үсті ойын орталығында «Жемістерді не жейді?»












Сергіту сәті: «Қызыл өрік» өлеңі



Дидактикалық ойын: «Себетке жемістерді түстерімен орналастыр»

Дидактикалық ойын: «Жемістерді сандармен топтастыру»


Ж еміс суреттерін бояу








-Жемістердің суретін ағаштарға орнатады.

Топтық жұмыс: «Жемістердің көлеңкесін табу»

Күз мезгілі

3 ай бар

Күн суық болады, жаңбыр жиі жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Көкөністер, жемістер






Жемістер


- Алма,алмұрт,өрік, шие т.б.

-Ағашта өседі





Жемістер туралы мағұлмат алады







Сезім :

Мен алмұрпын,алмұртпын,
Күздежинапалатын,
Балбырағанбіреуін.
Жесеңтойыпқалатын.

Айана:

Мен шиемін ,шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Басынды төмен иемін





Балаларға үш тілде жемістердің атауын атайды







Өлеңмен танысып, бірге өлең жолдарын жаттайды




Сұрақтарға жауап береді




Жемістердің сыңарын тауып құрастырады. Аты мен түсін , пішініні айтады.






Жемістерді қандай аң жейтінін табады







Қимылмен жасайды



Ойынға қызығушылықпен қатысады














Ойынға белсене атсалысады







Жемістердің суретін бояйды



ІІІ - кезең Рефлексивтік түзеуші

  • Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Жемістер адамның ағзасына пайдалы ма?

  • Сендер қандай жемісті ұнатасыңдар?

  • Бүгін біз қандай өлең жаттадық?

  • Ендеше осы өлеңді кім жатқа айтады.

  • Мадақтау .Балалар бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар. Сіздерге көп - көп рахмет.

  • Бағалау: сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мен сендерге фетрден жасалған жемістер таратамын.


Сұрақтарға жауап береді




Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Жемістердің орысша, ағылшынша атауын айтады

Түсінеді: Жемістер не үшін пайдалы екенін, олардың қайда өсетінін;түсінеді

Қолданады:  "Жемістер жыры" өлеңін тыңдай отырып,әр жемістің өзіне тән тілді үйіретін дәмі, түсі бар екендігін ойын арқылы көрсетуді.





























































КМҚК «Жазира» балабақшасы










Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Жемістер жыры»

















Тәрбиеші: Кенжеева К



2018-2019 оқу жылы



















Ұ йымдастырылған технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Жемістер жыры (өлең).

Мақсаты: Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді (алма, өрік, қара өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Жемістер туралы түсініктерін дамыту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын «түсіндіру»

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жемістердің суреттері, муляж, хрестоматия.

Әдіс тәсілі. түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.



Балалардың

әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Қайырлы күн!

Қайырлы тан!.

Балалар,осындай жақсы көңіл- күйімізбен орнымызға отырайық.

Қане, балалар есімізге түсірейікші қазір жылдың қай мезгілі? Жыл мезгілі жайлы балаларға сурет бойынша әңгіме құру.

Балалар, қазір жылдың күз

мезгілі күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі. Күзде жаңбыр көп жауады. Балалардың назарын тақтадағы көрнекі суреттерге аударып, оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстырады. Балалар бүгінгі өтетін оқу іс-әрекетіміз көркем әдебиет. Балалар бүгінгі күнді тамаша әнмен бастағым келіп тұр. Олай болса, бәріміз шеңбер бойымен айналап тұрамыз.

«Күз жомарт» әнін орындайық:

Тоңазып атырап.

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ.

Саудырап түседі.

«Күз-жомарт»-дейміз біз.

Жемісін жейміз біз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бірігіп айтады. .

Балалар жауабы.

Күз

Балалар бірігіп қайталап айтады

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?

-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

-Қандай жемістер білесіңдер?

-Ал енді, балалар, мына өлең шумағын тыңдайық.

Алма:

Қарттай қызыл алма бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр»-деймін.

Уылжыған өрікпін,

Мен баубаққа көрікпін.

Қара өрік:

Қара өрік деген атым бар,

Меннен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге

Кейде менің хақым бар.

Алыңдар баққа ектіріп,

Сақтаңдар ұзақ кептіріп,

Шаймен ішкен сусындар «Па, шіркін-ай!» деп тұрып.

Оқылған өлен шумақтарын, балаларға толығымен түсіндіріп,. Әңгімелеп беру.

Сергіту сәті:

Алма, алма, көп алма.

Қызыл жасыл көк алма.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Күз, күз мезгілі

Алма, шие

өрік.

Сергіту сөзіне қимыл-қозғалыс жасайды.

Қортындылау

Балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетімізден алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрап оқу іс-әрекетін аяқтайды

Балалар жауабы.



Күтілетін нәтиже: жемістер мен көкөністерді ажырата біледі.

Нені білді: Үлкендердің еңбегін бағалай білуді. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыруды.


















Білім беру саласы: Коммуникация, таным, шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Көркем әдебиет.

Мақсаты:тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Жемістер (алма,алмұрт,қараөрік) атауларын атау.Олар туралы білімдерін бекіту,сөздік

қорларын жетілдіру,танымдық қабілеттерін арттыру, саусақ моторикасын

дамыту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.Мнемотехнологияны қолдана отырып,

өлең жолдарымен таныстыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:жемістердің суреттері, муляж, дидактикалық ойындар, слайд

Сөздік жұмыс:жемістер,алма,алмұрт,қара өрік.

Билингвальдық компонент:алма-яблоко,алмұрт-груша, қараөрік-слива, жемістер-фрукты.

Оқу- қызметінің барысы:

Балалар топқа музыка әуенімен кіреді.

Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті,кәнекей,бәріміз бірге

амандасайық. Сәлеметсіздерме?

Ал енді орындарына отыра қойыңдар.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс жылдың күз мезгілі.

-Күзде ауа райы қандай болады?

-Дұрыс салқын болады.

-Не жауады?

-Дұрыс жаңбыр жауады.

-Қандай жемістерді білесіңдер?

- Алма,алмұрт,қара өрікті, шие т.б.

-Олар қайда өседі?

-Ағашта өседі

-Алма,алмұрт,қара өрікті бір сөзбен жемістер дейміз.

- Осы жемістер туралы ақын Рза Қунақованың «Жемістер жыры» өлеңімен

танысамыз.Тыныш отырып өлеңді тыңдаймыз.Мәнерлеп оқып беру.

Алма:

Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем

Алмұрт:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім

Қара өрік:Қара өрік деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жеуге,

Кейде менің хақым бар.

Алыңдар баққа ектіріп,

Сақтаңдар ұзақ кептіріп.

Шаймен ішкен сусындар.

«Па шіркін-ай!»-деп тұрып.

Оқылған өлең шумақтарын сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу,талқылау.

Тәрбиеші:Алма қайда өседі?

Балалар:Алма-алма ағашында өседі.

Тәрбиеші: Алманың дәмі қандай?

Балалар: Дәмі тәтті.

Тәрбиеші:Алманың түсі қандай?

Балалар:Алманың түсі қызыл.

Тәрбиеші:Алманың пішіні қандай?

Балалар:Алманың пішіні дөңгелек.

Тәрбиеш:Алмұрт қайда өседі?

Балалар:Алмұрт-алмұрт ағашында өседі.

Тәрбиеші: Алмұрттың дәмі қандай?

Балалар: Дәмі тәтті.

Тәрбиеші:Алмұрттың түсі қандай?

Балалар:Алмұрттың түсі сары.

Тәрбиеші:Алмұрттың пішіні қандай?

Балалар:Алмұрттың пішіні сопақша.

Тәрбиеші:Қара өрік қайда өседі? Дәмі қандай?

Тәрбиеші: Осы жемістерден сусындар дайындайды.Жемістерде дәрумендер

көп.

Билингвизм жургізу:жемістер-фрукты,алма-яблока,алмұрт-груша,

қара өрік-слива

Сергіту сәті:

Алма ағашы өседі (балалар ақырындап орнынан тұрады)

Тіпті биік деседі.(балалар қолдарын көкке созып,аяғынын ұшымен тұрады)

Содан кейің гүлдейді(балалар саусақтарының арасын ашып,оңды-солды

шайқала бастайды)

«Біл осыны балақай!» (балалар орындарына отырады)

Ғажайып сәт:Кірпі

Сәлеметсіздерме,балалар?Мен ормандағы ғажайып себетімді алып келдім.Онда орындалатын тапсырмаларым бар. Балалар,кірпінің тапсырмасын орындаймыз ба?

«Жемістерді түстеріне сәйкес жина»

Мақсаты:жемістердің ағашта өсетінін және олардың түстерін

атын атап айта білуге дағдыландыру

«Сусын жасау».

Мақсаты:балаларға жемістердің түстеріне сәйкес топтастыру және оларды

атау.

«Жемістердің бөлігін тап»

Мақсаты:әр жемістің бөлігін таба отырып ойлау қабілетін дамыту

Балалармен жеке жұмыс жасау.

Қорытынды:

Балалар,бүгін біз қандай өлеңмен таныстық?

Балалар,өлеңде қандай жемістер туралы айтылған?

Нарттай қызыл деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жемістерден не жасаймыз?Алма жемісінен-алма сусынын жасаймыз.

Алмұрт жемісінен-алмұрт сусынын жасайды.Қара өрік жемісінен қара өрік сусынын жасайды.

Кірпі: Балалар,сендерге көп-көп рахмет.Қош сау болыңдар?

Бүгін бізге қонаққа не келді? Сендерге оқу қызметі ұнады ма?

Қош сау болыңдар!

Балаларға алма,алмұрт және сусындар таратып беру

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады:жемістердің аттарын айтуды;

Түсінеді:жемістің қайда өсетінін;

Қолдана алады: "Жемістер жыры" өлеңін тыңдай отырып,әр жемістің өзіне тән тілді үйіретін дәмі, түсі бар екендігін ойын арқылы көрсетуді;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
627
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі