Материалдар / "Жемістер жыры" Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жемістер жыры" Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2021
290
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жемістер жыры» өлеңі Рза Қунақова

Мақсаты: - Балаларға жемістер жайлы түсінік беру. Өлеңнің мазмұнын ашу, тіл байлықтарын арттыру. Сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Суреттер, компьютер,жемістер

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, өлең, ойын, ТРИЗ технологиясы


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі



Мотивациялық - қозғаушы



















Ұйымдастыру – ізденушілік



















































































Рефлексивті – корррекциялау-шы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу: - Балалар, бүгін біздің тобымызға сендердің білімдеріңді байқау үшін басқа топтың апайлары қонаққа келіпті.Қане, қонақтармен сәлемдесейік.

Үлкенге сіз,

Кішіге де сіз.

Апайларды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Сәлеметсіздер ме, апайлар!

- Жарайсыңдар,енді жақсы көңіл – күймен оқу қызметімізді бастайық.

- Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырамын,мұқият тыңдаңдар:

Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.

- Дұрыс таптыңдар,ал, сендер қандай жемістерді білесіңдер?

-Жемістерден не жасайды? (компот,тәтті шырын,салат, тосап түрлерін таныстырады)

Компьютерден жемістердің түрлерін көрсету. Түсі, пішіні жайлы сұрау.

Жемістердің пайдасы туралы түсіндіру.

Алманы көп жеу – түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады,ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді.Оның құрамында А,С дәрумендері бар.

Алмұрттың құрамында С дәрумені бар. Жүрек, қан тамырлары, бүйрек ауруларының алдын алады.Ыстықты түсіретін пайдасы бар.

Қара өріктің құрамында А дәрумені бар, көзді емдеуде қолданылады. Жүрек қызметін жақсартады.

Сары өріктің құрамында С,В1,Р дәрумендері бар.Өрік дәндерін медицинада жөтелді басатын дәрі ретінде пайдаланады. Өрік мидың дұрыс жұмыс ісеуін қамтамасыз етеді. Тістің беріктігін арттырады.Өріктің қан аздыққа, жүйке ауруларына, жүрек ауырғанда пайдасы бар.

Жемістердің құрамында дәрумендер өте көп.

-Бүгін сөйлеуді дамыту оқу қызметінде Рза.Қунақованың «Жемістер жыры» деп аталатын өлеңімен танысамыз.


Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр», - деймін

Уылжыған өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Қара деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге,

Кейде менің хақым бар.

Балаларға қайталатып айтқызу.

Ғажайып сәт: Қызыл Телпек келеді:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар? Менің орманда тұратын әжем қан қысымы көтеріліп,ауырып қалыпты. Оған апара жатқан бәліштерімді қасқыр тартып алып, жеп қойды.Енді әжеме не апаратынымды білмей тұрмын, мен сендерден көмек сұрай келдім.

- Сәлеметсің бе,Қызыл Телпек?Сен мұңайма, әжеңе бәліштен де пайдалы нәрсе апаруыңа біздің балалар көмектеседі.Балалар, Қызыл Телпекке көмектесеміз бе?Қане, жаңа ғана айтып едік қой, қан қысымы көтерілгенде не жеу керек деп едік, есімізге түсірейікші.

-Дұрыс айтасыңдар, жемістерді көбірек жеу өте пайдалы екен.Жемістердің пайдасы туралы сендер не білесіңдер?

Балалар өздері жаттаған тақпақтарын айтады.

























-Жарайсыңдар, балалар!Жемістерді жемес бұрын не істеу керек дейді?

-Енді сендермен Қызыл Телпектің ойын ойнағысы келіп тұр екен, ойнайсыңдар ма?

-Ендеше, ойынымыздың аты: «Жемістерді ата» деп аталады.

Ойынның шартын мұқият тыңдап алыңдар.Ортаға бір баланы шығарамыз, көзін байлаймыз. Қолына ұстаған жемісті сипап көру арқылы қандай жеміс екенін табуы керек.

- Бәрекелді, балалар! Сендер шаршаған секілдісіңдер, ендеше сергіту сәтін жасап, сергіп алайық.

Бір алма, екі алма, үш алма, төрт,

Бес алма, алты алма, жеті алма, көп.

Бір алма, екі алма, үш алма, төрт,

Бес алма, алты алма, жеті алма, көп.

-Балалар, сендер мына суреттегі жемістердің ішінен

өздерің жегілерің келген жемістің суретін таңдап аласыңдар.»Мен жеймін» деген сөзге сол жемістің атын қосып айтасыңдар.Түсінікті ме?

-Бәрекелді, балалар!Менің сендермен қызық ойын ойнағым келіп тұр. Ойынымыз «Кім жемісті тез апарады?» деп аталады. Ойынның шарты: Екі топқа бөлінеміз Бірінші топ Қызыл Телпектің командасы, екінші топ менің командам болады.Алдымызда тұрған ыдыстағы жемістерді мәреде тұрған себетке біртіндеп апарып, жылдам салып келуіміз керек.Қай топ бірінші болып жемістерді апарса, сол топ жеңіске жетеді.

-Жарайсыңдар, балалар! Енді осы жинаған жемістеріңді Қызыл Телпекке берейік, ол әжесіне апарып берсін.Әжесі осы жемістерді жеп, жазылып кетсін.Ауырмасын!.

- Балалар, менің көңілім көтеріліп,риза болып қалдым. Енді мен әжеме баруым керек, сендерден көп нәрсені үйрендім. Әжеме жемістерді апарып берейін.Сау болыңдар, достар!

-Балалар, біз бүгін немен таныстық?

-Қандай жемістерді білесіңдер?

-Жемістерден не жасауға болады?

-Жемістер қайда өседі?

Оқу қызметін қорытындылау.Балаларға сыйлықтар беру.






Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.










жұмбақтың шешуі: жеміс


Өздері білетін жеміс түрлерін атайды.













Мұқият тыңдайды.





























-Сәлеметсіз бе, Қызыл Телпек?








-Жемістер жеу керек.




Нұрлыхан:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Басымды төмен иемін.

Дастан:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Кәусар:

Мен алмамын, алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайың.

Ақару:

Мен өрікпін, өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Шілде болмай пісемін,

Дастарханға түсемін.

Сержан:

Алма, алма дейсің,

Алма берсем жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме!



-жуып жеу керек.


-ойнаймыз










Қимыл – қозғалыс арқылы жасайды.





Қарақат: Мен алма жеймін.

Нұрайым: Мен алмұрт жеймін. Т.б






2 топқа бөлініп,

ойынға белсене қатысады









-Сау болыңыз!


Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:


Қайталай алады: - Жемістердің түрлерін ажырата біледі;

Қолданады: - Өлеңді мәнерлеп айтуды;

Түсінеді: – Жемістерді жуып жеу керектігін





Қызылорда облысы,

Шиелі ауданы,

Н. Бекежанов ауылы,

«Қарлығаш» бөбекжай – бақша» тәрбиешісі Мырзахметова Қарлығаш Аманбайқызы










































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!