400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Жемістер (Кіріктірілген сабақ )

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту,Шығармашылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарлыға» ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту,Шығармашылық

Сабақтың тақырыбы :Жемістер (Кіріктірілген сабақ )

Мақсаты:Балаларға күзгі табиғат ерекшелігі туралы түсінік беру,жемістер туралы білімдерін кеңейту,ойынға деген қызығушылығын арттыру,ұқыпты таза жұмыс жасауды игерту

Білімділігі: Ойлау қабілетін дамытуға, сөйлеу шеберлігін, шығармашылыққа деген  құштарлығын, ықыласын, ізденпаздығын аттыру.

Тәрбиелігі:Балаларды өз ара топпен жұмыс істеу дағдысына және бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.Өз пікірін айта отырып,басқалардың пікірін тыңдауға,еңбексүйгіштікке,үлкендердің еңбегін бағалауға,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың іскерлігін,ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту ,шығармашылық белсенділіктерін және өз ойын анық жеткізу

Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, бейнелеу, сурет,жапсыру

Көрнекілік: Жемістердің муляжы, Тиін ,Ғажайып сандық және слайд  

                      

Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қорғау, топтастыру, мнемотехника,денсаулық,дамыта оқыту әдісі.

 Үш тұғырлы тіл:Алма-яблок-аpple, жүзім-виноград,қарбыз-арбуз















Оқу –іс әрекетінің кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті































Мотивациялық-қозғаушылық























Рефлексивті-түзетушілік































Шаттық шеңбер:

Қол алысып кәне біз

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы дос болу

Достарменен бір жүру

Күлкіміз де көңілді

Нұрландырар өмірді.

Салеметсіздер ме,қонақтар !

Здраствуйте,гости!

Qud moninq!

Жұмбақ жасыру.

Ғажайып сәт:( Тиіннің келуі)

Балалар қараңдар,мұнда не бар екен көрейік? Мынау сиқырлы сандық ғой!

Қалай ашамыз?Қолымызды соғып,алақанымызды жазып үрлесек ашылады.Жарайсыңдар

Ішінде хат бар екен.Онда тапсырмалар жазылыпты.

Ойын: «Мен сұраймын,сендер жауап бер»

Мен сендермен «Мен сұраймын сендер жауап бер» деген ойын ойнағым келеді,ойнайықпа балалар.Иә

Кәзір жылдың қай мезгілі?

Күзде жапырақтар қайтеді?

Күзде бау-бақша неге толады?

Қамбалар да не сақталады?

Күз мезгілінің неше айы бар?

 Жарайсыңдар!

Алгоритм

Жұмбақ жасыру:

Алма бойынша таблицамен жұмыс жасау



Тіл ұстарту жаттығуын жасайық.

Р-р-р-ар-ара

А-а-а алма

Ү-ү-ү жүзім

Қ-қ-қ қарбыз

Тіл ұстарту жаттығуымыз нелер туралы айтылған?

Тәрбиеші :Ендеше осы жемістердің адамға пайдасы барма?

Иә, балалар, жеміс-жидектерде дәрумендер өте көп болады Олар адам дамуына, денсаулығына пайдалы.Сондықтан жеміс-жидектерді адамдар көп пайдаланады және жақсы көреді. Олардың дәмдері де әртүрлі. Бірақ осы жеміс-жидектерді орынсыз көп жесең ауырып қаласың оны да ескеру керек

Жемістердің орысша ағылшынша атауларын айту

3тілді видео

Ойын: «Сиқырлы алма»

Мақсаты:Балалардың сипап сезу,тану қабілеттерін дамыту

Сергіту сәті: (Ән әуенімен жүру)

Балалар,кімге қандай жеміс ұнайды алып, оң жақ кеуделеріңе жапсырыңдар Жарайсыңдар!

Тақтаға назар аударамыз.Енді балалар,біз топпен жұмыс жасаймыз.

1-топ.қауын алған балалар сендер мына қауынды саусақ пен басу әдісін пайдаланып,бояйсыңдар

2-топ балалар сендер мына банандарды қиып жапсырасыңдар

3-топ Сендер мына жүзімдерді ермексазбен жапсырасыңдар

4-топ Сендер мына алманы ермексазбен алманың ішін толтырып,содан соң мына моншақтармен безендіресіңдер!

Моншақтарды ауызға салуға болмайды !Қайшымен дұрыс жұмыс жасау керек .Ал іске сәт!

Жарысып жасаңдар қай топтың балалары мықты шебер екен көрейік.Жұмысын аяқтаған топтың балалары өз жұмыстарын қорғайды.

Жасаған жұмысымызды тиінге сыйлайық.

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

Олай болса алдарыңда тұрған смайлктермен өз көңіл күйлеріңді көрсетіңдер! Жарайсыңдар Сабақты Халық даналығы «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» мақалмен аяқтаймын.







Балалар тәрбиешімен бірге жасайды айтады

Амандасады



Көкке шаншып құйрығын

Келеді шауып жүйрігім

(тиін)











Күз

Сарғаяды

Жеміс-жидекке

Астықтар

3айы бар


2- баладан сұрау


Әрі қызыл әрі тәтті

Жеген жанды таңырқатты? Ол не?









жеміс-жидектер туралы айтылған.



Балалар,өздері білетін жемістерді атай бастайды



Балалар өз  түсініктері бойынша жауап береді, әңгімелейді



1-2 баладан сұрау













Балалар ұнаған жемістерін алады





Балаларға көрсету



Балалар сабаққа жақсы қатысты









Топпен бірлесе жұмыс жасаулары да өте жоғары деңгейде болды





Әр топ өздерінің жасаған жемістерін қорғады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күз мезгілі туралы,табиғатта болатын өзгерістерді,жемістердің пайдасын

Игереді: Жемістерді әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып жасады








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі