Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жемістер мен көгөністер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды әртүрлі заттар мен геометриялық пішіндердің ортақ сенсорлық сипаттарын біріктіруді және ажыратуды үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет : « Танымдық дағды» Сенсорика

Тақырыбы: Жемістер мен көгөністер салмасы қосылған дәмді тоқаштар

Мақсаты: Балаларды әртүрлі заттар мен геометриялық пішіндердің ортақ сенсорлық сипаттарын біріктіруді және ажыратуды үйрету;

Міндетті: Геометриялық пішін қасиеттерін жеміс және көгөніс пішініндерінен байқап, табуға дағдыландыру; нанның қасиеті мен жеміс-көгөністердің дәрумендік маңызы туралы түсінік беру; қолдың ұсақ моторикасын, сөйлеу бірліктерін игеру, таным, түйсіну мен қабылдау қабілеттерін дамыту; қоршаған заттардың қасиеттеріне қызығушылықтарын ояту; ойындар барысында мәдени қарым-қатынас ережелеріне тәрбиелеу.

СӨЗДІК ЖҰМЫС

Бала тілін жеміс пен көгөніс атауларын үйрету арқылы жетілдіру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Бейнеролик көрсету, дамытушы ойын, аудиожазба тыңдау, ойын жаттығулар, тақпақты мәнерлеп оқу.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Себет, ортасында екі пішіннің, домалақ не сопақшаның ойып жасалған екі суреті, көрсеткіш, ойықтарға сай алмадан жасалған тоқаш, жеміс пен көгөністердің кескіндері, тақта, скотч, слайдтар, үлкен геометриялық пішіндер (пластик, не ағаш, не картон).

2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Таза қағаздар, ыдысқа құйылған төрт түстің бір нақты қою бояуы, геометриялық пішіндердің картоптан ойылған түрлері, төсеніштер, сүлгілер.

Оқу қызметінің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.Ғажайып сәт.

- Балалар, біреу бізге себетке салып, көп сыйлық әкеліпті. Кім екен бұл? Күз патшайымы шығар?

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. "Жеміс пен көгөністер" ойын-жаттығуы.

- Балалар, бақ пен бақшада жеміс пен көгөністерді дұрыстап жинайық. Содан кейін алмадан жасалған тоқашты да алайық. Себебі, наннан жасалған өнім бізге әрқашан қажет. Бұнда екі пішінде жасалған ойықтар бар. Осында шыққан бала әрбір жеміс не көгөніс кескінін ойық пішініне сай салу керек. Бастайық.
Балалар алдына екі тақтаға жапсырылған екі себет кескіндері ұсынылады. Әрбір себеттің ортасында екі пішіннің, дөңгелек не сопақшаның бір-бірден ойығы жасалған.
Тапсырма барысында тақтаға шыққан бала үшін түрлі жеміс пен көгөністердің кескіндері себеттен алынып, табақшаға салынып отырады.
Шақырылған бала домалақ және сопақ оймаққа кескіндерді салып көреді. Пішіндері сай келсе, олар ойықтан өтіп, панноның артына түсіп жатады.
Баланы мақтап, қолпаштап отыру шарт.
Ұсынылатын кескіндер: тоқаш-алма, алма - лимон; қызанақ - қияр; қызылша - сәбіз; пияз - баялды; апельсин - банан.
- Балалар, тамаша, біз алмадан жасалған тоқаш, жеміс пен көгөністерді жинадық.
Табақшаға тек дөңгелек пішіндегілерді салып, көрсету (тақтаға жапсыру).  Атайық, тоқаш, алма, қызанақ, пияз, апельсин барлығының пішіні қандай? Дұрыс. Домалақ.
- Ал мыналар ше? Атайық, лимон, қияр, сәбіз, баялды. Олар домалақ па? Олар домалақ емес. Олар ондай емес? Пішіні қандай? Олар сопақ. Қайтала (бала аттары). Сопақ. Жарайсыңдар!

2.2. "Домалақ және сопақша" зерттеу жаттығуы.

Домалақты сопақшаның алдына салу. 
- Балалар, домалақ пен сопақшада бұрыштар бар ма? Дұрыс, бұрыш жоқ?
Бірақ сопақша созылған, ұзын екен.

2.3. "Домалақ-сопақша" қимылды жаттығуы.
Мақсаты. Ойын ережесі бойынша ойнауды үйрету. Есту, ойлау, сөйлеу, зейінді дамыту.

Тәрбиеші:
- Балалар, сендерге екі белгінің бірін көрсетіп, "домалаққа жүгір" дегенде, домалақ пен сопақшаның бірін таңдау керек.
Көңілді әуен ойнап жатқанда, балалар, барлығымыз бірге жаттығу жасап билейміз. Егер мен "домалақ" десем, сендер домалақ пішінді байқап, осы пішіннің жанына жиналасыңдар, әуен тоқтайды. Әуен қосылғанда қайта алаңға шығып жаттығу жасаймыз. Егер "сопақша" десем, сопақша жанына жиналасыңдар.
- Жарайсыңдар!

2.4. "Сиқырлы іздер" шығармашылық рефлекциясы.
Балаларға таза қағаз беттері, ыдысқа құйылған төрт түстің бір нақтылы қою бояуы, геометриялық пішіндердің картопта ойылған қалыптары, төсеніштер, сүлгілер ұсынылады.
Әрбір бала өзіне берілген бояуға картоп қалыбын малып, қағаз бетіне геометриялық пішіннің бірін басып салады.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Оқу қызметінің қорытынды бөлімінде педагог балалардың білімдерін пысықтау үшін сұрақтар қояды:
- Балалар, бүгін оқу қызметінде қандай пішіндердің қасиеттерімен таныстық?
- Көк, сары, қызыл үшбұрышпен таныстық.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, осы жерде неше пішін бар? Түстері қандай? Ішінде қайсысы домалайды екен?
- Үш пішін бар, ешқайсысы домаламайды екен, түстері көк, сары, қызыл,
- Балалар, бұлар қандай пішіндер? Бәрі де үшбұрыш. Жарайсыңдар, балалар!
- Тамаша, балалар, бүгін оқу қызметінде керемет белсенді болдыңдар, рақмет!
Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі