«Жемістер мен көкөністер»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жемістер мен көкөністер»

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың түсінігіндегі күз сыйлары туралы, көкөністер мен жемістердің ерекшеліктері мен өсетін жері туралы білімдерін кеңейту; жемістердің бау- бақшада, көкөністердің бақшада өскенін айтқызып, күз сыйларына қатысты көркем сөзді мәнерлеп оқуды пысықтау. Балалардың жемістер мен көкөністерді ортақ белгілер бойынша бөлу, біріктіру біліктерін жаттықтыру; тақпақ шумақтарын мәнерлеп айтқызып сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; ақыл-ой мен есте сақтау қабілетін дамыту. Тақырыпта айтылатын адам еңбегін қадірлеуге үйрету, зеректікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таңғы жиын

4 « Ақ бота» ортаңғы тобы

Шаттық шеңбері:

Балалар бүгін бізде ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіп отыр.
Біз ең алдымен бізге жарқырап шуағын шашып тұратын күнмен, көк аспанмен, жермен және бір-бірімізбен амандасып алайықшы.

Армысын Алтын күн!

Армысын Көк аспан!

Армысын Жер Ана!

Армысын достарым!

Сәлем,сәлем,сәлем!

Жақсы балалар, енді біз күндегі әдетіміздей жақсылап ерекше амандасып алайықшы.

Тамаша балалар! Енді барлығымыз назарымызды мына теледидарға аударайық. Бұл жерде күз мезгіліне байланысты жақсы бір бейне-сюжет көрейік. (теледидар қосылады)

- Балалар, бейне-сюжет не туралы екен?(күз мезгілі туралы)

- Күз мезгілінде ауа-райында не болады екен?

- Күзде құстар не істейді екен?

- Ал күзде адамдар нелерді жинай бастайды екен?

- Күз мезгілінің айларын атап беріңдерші балалар?

Балалардың жауабы:

- Суық түсті, жапырақтар сарғайып жерге түсті, жаңбыр жиі жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетті, адамдар жылы киімдерін кие бастады, бақшадан және баубақшадан көкөністер мен жемістерді тереміз.

- Дұрыс айтасыңдар балалар, осы құбылыстардың бәрі күзде болады екен.

Енді, күз туралы кім тақпақ айтып береді. Алихан, Камшат,Асылым.

Алихан:

Алақай,алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті,дән пісті.

Айтамыз алғысты.

Кәмшат:

Жайдары күз,жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ең далам

Дариядай шалқып жүр.

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Бүгін бізде 2 орталық жұмыс істейді.

Көркем әдебиет орталығында сендер менімен бірге саяхатқа шығасыңдар.

Сюжетті-рөлді ойын орталығында Сарқыт апаймен салат жасайсыңдар.

Мойнымызға таққан белгілеріміз бойынша бөлініп алайық.









































Ашық есік күні

Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»



Мақсаты: балалардың түсінігіндегі күз сыйлары туралы, көкөністер мен жемістердің ерекшеліктері мен өсетін жері туралы білімдерін кеңейту; жемістердің бау- бақшада, көкөністердің бақшада өскенін айтқызып, күз сыйларына қатысты көркем сөзді мәнерлеп оқуды пысықтау. Балалардың жемістер мен көкөністерді ортақ белгілер бойынша бөлу, біріктіру біліктерін жаттықтыру; тақпақ шумақтарын мәнерлеп айтқызып сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; ақыл-ой мен есте сақтау қабілетін дамыту. Тақырыпта айтылатын адам еңбегін қадірлеуге үйрету, зеректікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жеміс, көкөніс, ауа - райы, бақша, бау-бақша.

Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, дидактикалық ойын, көркемсөз, сергіту сәті, рефлексия.

Құрал-жабдықтар: теледидар, майлықтар, себеттер, жемістер мен көкөністердің муляжы, жеміс пен көкөністердің нақ пішіндері немесе суреттері.

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Армысын Алтын күн!

Армысын Көк аспан!

Армысын Жер Ана!

Армысын достарым!

Сәлем,сәлем,сәлем!

Ғажайып сәт.

(Тықырлаған дыбыс шығады)

Тәрбиеші:

  • Балалар естідіңдер ме дыбысты? Бұл жерде біреу бар сияқты. Қарандаршы мына іздерді. Бұлар кімнің іздері екен,а? Қане ақырын осы іздермен жүріп көрейікші жай іздер емес сияқты ғой.

Негізгі бөлім

«Сиқырлы қорап» дидактикалық ойны.

Қорапқа қолдарын салып ішінен жеміспен көкөністерді алып шықпай тұрып атауын,түсін айтады.

Дидактикалық ойын «Қоймадағы көкөністер мен жемістер»

(жемістерді, көкөністерді жинап, ажыратып себетке салады.

Мақсаты: жемістер мен көкөністердің атауларын бекіту; жемістер мен көкөністерді екі топтамаға бөліп, ажырату тәртібін пысықтау.

СЕРГІТУ СӘТІ:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

О алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Эксперимент «Сиқырлы бейне» (тарелкадағы суға жанында тұрған майлықтарды салса, көкөністің немесе жемістің суреті шығады, атауын, түсін, пішінің айтады.

Дидактикалық ойын: «Не жасырылған?» Фонарикпен не бейнеленгенің айту.

Дидактикалық ойын: «Дәмінен ажырат»

Балаларға денсаулыққа пайдалы жемістер таратылады.

(дәмін көріп, тәтті немесе қышқыл екенін айтады)

Корытынды

- Балалар, сендер бүгін тамаша ойнадыңдар! Қандай ойын болды? «Жеміс- көкөніс» ойыны. Жарайсыңдар!

  • Көкөністер қайда өседі екен? (бақшада)

  • Жарайсың,Жаннұр!

  • Жемістер қайда өседі?(бау – бақшада)

  • Иә,Оспанали дұрыс айтасың!

  • Балалар, жемістер мен көкөністерді осындай мол жинап алу үшін көктемде, жазда, күзде көп еңбек ету керек. Көп еңбек ету керек!

  • Қайталайық. Тамаша!

  • Бүгін сендер көп еңбек еттіңдер. Ұқыпты, зерек болдыңдар. Жарайсыңдар!

Рефлексия.

Тақтадағы суретті құрастырып. сол сурет бойынша қорытындылау.

























Сюжетті – рөлді ойын орталығы

Тақырыбы: «Пысырма жасау» (Печенье)

Мақсаты: Балаларды пысырма жасауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: қамырды оқтаумен жаюға, түрлі қалыптармен оюға үйрету;

Дамытушылық: ұсақ қол бұлшықеттерін дамыту;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.

Қажетті құрал жабдықтар: түрлі пысырмалардың суреттері, 4 – 5 түрлі пысырма түрлері, ұн, май, қант, жұмыртқа, майлықтар, әр балаға алжапқыш, басорамал, жеңше, оқтау, тақтайша, екі тәрелкеге салынған бірнеше қалып түрлері .

Кіріспе әңгіме

- Балалар, үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?

- Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін не істейміз?

- Дұрыс! Біз бүгін пысырма жасаймыз. Қараңдаршы алдымызда пысырманың неше түрі салынған. Пысырмалар әртүрлі болады. Нан зауыттарында пісірілетін зауыттық пысырмалар, және қолдан пісірілетін пысырмалар болады. Бірақ барлығын да ұннан, майдан, жұмыртқадан жасайды. Ішіне әртүрлі салмалар салынып пісіріледі. Кейбіреулеріне мейіз қосса, енді біріне түрлі жаңғақтар, көкнәр қосады, кейбір пысырмалардың беттерін, қантпен, түрлі пістелермен, ұнтақтармен безендіріп, әдемілейді. Бүгін біз өзіміз қолдан пысырма жасап, пісіретін боламыз.

- Үйде аналарың пысырмалар пісіреді ме?

- Дәмді ме?

- Қалай ойлайсыңдар үйден пісіретін пысырмалар дәмдірек пе, дүкеннен сатып алғандар ма?

- Әрине үйде пісірген пысырмалар дәмдірек! Себебі пысырманы аналарымыз үлкен мейіріммен, сүйіспеншілігімен пісіреді.

- Біз бүгін үгіліп пісетін пысырма (печенье) пісіреміз. Ол үшін бізге 2 жұмыртқа, ұн, май, қант қажет болады. Әуелі жұмыртқа мен қантты қосып толқиды, кейін май мен ұн қосып жұмсақ қамыр илейді.

Қауіпсіздік ережесін ескерту.

  • Біз қалыппен жұмыс жасайын деп отырмыз. Сол себептен абай болуымыз керек. Оқтаумен, тақтайшамен ойнауға, бір – бірімізге сермеуге болмайды. Жұмыс жасап болған соң, орнына қоямыз.

Сергіту сәті:

Барлық орталықтарға бір. «Алтын күз» атты сергіту сәті.

Жұмыс барысы:

- Алжапқыштарымызбен жеңшелерімізді киеміз, ең алдымен тақтайшаға біраз ұн себеміз. Енді қамырымызды қоямыз.

- Енді оқтауды алып, қамырдың бетіне қойып, қатты баспай, қамырды жаямыз.

- Қамыр жайылған соң, оқтауды орнына алып тастаймыз.

- Өздеріңе ұнаған қалыпты таңдап алыңдар, енді сол қалыптың өткірлеу жағын қамырдың бетіне қойып, алақанымызбен басып, ойып аламыз. Шеттеріндегі артық қамырларды алып тастаймыз да, дайын пысырманы үлкен тақтайға тіземіз.

- Жұмыстарыңды аяқтасаңдар, қолдарыңды майлықпен сүртіп, қоқыс салғышқа тастаңдар.

Қорытынды:

- Бүгін біз не істедік?

- Сендерге пысырма жасаған ұнады ма?

- Біз пысырманы неден жасадық?

- Маған бүгін сендердің пысырма жасағандарың өте ұнады. Жеп көргілерің келе ме? Онда аспазшы апайларымызға апарып, пешке пісіртіп алайық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2023
283
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі