"Жемістер мен көкөністер"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жемістер мен көкөністер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер (суреттермен жұмыс) Сабақтың мақсаты: Жемістер мен көкөністерге туралы мәлімет беру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Балалардың белсенділігін, тілін дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қарым – қатынас жасай білуге үйрету. Түзете-дамытушылық: Балалардың ойлау әрекетінің әртүрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелілік: Балалардың тілге деген сүйіспеншілігін дамыту, ұқыптылық, тазалық дағдыларын қалыптастыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын. Көрнекі-құралдар: суреттер,ойыншықтар, муляждар, үлестірмелі материалдар, тақта, бор. I апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару. Қызығушылықты ояту: 1, 2, 3 Сынып іші тып-тыныш Жалқаулықты тастаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер (суреттермен жұмыс)

Сабақтың мақсаты: Жемістер мен көкөністерге туралы мәлімет беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Балалардың белсенділігін, тілін дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қарым – қатынас жасай білуге үйрету.

Түзете-дамытушылық: Балалардың ойлау әрекетінің әртүрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Балалардың тілге деген сүйіспеншілігін дамыту, ұқыптылық, тазалық дағдыларын қалыптастыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер,ойыншықтар, муляждар, үлестірмелі материалдар, тақта, бор.

I апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару. Қызығушылықты ояту: 1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!

III. Жаңа сабақ.  Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілінде неше ай бар? - Күз Күз мезгілінде ауа – рай қандай болады?- Күз мезгілі туралы қандай тақпақ болады? Бүгін аптаның қай күні?

Өткен оқу іс -әрекетін еске түсіру.- Балалар қане кім маған төрт түлікті атап береді?- Төрт түліктің қандай пайдасы бар?

- Төрт түліктің төлдерін атайықшы?- Өте жақсы, балалар. Өрік, шие, бәрі бар, Қауын, қарбыз көбейді.Жегің келсе бәрін ал, Неге аласың демейді. Жемісі мол теретін,Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін, Жомарт екен күз деген.- Балалар бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?

IY.Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп алайық
Себеттерге салайық.

II апта

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару.«Жемістер мен көкөністерді ажырату» дидактикалық ойыны.

Шарты: жемістер мен көкөністерді ажыратып, түсін, пішінің айту.

Құралған суреттерінің атауын сұраймын. Топта балалар қандай жемістің суреті екенін анықтайды және сол жеміс туралы білетін мәліметтерін айтады. Балалардың алдына суреттер беріледі. Бір-бірінің қолындағы жемістің суретіне байланысты топтың ішінде сұрақ қойып, жауап беруді үйренеді.

Мысалы: -Алма қышқыл ма?Жоқ, алма қышқыл емес. Алма тәтті. -Сен не жегің келеді? Мен алма жегім келеді.

Пікірлер сызығы. «Иә» «Жоқ»

Мынау қияр ма?           Иә, бұл – қияр.

Мынау пияз ба?          Жоқ, бұл – алма.

Мынау картоп па?    Иә, бұл – картоп.

Мынау сәбіз бе?                  

Жоқ, бұл – қызылша. Фонетикалық жаттығулар: - кө, - кө, -кө көкөніс

- қи, - қи, - қи қияр     - сә, -сә, - сә сәбіз

Дәптермен жұмыс. «Жемістерді сана және боя»

IY.Сергіту сәті: Қарбыздай дөңгелек боламыз,

(Екі қолын біріктіріп, дөңгелек шар жасайды)

Қиярдай сопақ боламыз,(Екі қолын алдына қарай біріктіріп созады)

Өріктей кішкентай боламыз, (Саусақтармымен кішкентайды көрсетеді)

Жүзімдей көп боламыз.

III апта

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару. Жұптық жұмыс: Берілген сөздерді дұрыс сәйкестендіріп жаз.

бауырсақ                                қызыл                   

мәнті                                      ішемін                  

асхана                                   көкөністер

тамақ                                      үлкен

бақ                                         дәмді

бақша                                    жемістер

алма                                      жеймін

Ойын: «Не қайда өседі»? Шарты: Тақтадағы бақ пен бақшаның суретіне қарай балалар көкөністің суретін бақшаға, ал жемістің суретін баққа апарып жапсырулары қажет. Бағбан:Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, картоп, қызанақ асқабақта бар арасында. Қырыққабатқа қарашы! Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

Қызылша: Мен де бір сөз айтайын, Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды Винегрет те үстелде.

IY апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық  дайындық. «Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат! Берекелі  бүгіндей

Бейбіт  болсын  болашақ!»

Ойын: «Дәмін тап» Шарты: Жемістер мен көкөністерді акеліп көзін байлап , бір жемісті немесе көкөністі алып дәмін , пішінін, көкөніспен жеміспен екенін ажыратып айту.

Тапсырма: Көкөністер мен жемістерді дене мүшелерімен толықтырып мультфильм кейіпкелеріне айналдыр. Мұғалімнің нұсқауымен балалар көкөністер мен жемістерге көз, ауыз, қол, аяқ дене мүшелерін салып мультфильм кейіпкеріне айналдырады.

IY.Сергіту сәті:

VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуі ;

Жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін қалыптастыру. 































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2024
315
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі