Материалдар / Жемістер мен көкөністер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жемістер мен көкөністер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемістер мен көкөністер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2024
224
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сабақтың тақырыбы:



«Жемістер мен көкөністер»


Сабақтың мақсаты:


Жемістер мен көкөністер туралы білімін бекіту.



Сабақтың міндеттері:



Түзету білімділік: жемістер мен көкөністердің атауын дұрыс атау және ажырату.

Түзету дамытушылық: сөздік қорын молайту,ұсақ қол маторикасын,байланыстырып сөйлеу тілін, көріп қабылдау түсініктерін дамыту.

Түзету тәрбиелік: жеміс ағаштарын қорғап,көкөністерге қамқор болуға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер:


Жемістер мен көкөністердің суреттері, көлеңкелерінің суреттері, қиылған суреттер,түрлі-түсті ермексаздар.




Іс-әрекеттердің кезеңдері



Дефектологтың іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлеметсіздерме!


Сәлеметсізбе!


Шаттық шеңбер:


Жарқырап күн де ашылады,

Айналаға нұр шашылады.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!


Дефектологпен бірге қайталайды.


Негізгі бөлім:


Жемістер ағашта, ал көкөністер бақшада өседі.

Жемістерге: алма, алмұрт, банан, апельсин, өрік, т.б. жатады.

Көкөністерге: пияз, сәбіз, картоп, қияр, қызанақ, т.б. жатады.

Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер болады. Жемістер мен көкөністерді тағам ретінде және дастарханға сән ретінде қоя аламыз.

Сурет бойынша жемістер мен көкөністерді атаймын, балалар мұқият тыңдап, қайталайды.



Сурет бойынша жемістер мен көкөністерді тізбектеп айтып шығады.



Мұқият тыңдау


Дидактикалық ойын: «Сипап сезу» ойналады.



Жемістерге, көкөністерге сипаттама айтылады.

Шарты: Бала көзі байланады, «ғажайып қорапқа» қолдарын салып, бір жемісті алып, сипау арқылы қандай жеміс немесе қандай көкөніс екенін табады, сипаттап айтады 



Рахман:

Алма- жеміс, тәтті, қызыл болады. Алма  дөңгелек болып келеді. Алма теректе өседі. Мен алманы жақсы көремін..


Айдана:

Банан – жеміс,  тәтті. Түсі сары. Сапақша болып келеді.


Баян:

Пияз–бұл көкөніс,

Ащы, 

Балалар алмұрт, жүзім, қиярға, қызанаққа, картопқа сипаттама жасады.


Сергіту сәті:


Бойымызды сергітіп алайық.

Ағаштағы бұтақта дөңгелек,

Сопақ жемістер өседі.

Жаңбыр жаумастан бұрын

Тәтті жемістерді теріп аламыз.



Орындарынан тұрып іс-қимылмен көрсету.


Түзету ойыны: «Көлеңке тап».


Балаларға жемістер мен көкөністердің суреттері жіне көлеңке суреттері үлестіріледі, бала жемістердің немесе көкөністердің көлеңкесін табу керек.

Балалар сурет бойынша жемістер мен көкөністердің көлеңкесін тауып белгілейді.


Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер»


Екі жерге екі себет қойылады.Үстел үстіне көкөністер мен жемістерді шашып тастаймыз.Балалар көкөністер мен жемістерді ажыратып екі себетке бөліп орналастыру керек.

 



Балалар жемістер мен көкөністерді екі бөлек себеттерге салады



Ұсақ қол маторикасы:


Балалар ермексаздың көмегімен жеміс пен көкөністің суретіндегі дөңгелектерін ермексазды толтыру керек.



Балалар ермексазбен жұмыс жасайды.


Рефлексия:


Осымен себеттеріміз жемістер мен көкөністерге толып қалыпты.

Бүгінгі сабақ ұнады ма.


Смайлик арқылы көңіл күй білдіру.


 

 Қорытынды:

 

 

 

 

 



Жемістер мен көкөністердің атауын және оларды ажырата аласыңдарма?


Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!


Балалар ия деп жауап берді.



Сау болыңыз!

Күтілетін нәтеже:

Білу: жемістерді мен көкөністерді.

Білді: жемістер мен көөіністердің адам денсаулығына пайдасын.

Игерді: алған білімін басқа сабақтарда қолдана алады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!