400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жемістер мен көкөністер. Дәрумендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейін оқытушыларына және балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация. Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация. Драма.

Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер. Дәрумендер

Мақсаты: Жемістер мен көкөністердің пайдасы, оның құрамындағы дәрумендер

туралы түсініктерін кеңейту. Оларды дұрыс ажырата білуді үйрету.

Шалқан ертегісін сахналау арқылы сөздік қорларын , зейінін, ойын дамыту.

Жапсыру іскерлік дағдыларын қалыптастыру, қию әдіс -тәсілдеріне

машықтандыру.

Балаларды ұқыпты жұмыс жасауға, еңбекке тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттері, атрибуттар, қағаз, желім,

қайшы, дымқыл қол сүрткіштер.

Билингв. комп: Дәрумендер- витамины, шалқан- репка.

Сөздік жұмыс: Дәрумендер, шалқан.

Инклюзивтік әлеумет: Қозғалысы баяу балалармен жұмыс.

Ойын тех: Д/о: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»


Іс -әрекет кезеңдері

Бейін оқытушысының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Күнге шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенмен,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме,қонақтар!










-Балалар өлең жолдарын қайталап ,қимыл қозғалыспен орындады.

Ұйымдас-

тырушылық-ізденістік




































Қызықтыру сәті:


































































































Билингв.

комп:


Сергіту сәті:






























Рефлексивт.

түзетуш.





Оқытушы: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?


-Дұрыс айтасыңдар балалар, күз айларын атап беріңдерші?

- Күз мезгілі туралы кім тақпақ біледі екен ?
















-Балалар, күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі.

Жемістер мен көкөністерде дәрумендер өте көп.

Біз оларды жиі пайдалансақ, ауырмай күшті болып өсеміз.

«А» дәрумені шаштың,тырнақтың өсуіне әсер етеді.

«Д»дәрумені балық майында,жұмыртқаның сарысында,сүт өнімдерінде мол болады.

«С» дәрумені тісті, сүйектерді қатайтуға көмектеседі.

  • Дауласып «Сәбіз» бен «Алма» кіреді.

Сәлемдеседі.

Оқытушы:Алма, сәбіз сендер неге дауласып келесіңдер?

Алма: Балалар біз қайсымыз жеміс, қайсымыз көкөніс екенімізді ажырата амай дауласып келе жатырмыз.

Сәбіз:-Мен жеміспін, сен көкөніссің дұрыс па балалар?

-Балалар, біз жеміс пен көкөністерді ажырата аламыз ба?

-Жемістер қайда өседі?

-Көкөністер қайда өседі?

-Баралар, олай болса ойын арқылы жемістер мен көкөністерді ажыратып берейік.

Д/о: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Шарты: Жемістерді бір себетке, көкөністерді екінші себетке ажыратып жинау.

Сәбіз: Демек сен жеміс, ал мен көкөніс екенмін рахмет балалар сендер ақылды алғыр екенсіңдер.

Алма: Біз енді қайтайық сау болыңдар балалар.

«Сәбіз» бен «Алма» қоштасып шығып кетеді.

-Балалар, мынау ненің суреті? -Шалқан көкөніс пе жеміс пе?


-Олай болса ,осы «Шалқан » ертегісін қонақтарға сахналап берейікші.

«Шалқан » ертегісін сахналау.

Автор: Анель

Атасы- Рамазан

Апасы-Тоғанай

Қызы-Данагүл

Ит-Әли

Мысық- Ақниет

Тышқан-Диас

Ерте , ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде , шал мен кемпір болыпты.

Атасы есіктің алдындағы бақшаға шалқан егіпті.

Шалканды суарып күнде күтіп баптапты.

Күз мезгілі келгенде, шалқан үлкен болып өсіпті.

Атасы: Бәрекелді, шалқаным үлкен болып өсіпті-деп шалқанды әрі тартып-бері тартып шалқанды жұла алмапты. Көмекке кемпірін шақырыпты.

Атасы: -Кемпірім,кемпірім маған көмектесші.

Апасы: Кәзір, көмектесем-деп атасынан ұстап әрі тартыпты,бері тартыпты шалқан жұлынбапты. Апасы көмекке немере қызын шақырыпты.

Апасы: -Қызым бізге көмектесші.

Қызы:-Жарайды апа.

Қызы апасынан, апасы атасынан атасы шалқаннан ұстап әрі тартып, бері тартып жұла алмады.

Қызы итін көмекке шақырды.

Қызы: -Күшігім,күшігім көмектесші.

Күшігі:-Аф,аф бара жатырмын.

Күшігі қызынан,қызы апасынан апасы атасынан атасы шалқаннан ұстап әрі тартыпты бері тартыпты шалқан жұлынбапты. Күшігі көмекке мысықты шақырыпты.

Күшігі:-Мысығым, мысығым бізге көмектесші?

Мысық: -Мяу бара жатырмын.

Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз апасынан, апасы атасынан, атасы шалқаннан ұстап әрі тартыпты, бері тартыпты шалқан жұлынбапты.,Мысық көмекке тышқанды шақырыпты.

Мысық: -Тышқан,тышқан бізге көмектесші.

Тышқан:-Пи-пи бара жатырмын.

Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз апасынан, апасы атасынан, атасы шалқаннан ұстап әрі тартып, бері тартып жұлып алыпты. Барлығы мәре сәре болып қуаныпты.

-Жарайсыңдар, балалар көп –көп рахмет.

Шалқан-репка, дәрумен-витамин.



Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенің, дәмдісін.

Анамызға сыйлайық.


-Балалар, жемістерден түрлі дәмді шырындар мен тосаптар дайындаймыз, көкөністерден салаттар жасап, тағамдарға қосамыз.

Д/о: «Тосап пен салат»

Шарты: Көкөністер мен жемістерді ажыратып ,атап олардан тосап немесе салат жасалатындығын атап айту.

-Жарайсыңдар, балалар, енді шығармашылық орталыққа барып, бүктеу тәсілін пайдалана отырып, щалқанды қайшымен қиып, шалқанның жапырағы жапсырылған дайын ақ қағазға жапырақтың астына жапсырамыз. Қайшыны абайлап ұстаймыз , ұқыпты жұмыс жасаймыз ,жұмыс кезінде бір-бірімізге кедергі жасамаймыз.

Жұмысты болған соң, қолымызды дымқыл шүберекпен сүртеміз.

Жеке көмектер көрсету.

Балалардың жұмысын бағалау. Ертегі сендерге ұнады ма?

-Балалар шалқанды кім екті?

-Шалқан қандай болып өсті?


-Жемістер қайда өседі?

-Көкөністер қайда өседі?

Мақтау- мадақтау.



-Күз мезгілі.


-Күз мезгілінде үш ай бар?



-Қыркүйек,қазан,қараша.



Мейірғали:

Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып ,

Құс кетті қайтып.

Даниил:

Келді міне күз,

Айнала сары күз.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

Нұржігіт:

Алтын сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.
















-Зейін қойып қарады

-Сәлеметсіздерме










-Ажырата аламыз.

-Жемістер ағашта өседі.

-Бақшада өседі.






Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып жинады.






Балалар қоштасады.


-Шалқанның суреті

-Көкөніс














Балалар «Шалқан » ертегісін сахналауға кірісті.




















































Балалар қайталады.

Шалқан-репка, дәрумен-витамин.


-Балалар өлең жолдарын қимыл қозғалысымен орындады.









-Қызығуш.ойнады

















Балалар шалқанды қиып жапсыруға кірісті.

Ия, ұнады.

Атасы.

Шалқан үлкен болып өсті.


Жемістер ағашта өседі. Көкөністер бақшада өседі.

Қуанды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жемістер мен көкөністердің пайдасын, оның құрамындағы

дәрумендер туралы біледі.

Игереді: Дәрумендердің пайдасы туралы, шалқан ертегісін сахналауды.

Меңгерді: Бүктеу әдісін қолдана отырып шалқанды қиюды меңгерді.

Жемістер мен көкөністерді күтіп баптауды , ұқыпты жұмыс істеуді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі