400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жемістер мен көкөністерді бейнелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне көмек бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністерді бейнелеу

Мерзімі: 10.10. 2018ж

Сабақ мақсаты: Балалар жемістер мен көкөністер туралы кеңінен түсінік беру, жемістер мен көкөністердің суретін салуғабаулу

Күтілетін нәтиже: Балалар жемістер мен көкөністер туралы толық мағлұмат алады және бейнелей алады

Міндеттер:

- оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту;

- сабақ мақсатына жетуге мүмкіндік беру, қолайлы жағдай орнату;

- Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу болады.

Сабақтың түрі: қайталау

Құралдар: қосымша материалдар, қима қағаздар, жемістердің жинақтары, суреттер, оқулықтар, муляж, плакаттар.

Әдіс-тәсілдер: топтық, қарлы жұмбаз, проблемалық сұрақтар.

Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылар амандасады. Сабаққа дайындалады.

- Сыныптың сабаққа деген зейінін шоғырландыру үшін. Өткен сабақпен байланыстыра отырып жаңа тақырыпқа шығу. Доп лақтыру әдісі. Үй жұмысын тексеру. Жемістер мен көкөністер туралы оқушылардың ойларын білу.

Жемістер мен көкөністер туралы оқушылар өз ойларын ортаға салады.





Мұғалім оқушыларды топқа бөлу үшін жеміс жидектер мен көкөністердің суреттерінің қиындыларынан топтар құралады.

- Оқушылар топқа жемістер мен көкөністердің суреттерінің мозайкаларымен бөлініп, топ ережесін қолдана отырып топ басын сайлайды.

Негізгі бөлім.

Күтілетін нәтижеге жету мақсатында топтарға постер қорғау әдісі арқылы «Жемістер мен көкөністер» туралы түсінік береді, суреттер салып, әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Топтық жұмыс екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады.

Сергіту сәті. Ойын

Мұғалім екі топқа мақал-мәтелдің бір қатарын айтады, оқушылар жалғасын табады.

Сабақ басындағы мақсат пен күтілетін нәтижеге қайтып оралу, сабақты қорытындылауға мүмкіндік беру

Тақырыпты қорытындылау мақсатында. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша түсінгендерін, алған білімдерін тексеріп қорытындылау.

Жалпы жұмыс бойынша кері байланыс:

«Жемістер» тобы «Синквейн» әдісі бойынша «Жемістер» тақырыбына

5 жолдық өлең шығарады.

«Көкөністер» тобы «Синквейн» әдісі бойынша «Көкөністер» тақырыбына 5 жолдық өлең шығарады.

Рефлексия «Таным ағашына тілек»

Білеміз

Білдік

Білуіміз керек деген мақстапен кері байланыс береді.

Үйге тапсырма

Жемістер мен көкөністердің суретін салу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
871
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі