Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жемісті алтын күз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
(күз мезгіліне ересек топтарға арналған мерекелік сценарий )
Күзгі табиғат көрінісі. Күн күркіреп ортаға бұлт шығады.
Бұлт: Саламатсыздар ма, қонақтар!
Күзгі көк бұлт мен боламын.
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Қаласа қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
Жаңбыр жауып, залға балалар кіреді. Қолдарындағы жапырақтармен би қимылдарын орындайды .
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, бүлдіршін балалар!
Өлкемізге келген мерекелі алтын күз құтты болсын!
Құтты болсын осы шаттық күніміз!
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз!
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!
Ән «Күзгі әуен »
Жүргізуші:
Ой балалар жаурап қалмадыңдар ма?! Күз мезгілі міне осынысымен ерекше! Күн салқындап , жаңбыр да жиі жауады. Күннің шуағы қайда тығылып қалған? Көрінбейді-деп таңқалады.
Әуен естіліп , бұлт тынымсызданады.
Осы кезде әсем әуен ойналып, ортаға жарқыраған күн кіреді.
Күн: Саламатсыздар ма, қонақтар! Сәлем балақайлар!
Мен жарқырап төбеде,
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне,
Бала жанын ұғамын .
Бұл саған не болды?!
Бұлт: Өзің де сезіп тұрғандай, күн шуағының қасында ұзақ тұра алмаймын ғой. Мен одан да ,орман аралап келейін. Мен айналалып келгенше Күн сен балаларға шуағыңды шаша тұр-деп шығып кетеді
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен ,
Бұтағынан үзілді
Ай жапырақ -сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қош келдің Күн! Өзің келіп шуағын шашып, бойымыз бір жылынып қалды. Ал, балалар қанекей бойларыңды жылындырып, ортаға өнерлеріңді көрсете қойыңдар!
Балалар тақпақтары
Күз айы басталды, Жапырақ ұшты,
Құстар қайта бастады. Суық та түсті,
Жапырақтар сарғайып, Сонда да бізге.
Жерге түсе бастады. Айзере Қызық көп күзде. Аминат
Сап сары маңай, Құстар қайтты ән салып,
Сап сары тоғай, Бұл шарлады аспанды,
Соңғы әнін айтып. Қыс келеді жар салып.
Күз кетті қайтып. Нұрали Күзгі суық басталды. Рамазан
Астық жеміс жиылды, Келді міне күз,
Қамбамызға құйылды. Айнала сары түс.
Ардықты күз мың алғыс. Керемет тамаша,
Алдық өнім сыйыңды. Тарлан Қандай әсем күз. А.Адина
Көбейді құт береке, Қуандырып біздерді,
Астық толы қоймамыз. Мерекелі күз келді,
Құтты болсын мереке Көп жемісті алтын күз.
Алтын күзді тойлайтын. Жантөре Кемелденсін халқымыз. Аяулым
«Күз тамаша» әні
Күн: Балалар өнерлерің өрге жүзсін! Мен сендер сияқты бүлдіршіндерге барып, шуағымды төгіп келгенше мерекені жалғастыра беріңдер! Әуенмен шығып кетеді.
Әуен ойналып ортаға хандазадасын ертіп, Күз ханшайымы шығады.
Күз ханшайымы:
Армысыздар қонақтар!
Балғын-бөбек балалар!
Алтын түске боялды,
Тау мен қырқа,дала түз
Келдім міне ортаңа,
Менің атым Алтын күз.
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Келіңдер той тойлайық,
Би билейік ойнайық!
Ханзада:
Алтын нұрдай тамшылап, жапыра қтар төгілді,
Біздің өмір таң шуақ,біздің өмір көңілді!
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен , алдым соны түсініп.
«Жаңбыр әні»
Күз ханшайымы:
Жарайсыңдар балалар! Өнерлерің тамаша екен. Мен риза болып тұрмын.
Жүргізуші:
Рахмет Күз ханшайымы! Біздің балалар шеттерінен өнерлі.
Сізге бір сұрағым бар еді.
Осы сізді «Жылауық күз»-деп те атайды. Осының себебін түсіндіріп бересіз бе?
Күз ханшайымы:
Күзде жаңбыр көп жауады, күн күркірейді. Бозғылт тұман басады. Адамдар жаурап, тоңып жүреді. Міне себебі, содан болар.
Келер жылы жер құнарлы, дымқыл болса асық бітік, бау-бақша өнімдері мол шығады. Мейлі мені «Жылауық күз»-деп айтса айта берсін. Халыққа пайдам да тиеді. Соны біліп жүрсеңдер болды.
Жүргізуші:
-Міне балалар көрдіңдер ме? Күз мезгілінің адамзатқа берер пайдасы зор екен. Естеріңде сақтап жүріңдер!
Мың алғыс сізге « Күз ханшайымы!» Мен сұрағыма толық жауап таптым.
Жаңбыр-жаңбыр жауа бер,
Қорықпаймыз біз сенен.
Қолымызда қолшатыр.
Кел, билеші бізбенен.
«Қолшатыр»биі
Әуен ойналып, ортаға Бағбаншы шығады.
Бағбаншы атай: Мен елдерді аралап, келемін. Жалғыз емеспін, қасымда күздің сыйы: жемістер мен көкөністер бар.
Балалар тақпақтары: (көкөністер мен жемістер туралы)
Күздің Қазан айында, Жетті желмен алтын күз,
Алма алмұрт піседі. Жеміс жинау салтымыз.
Жапырақтар сарғайып, Жиып теріп болған соң,
Сыбдыр,сыбдыр етелді. Аяла Той жасайды халқымыз. Медина
Жемісі мол теретін. Сап сары қып маңайды,
Күз дос екен бізбенен, Бояпты ғой күз деген.
Бәрін тауып беретін. Құстар қанат қағады.
Жомарт екен күздеген. Иманали Қоштасқандай бізбенен. Айым
Нұрға бөлеп өңірді, Жердің көркі қашады.
Жырға бөлеп көңілді, Таулардан бұлт асады.
Жарқыраған сәулелі. Ызғарлы жел қатайды
Күз әуені төгілді. Мансұр Мұны күз деп атайды. Алия
Ән салыңдар күліңдер Көрініп еліме
Жайнап гүлдей жүріңдер, Күндері мереке
Күздің тойын тойлайық. Келді ғой жеріме.
Би билейік ойнайық. Ахмад Күз дейтін мереке. Д.Адина
Би «Саңырауқұлақтар биі»
Балалар тақпақтары:
Думан толы асқарлы, Көктен көзін бір алмай,
Күз мезгілі басталды, Қызғылт тартты сары күз,
Күз әуені кеп жетті. Жер қызығын қиялмай,
Әнге бөлеп жастарды. Мейірім Маужырап тұр сары күз. Шахрият
Жайдары күз,жарқын күз, Келді міне күз.
Аяулы күз, алтын күз. Айнала сары түс.
Дәнге толы,кең далам, Керемет тамаша
Дариядай шалқып жүр. Айлима Қандай әсем күз.
Қарашы күз келді,күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен тізеді.
Қара бұлт қабағын түйеді. К Мадина
Әуенге еріп сиқырлы, Алтын сары қызыл көк,
Айтылды ән боп сыр қилы. Алуан-алуан жапырақ
Күзгі әуен жастардың. Күзгі бақта күлімдеп
Жүрегіне нұр қиды. Бибімариям Көз тартады атырап Марат
Алақай,алақай Бүгін мейрам бүгін той
Шаттанды балақай, Қуаныш күн біліп қой
Күз түсті, дән пісті, Күзгі бақтай сыңғырлап
Айтамыз алғысты. Сезім Алақанды соғып қой Заңғар
Әуенге еріп сиқырлы
Айтылды ән көп,сыр қилы
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр қиды Тарлан
Ойын: «Жімістерді дәмінен ажырат»
Күз ханшайымы:
Ал, балалар және қонақтар! Күздің берері осы.
Соңғы шуақ төгіліп,
Салқынданып бұл аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр жайнап.
Балалар күз мезгілінде табиғатты үнемі тамашалап жүріңдер, жарай ма?
Ал, біздің күй сыйын таратар басқа да жерлеріміз бар. Сау саламатта болыңыздар!
Күз ханшайымы, Ханзада, Бағбаншы атай қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші:
Ақтарады мырза күз,
Күзге бізде ризамыз
Тамсандырған жемісін.
Аянбаған ел үшін!
Ал құрметті қонақтар! Осымен балалардың дайындаған шағын еретеңгілігі аяқталды.Сау саламатта болыңыздар!