Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жемісті алтын күз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жемісті алтын күз» Күзгі табиғат көрінісі. Күн күркіреп ортаға бұлт шығады.
Бұлт: Саламатсыздар ма, қонақтар!
Күзгі көк бұлт мен боламын.
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Қаласа қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
Жаңбыр жауып, залға балалар кіреді. Қолдарындағы зонтиктермен би қимылдарын орындайды .
Жүргізуші: Терістектен желдетіп,
Жаңбырлатып желдетіп
Шаттандырып біздерді
Шат-шадыман күз келді
Шатыр тікті сары алтын
Армызыздар ардақты қонақтар!Біздің балабақшада өтетін ересек тобының «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
Ән: «Алақай,жаңбыр жауды »
Жүргізуші:
Ой балалар жаурап қалмадыңдар ма?! Күз мезгілі міне осынысымен ерекше! Күн салқындап , жаңбыр да жиі жауады. Күннің шуағы қайда тығылып қалған? Көрінбейді,ее ,балалар?
Әуен естіліп , бұлт тынымсызданады.
(Осы кезде әсем әуен ойналып, ортаға жарқыраған күн кіреді.)
Күн: Саламатсыздар ма, қонақтар! Сәлем балақайлар!
Мен жарқырап төбеде,
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне,
Бала жанын ұғамын .
Бұлт саған не болды?!
Бұлт: Өзің де сезіп тұрғандай, күн шуағының қасында ұзақ тұра алмаймын ғой. Мен одан да ,орман аралап келейін. Мен айналып келгенше Күн сен балаларға шуағыңды шаша тұр
(бұлт шығып кетеді)
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен ,
Бұтағынан үзілді
Ай жапырақ -сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қош келдің Күн! Өзің келіп шуағын шашып, бойымыз бір жылынып қалды. Ал, балалар қанекей бойларыңды жылындырып, ортаға өнерлеріңді көрсете қойыңдар!
Балалар тақпақтары:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді Әзиз
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі Мариям
Күз әуені төгілді
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс. Анар
Алдық өнім сыйыңды.
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қаңайын
Қуандырып біздерді Ерхан
Өлкемізге күз келді
Жемісті мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін Жангир
Жомарт екен күз деген
Күн: Балалар өнерлерің өрге жүзсін!
(Әуен ойналып ортаға Күз ханшайымы шығады.)
Күз ханшайымы:
Армысыздар қонақтар!
Балғын-бөбек балалар!
Алтын түске боялды,
Тау мен қырқа,дала түз
Келдім міне ортаңа,
Менің атым Алтын күз.
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Келіңдер той тойлайық,
Би билейік ойнайық!
Би: «Саңырауқұлақтар»
Тақпақтар:
Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан алуан жапырақ Көзайым
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап, Алдияр
Алақанды соғып қой.
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып Мансур
Күзгі суық басталды
Жеміс-жидек пісті
Қамбаға астық түсті
Қызу жұмыс басталып Бану
Жинап алды жан салып
Күз келгенде балалар
Жаңбыр жауар себелеп
Қанаттары су болып Рақым
Тығылады көбелек
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз Жанарыс
Кемелденсін халқымыз
Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз.
Ән: «Күзгі әуен » (тырс-тырс-тырс)
Күз ханшайымы:
Жарайсыңдар балалар! Өнерлерің тамаша екен. Мен риза болып тұрмын.
Жүргізуші:
Рахмет Күз ханшайымы! Біздің балалар шеттерінен өнерлі.
Сізге бір сұрағым бар еді.
Осы сізді «Жылауық күз»-деп те атайды. Осының себебін түсіндіріп бересіз бе?
Күз ханшайымы:
Күзде жаңбыр көп жауады, күн күркірейді. Бозғылт тұман басады. Адамдар жаурап, тоңып жүреді. Міне себебі, содан болар.
Келер жылы жер құнарлы, дымқыл болса астық бітік, бау-бақша өнімдері мол шығады. Мейлі мені «Жылауық күз»-деп айтса айта берсін. Халыққа пайдам да тиеді. Соны біліп жүрсеңдер болды.
Жүргізуші:
-Міне, балалар көрдіңдер ме? Күз мезгілінің адамзатқа берер пайдасы зор екен. Естеріңде сақтап жүріңдер!
Мың алғыс сізге « Күз ханшайымы!» Мен сұрағыма толық жауап таптым.
Жаңбыр-жаңбыр жауа бер,
Қорықпаймыз біз сенен.
Қолымызда қолшатыр.
Кел, билеші бізбенен.
Би: «Қолшатырлар»
Ойын: «Көңілді галоштар»
Жүргізуші: Күз Ханшайымы сізді неге «Жемісті күз» деп атайды?
Осының себебін түсіндіріп бересіз бе?
Күз ханшайымы: Күзде көк-өніс,жеміс-жидектердің бәрі пісіп бау-
бақшадан жинап алады. Міне жемісті күз деп
аталуының себебі осында.
(Әуен ойналып, ортаға Бағбаншы шығады.)
Бағбаншы атай: Мен елдерді аралап, келемін. Жалғыз емеспін, қасымда күздің сыйы: жемістер мен көкөністер бар.
Балалар тақпақтары: (көкөністер мен жемістер туралы)
Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін Ақниет
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын Сұлтан
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан бірақ сақтаймын
Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме Амина
Ісіп кетер маңдайым
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе Даяна
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Менің атым шабдалы
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен-қызанақ Фариза
Күнге қарап ұялып
Ойын: «Дәмін ажырат»
Ән: «Күз келді »
Күз ханшайымы:
Ал, балалар және қонақтар! Күздің берері осы.
Соңғы шуақ төгіліп,
Салқынданып бұл аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр жайнап.
Балалар күз мезгілінде табиғатты үнемі тамашалап жүріңдер, жарай ма?
Ал, біздің күй сыйын таратар басқа да жерлеріміз бар. Сау саламатта болыңыздар!
(Күз ханшайымы, Бағбаншы атай қоштасып шығып кетеді.)
Жүргізуші:
Ақтарады мырза күз,
Тамсандырған жемісін.
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін!
Ән: «Күз келді »
Марапаттау,құттықтаулар
-
11